Өлең, жыр, ақындар

Түлік туралы сабақ

Сабақтың тақырыбы: Түлік туралы сабақ.

Сабақтың мақсаты:                                                                                        

Білімділігі: өлең мазмұнын дұрыс түсініп оқу, меңгеру арқылы төрт түліктің түрлері мен атауларын енгізу.   

Дамытушылығы:   халықтық педагогика элементтерін пайдаланып оқушылардың өз ойын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, шығармашылық ізденісін, танымдық қабілеттерін арттыруға дағдыландыру.

Тәрбиелігі: төрт түлікті қадірлеп, қастерлей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі:  жаңа сабақ.

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау,  ой қозғау,топпен  жұмыс, түсіндіру.

 Көрнекілігі:Слайдтар, оқулық, төрт түлік суреттер, мақал –мәтелдер, топтастыру, суреттер.

Пәнаралық байланы: музыка, дүниетану, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткенді пысықтау   

Бесік жыры өлеңін жатқа айтқызу

Анасы баласын қалай жұбатады?

Өлең неліктен «бесік жыры» деп аталады?

Балалар қандай сөзге түсінбей қалды?

Бесіктің қандай пайдасы бар?
 

Жаңа сабақ

Тіршілікке нәр берген,
Өміріне сән берген.
Түйе, сиыр, жылқы, қой,
Қасиетті төрт түлік
Қастерлеп оны қазағым,
«Мал жаның аман болсын!» деп,
Айтқан сөзі ат мініп.
 

Мағынаны тану

Мейірімді жүрекпен (жүректерін ұстайды)
Ақ пейілді тілекпен (қолдарын көкке көтереді)
Амандасып алайық (бір - бірінің қолдарын ұстайды)
Бір жадырап қалайық (бір - біріне қарап күлімдейді)
Еңбек етіп ерінбей,
Жақсы баға алайық! (бас бармақтарын көрсетеді)

Шаттық шеңбері:

Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз.

Бастауыш  шақ үйінің,

Жайнап тұрған гүліміз.

Сәлеметсіздер ме қонақтар,

Қош келдіңіз, бәріңіз.

Оқушылар алдыңғы сабақта өткізілген есімдікті қайталай отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып, мақсатын қояды.

 Сөзжұмбақ

1.Жылқы төлінің атауларының бірі.                          

2.Жыл атауынан құр қалған жануар.           

3.Ешкі төлі.

4.Сиыр сүтінен жасалатын тағам

5.Қойдың күзем жүнінен жасалатын зат.

    Қандай сөз шықты? (Түлік)

Бүгінгі жиырма жетінші сәуір күні өтетін сабағымыз «Түлік туралы сабақ»

ТӨРТ ТҮЛІК Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған. Қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден зерттеп білген. Малдың еті, сүті, жүні, терісі, мүйізі, сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған. Мінсе - көлігі, тұтынса бұйымы да осы мал болған. Кең даланы еркін шарлап, көшіп - қонған халқымыздың тұрмыс - тіршілігі төрт түлікпен байланысты. «Малым - жаным садағасы, жаным - арымның садағасы» деген ата - бабаларымыз. Қазақстан жері мал өсіруге аса қолайлы. Біздің жерімізді малсыз елестету мүмкін емес

Топқа бөлу:сурет арқылы

І топ – «Қошақандар» Ұраны: Қошақанбыз момақан, жарысқан бүгін жол асқан.

Джаутургаева  Мадина, Жақсылықова Гүлім, Жолдасбекұлы Дастан, Лесбек Ардақ, Сағымбекұлы Ұласбек.

ІІ топ – «Құлыншақтар»  Ұраны:  Құлыншақтар тобы біз, әрқашанда жүйрікпіз.

Жұмабай Нұрдаулет, Аман Нұрай, Айдар Мөлдір, Белхожаев Мухамед.

Енді балалар топпен жұмыс жасаймыз. 1 - тапсырма
Балалар, қазір мен екі топқа тапсырма беремін.
1 - топ: бұзауқан, ботақан, қошақан, құлыншақ туралы не айта аласындар. Олар қандай жануарлар.

2 - топ: Балалар, малдың иесі, пірі деген сөздер қандай ой туғызады? Бұл сөздер туралы қандай ой қозғай аласыңдар.

Қай топ дайын? 1 - топтан кім сөйлейді?(Ауызша, жазбаша)
Балалар, жақсы ой, тамаша пікірлеріңмен бөлістіңдер. Мен сендерге ризамын, жарайсыңдар?

Оқулықпен жұмыс: 2 – тапсырма

Ал енді, оқулықтарыңды ашып, 1 - топ «Торы құлын» өлеңін, 2 - топ «Сиыр» өлеңін іштей оқып шығыңдар. Балалар сендерге түсініксіз сөздер кездессе қарындашпен түртіп қойыңдар. 1 мин уақыт беріледі.
Әр топтан бір оқушы тұрып, мәнерлеп оқып берсін.
- Кәне 1 - топтан кім оқиды? Балалар, сендерге қандай түсініксіз сөздер кездесті. (Жұп - жұмыр, бұлтиып)

1 - топ: Жұп - жұмыр - тып - тығыз, тығыршықтай терісі тартылып тұр, артық ештеңесі жоқ, сымбатты, сұлу.

Бұлтиып - еркелеген бала сияқты, томпиып, бұртиып тұрған тұрысын айтады.

2 - топ, сендерге қандай түсініксіз сөздер кездесті?
(Жылтылдақ, сыртылдақ деген қандай сөздер?)

Бұл сөздердің мағынасын білетін балалар бар ма? Кәне кім біледі?
Сөздік жұмысы: жылтылдақ – ол мүйізі найзадай, жылтырап тұрғанын білдіреді.

Сыртылдақ- саны жұмырланып, толып тұрғанын айтады.

Дәптермен жұмыс:

Жұп - жұмыр - тып - тығыз, тығыршықтай терісі тартылып тұр, артық ештеңесі жоқ, сымбатты, сұлу.

Бұлтиып - еркелеген бала сияқты, томпиып, бұртиып тұрған тұрысын айтады сөздерінің мағынасын дәптерге жазып алайық.

Сергіту сәті:Ал, балалар, орнымыздан тұрып, біраз сергіп алайық.

Қазір мен екі топқа тапсырма беремін.
1 - топ сендердің тапсырмаларың тақтада құлынның мүшелері баған түрінде жазылған, сендер теңеу сөздерді тауып тұсына жазасыңдар.
Алдарыңда кесте жатыр, сол кесте бойынша жұмыс жасайсыңдар.
2 - топ ал сендердің тапсырмаларың суретке қарай отырып, сиыр малын сипаттау.
2 мин уақыт беріледі.
Ал, енді, балалар өз жауаптарыңды тақтадан тексеріңдер.
Мүйізі... (айдай иілген, найзадай)
Танауы...(көкке шүйірген )
Желіні...(тырсиып сүтке толып тұр)
Күйі...( семіз, күйлі, бүйірі шығып ыңқылдап)
Тілі...(ұзын, шөпті орып, күйзеп жеп тұр)
Түсі... (ала, қарақасқа, қызылала)
 

Салыстыр.
№ 1 асық

Қойды не үшін өсіреді? Оның адамға келтіретін пайдасың санамалап айтып бер. Қой - төрт түліктің ұсағы

№ 2 асық
Қой сүтінен қандай тағамдар жасалады? Қой жүнінен жасалатын заттарды ата.. Күзгі терісінен - тон, қысқы терісінен тұлып тігеді. Жүнінен киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою, жағымды болады.
№ 3 асық
Жылқы етінің қасиеті қандай? Жылқының адамға пайдасы туралы айтып беріңіз. Жылқы - төрт түліктің бірі. Саусаң - қымызы сусын, мінсең - көлік. Суыққа төзімді. Оның майы салқында тоңазымайды. Еті де, қымызы да ем.

Жылқының төлі  құлыншақ. Жылқы сұлы, жем жейді. Құлыншақ сүт емеді. Жылқының сүтін – қымыз деп атайды. Жылқы мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Жылқының пірі – Қамбар ата.
№ 4 асық
Төрт түліктің пірлерін ата.
Жауабы: жылқы атасы – Қамбар ата
Сиыр атасы - Зеңгі баба
Түйе атасы - Ойсыл қара
Қой атасы - Шопан ата
Ешкінің иесі - Сексек ата

№ 5 асық
Мына жұмбақтын шешуін ата.
Қорасында маңыраған,
Қозысымен жамыраған,
Қозысынан айырылса Қоймай ұзақ аңыраған.
Аппақ қою сүті бар, Ақ шағала құрты бар. - Бұл не?
(қой)
№ 6 асық

Сырдың пайдасы? 

Сиыр ірі қараға жатады. Оны көбіне - көп сүті үшін ұстайды. Сиырдың сүтінен қаймақ, май, айран, құрт, сүзбе, ірімшік дайындайды.
Сиырдың төлі бұзау. Сиыр жем, шөп жейді, су ішеді. Бұзау сүт емеді. Сиыр сауса сүт, сойса ет, терісінен киім тігеді. Сиырдың пірі – Зеңгі баба. Сиырдың сүтінен қаймақ, айран, сүзбе, құрт, май, ірімшік алынады.
№ 7 асық

Қойды қозыдан, ешкіні лақтан, сиырды бұзаудан, жылқыны құлыннан, түйені ботадан бастап айтып беру: өсу ретімен.

№8 асық

Түйе туралы әңгімеле.

Түйе – түлік басы. Түйе – көштің көлігі. Оған көбінесе жүк артады. Сүтінен шұбат, қымыран дайындайды. Жүнінен жылы киім тоқиды. Түйенің төлі бота. Түйе тікен жейді, су ішеді. Ботасы сүт емеді. Түйенің сүтін – шұбат деп атайды. Түйе мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Түйенің пірі -   Ойсылқара.

Балалар төрт түлік қалай дыбыстайды білеміз бе?
(Лақ, қозы, бота, бұзау, құлын)
Мөңіресе – бұзау
Маңыраса - қозы, лақ,
Боздаса - бота,
Кісінесе - құлын екен деп ұқ, ұлым.

Қазақ халқында төрт түлік туралы мақал – мәтелдері көп.
1. Құтты қонақ келсе,
Қой егіз табады.
Қойдың сүті - қорғасын,
Қойды соққан оңбасын.
2. Сиырлының үйі – айран.
Сиырды теппейді,
Сүтті төкпейді.
3. Жылқы - жаным, қымыз - қымыраным.
Ат - адамның қанаты.
4. Түйе атасы - нар,
Ағаш атасы - шынар.


 

Жұмбақ Ол не?
Көкке шаншып құйрығын
Шауып келді жүйрігім
Ол не жібек тұлымды?
Оқушылар: Білеміз ғой құлынды.
Менің атам бақты оны
Үстінде бар ақ тоны
Ол не төлдің бозымы?
Оқушылар: білеміз ғой қозыны
Өнері бар сан қилы
Тастан тасқа қарғиды
Ол не шұнақ құлақты?
Оқушылар: білеміз ғой лақты

Жұмбақтар шешу:
1. Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)
2. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
3. Дауысы азанда,
Жақсылығы қазанда.
(Сиыр)
4. Таптым - таптым тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға.
(Түйе)

 

VІ. Өтірік өлеңдер құрастырайық.
1. Сарымсақ, сәбіз бөлмеде
Өскенін көп ел көріпті.
Қой мен ешкі төлдерге
Тамақ жасап беріпті.
2. Қарағаштың басына
Қауын, қарбыз өсіпті.
Түйе мен сиыр қызығып,
Қыста жейміз десіпті.
3. Жануарлар бақшаға
Жеміс жеуге келіпті.
Суда өскен жүзімді,
Жылқы мен есек теріпті.
 

Тыйым сөздер.
1. Қой қырқатын қырықтықты иесіне бос қайтармайды. Жүнге орап береді.
2. Малдың алдынан бос ыдыспен шығуға болмайды.
3. Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап тіл тигізуге болмайды.
Иесі өкпелейді.
4. Жас малдың тістерін санамайды.
5. Мал қораның сыртында және ішінде ысқырмайды.
6. Түнде мал санамайды және ешкімге мал бермейді.
7. Малды біреуге сыйлағанда яки сатқанда, ноқта - жүген, бас жібі берілмейді.
8. Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Ол бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұсталады.
 

Әр бір ана өз баласын «ботам», «қозым», «қошақаным»

деп жақсы көреді.

Ал мал да өз төлдерін былай сүйеді.
Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп
Ештеңені білмейтін «момыным» – деп
Сиыр сүйеді баласын «Торпағым» деп.
Қараңғыға баспаған «қорқағым» деп.
Түйе сүйеді баласын «Тайлағым» деп
Жабу жапса жарасқан «жайнағым» деп
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп
Тасстан тасқа секірген «шұнағым» деп
Жылқы сүйеді баласын «шұбарым» - деп
Жүгіруден тарасын «құмарым» деп
- Біз өмірде күнделікті көріп жүреміз. Әр малдың дыбыстап шақырылуы бар.

 

«Адасқан төлдер» ойыны.
Төлдер: ----- Құлыншақ ------- Ботақан ---------- Бұзауқан --------- Қошақан
Пірі: ----------- Қамбар ата --------- Ойсыл қара ----- Зеңгі баба ------- Шопан ата
Қалай шақырады: - Құрау - құрау --- Көс - көс -- Әукім - әукім - Пұшайт –пұшайт
 

4-ші тапсырма: Ойын. «Сәйкестерін тап.»

Сәйкестерін тап
1 Сиыр ----- 1 Бота
2 Жылқы --- 2 Қозы
3 Түйе ------ 3 Лақ
4 Қой ------- 4 Бұзау
5 Ешкі ------ 5 Құлын

 

Өрмекші тор

- Балалар, кәне, бәріміз шаттық шеңберіне тұра қалайық. Біздің көңіліміз қай кезде көтеріледі? (сыйлық алғанда, ойнағанда, ата - анамыз еркелеткен кезде)

- Ал, ендеше балалар, бір - бірімізді еркелетіп көңілімізді көтеріп көрейікші.(Ақылдым сол, қошақаным менің, құлыншағым, томпағым сол, ботақаным, алтыным менің, ай - күнім, әдемісің өзің, жарығым, періштем, әнім - сәнім сол, құндызым, жұлдызым)

 

- Ал енді балалар, сиыр мен жылқыдан алынатын өнімдер кестесі бойынша жұмыс жасайсыңдар.

Түйежүніненістелетінбұйымдар

Түйесүтіненәзірленетінтағамдар

Түйетерісіненістелетінбұйымдар

Көрпе, тоқымакиімдер

Шұбат, қымыран

Аяқкиімдер, қайыс, таспа

 

 

 

 

 

 


 

Қорытынды:     Міне, балалар, біз бүгін төрт түлік мал туралы көптеген мағлұмат алдық, пайдасы көп екенін білдік. Бірақ оның пайдасын көру үшін, көп еңбек ету керек. Малды дұрыс күтпесе, бізге ол сүт те, ет те, жақсы тері мен жақсы жүн де бермейді. Сондықтан мал күтуде үйдегі үлкендерге қолғабыс тигізуіміз керек.

 

   1 Түлік туралы сабаққа кімдер қатысты?

2 Кім сұрақ  қойды?

3 Не жөнінде сұрады? (қойдың неше түрі бар?)

4 Марат көп сөйлегенмен қойдың түрін айта алдыма?

5 Болат тағы қандай сұрақтар қойды?

6 Болаттың  өзі  не біледі екен?

7 Ендігі сұрақ не туралы болды.

8 Ешкі, лақ, серке мен  текенің айырмасы не екен

9 Болат пен Маратқа тағы кім қосылды?

10 Ол қандай сұрақ қойды?  «Жабағы деген жүн ғой» деген Мұраттың  сөзіне келісесіндерме? Жабағы қойдың жүні одан иіріп киімдер тоқиды.

11Түйе туралы қандай талас тудыруға болады? Мойыны ұзын, шудасы жүні пайдалы.

12.  Болаттың ойынша жобалауы бойынша бұзаудан әрі, бұзаудан бері болуы керек.

VIII. Бағалау. Топ - топты бағалау, оқушы оқушыны бағалау.

IX. Үйге тапсырма: 8 – тапсырманы оқыту: Өлеңді жаттап ал. Төрт түліктің төлдерін

Осындай жомарт қазақ топырағы,
Ол қашанда дастархансыз отырады.
Қонаққа барын беріп, бәрін беріп,
Қонақтан қалғанын жеп отырады.
- дей келе, келесі сөзді ата - аналарға бергелі тұрмын. Олар өздері ұйымдастырған ұлттық тағамдар түрлерімен, жасаған бұйымдар көрмесімен таныстырады.
1. Ет тағамдары
2. Сүт тағамдары
3. Жүннен, теріден жасалған бұйымдар
4. Киіз, текемет, терме алаша
 

 

Әжелердің орындауында «ауылым» әні
Ал балалар, сендер көп нәрсені көріп, білдіңдер.
«Кештік өмірің болса, түстік мал жи», «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» деген ата - бабаларымыз, мал атауының сырын жетік біліп, кең сахараны төрт түлікке толтырған. Арамызда төрт түліктің қыр сырын біліп, төлдетіп жүрген, баласын қалай сүйсе, төрт түлікті де солай аялай білетін әжелерімізге сөз кезегін береміз.

 

 

 

Кері  байланыс.  Рефлексия  (стикерде)        БЛОБ   АҒАШЫ

Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз,нені үйрендіңіз,нені білдіңіз?

Неге қол жеткіздіңіз (тапсырмаларды орындау барысында қандай қиындықтар кездесті, қандай сезімде болдыңыз)

Нені өзгертер едіңіз? (тағы не білгіңіз келеді, топтық нәтиже мен өз үлесіңізді жақсарту үшін ұсыныстар.)  

 

Не  үйрендім?

Мен үшін қиын болды

Мен үшін қызықты болды

 

 

 

Сауалнама -1

1.    Мен бүгін білдім…

2.     Мені қызықтырды…

3.     Қиын болды…

4.     Тапсырмалар орындадым…

5.     Менің түсінгенім…

6.     Енді менің қолымнан келеді…

7.     Мен көп нәрсені түсіндім…

8.     Мен өзіме көп нәрсе түртіп алдым…

9.     Бүгін үйренгенім көп…

10.    Менің қолымнан келеді…

11.     Көп тапсырманы орындадым…

12.    Мен талпынып,тырыстым…

13.    Мені таңқалдырды…

14.   Өз өміріме ақыл-ой түрттім…

15.  Мені жігерлендірді…

 

 

 

 

 

 

Балалар, қазір біз барлығымыз бірлесіп, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы шешіп, тауып алайық.

 

1.  Кішкене ғана бойы бар,
     Айналдырып киген тоны бар.(қозы)
2.  Ер қанаты не?
3.  Қойда бар, тонда жоқ. ( Й)
4.  Төрт түліктің төресі не ?
5.  Сиыр сүтінен алынатын сусын. (айран).
6.  Ешкінің төлі. ( лақ)
7.  Сүттің түсі қандай? (ақ)
8.  Малдың төлдегендегі алғашқы сүті не деп
     аталады? (уыз)

 

Түйе жүнінен істелетін бұйымдар

Түйе сүтінен әзірленетін тағамдар

Түйе терісінен істелетін бұйымдар

Көрпе, тоқыма киімдер

Шұбат, қымыран

Аяқ киімдер, қайыс, таспа

 

 

 

 

 

 

 

Білем деме, балам,

Білмейтінің көп шығар

Бәрін білген адам,

Дүниеде жоқ шығар.

 

ІV. Жорға кезеңі: а) Поэзия минуты (төрт түлік туралы өлеңдерді мәнерлеп оқу).
ә) Мақал - мәтелдердің жалғасын табу.
1) Мал өсірсең қой өсір,...
2) Қойдың сүті қорғасын,...
3) Сиырлының үйі – айран,...
4) Нар жолында...
5) Сиырдың сүті...
6) Малды бақсаң, сиыр бақ...
7) Жылқы – малдың патшасы...
8) Ер қанаты...

 

Қойдың пайдасы
↓ -------------------- ↓ ------------------ ↓ -------------------- ↓
Еті --------------- Майы ------------ Жүні -------------- Терісі
↓ ------------------ ↓ ------------------ ↓ --------------------- ↓
Жұмсақ ------- Емдікке -------- Текемет киім ------- Былғары

 

Жаттығу жұмысы

Сиыр

- Сиыр туралы не білеміз?

- Сиырдың қандай пайдасы бар?

                   

еті           Сиырдың пайдасы          құрты

     сүті                                      майы

              қаймағы       айраны

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз