Өлең, жыр, ақындар

«Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы»

Пән: _Биология       

Оқыушы:     Матаева А.К.

Мамандық:  Мейіргер ісі

Курс:   І_

Топ:  «А»_

Күні:  08.12.2021ж.

Тақырыбы: «Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы».

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: Оқушылырдың алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау.

-жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обырдың түзілуі;

-обыралды жағдайлар мен олардың пайда болуынан туындайтын аурулар;

-онкологиялық аурулардың алдын алу жолдары;

 

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу, ұтымды жауап беруге, пандемияға байланысты арақашықтықты сақтай отыруды дағдыландыру.

 

Дамытушылық:  Оқушылардың ой- өрісін кеңейту, шығармашылық өз бетімен жұмыс істеу,  қабілеттерін арттыру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

 

Сабақ түрі: Аралас.

 

Сабақтың уақыты: 1000-1100

 

Сабаққа бөлінген уақыт: 50 минут

 

 Сабақ әдісі:  Күн шуақ әдіс ойыны; галереяға шарлау әдісі; ойлан, жұптас, бөліс тірек- сызба; білім қоржыны.

 

Пән аралық байланыс: Химия – обыр жасушаларының пайда болуына әсер ететін химикаттармен танысады. Физика – түрлі сәулелердің және зиянды түтіндердің обыр жасушасының дамуына тигізетін әсері. Дене шынықтыру – Салауатты өмір салтын ұстану

 

Сабақтың жабдықталуы:

Материалдық: Биология оқулығы, оқу жұмыс бағдарламасы, КТЖ 

Техникалық-программалық: Слайд, видеоролик, интерактивті тақта 

 

Сабақ  VІІІ кезеңнен тұрады.

Ι.   Ұйымдастыру кезеңі: ( 2 минут)

ΙΙ.  Үй тапсырмасын тексеру:  (5 минут)

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру:  (5 минут)

ІV. Әр топқа «Галереяға шарлау» әдісі арқылы тақырыпты ашу: (15 минут)

V.  Сергіту «Көңіл күй» әдісі (3 минут)

VІ. Тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс»  (15 минут)

VІІ. Рефлексия: «Білім қоржыны» (3 минут)

VІІІ. Үйге тапсырма беру:  (2 минут)

 

Пайдаланылған әдебиет:

Н.Т. Аблайханова, А.М. Калыбаева, А.М. Паримбекова, Биология, 11 сынып  – Алматы: 2019, Мектеп https://www.okulyk.kz/10-class

 

Оқушы білуі тиіс:

-жасушалардың бақылауға бағынбайтын бөлінуі нәтижесінде обрдың жаңа түзілуін;

-обыралды жағдайлар мен олардың пайда болуынан туындайтын аурулар;

-онкологиялық аурулардың алдын алу жолдарын;

 

Сабақтың өту барысы:

Ι. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

 

Оқушыларды 1-2-3 санамақ  арқылы топтастыру.

 

Бүгінгі сабақтың негізгі шартымен, топтардың атымен, кезеңдерімен таныстырып өтейін.

3 топ қатысады: І Мейіргер ісі"А".  Әр топ 8 және 9 студенттен құралған.

 

1 топ  «Денсаулық» тобының ұраны: «Денсаулық -зор байлық!»

2 топ  «Тазалық» тобының ұраны: «Тазалық - саулық негізі!»

3 топ  «Салауатты» тобының ұраны: «Салауатты - өмір салты!»

Психологиялық дайындық қалыптастыру

Сынып қалай таза ма?

Сүртілді ме тақтамыз?

Ден сау болсын десеңіз,

Тазалықты сақтаңыз.

 

Оқушылар түгел ме?

Кезекші оны біле ме?

Түгел болсақ балалар,

Бәрің маған қараңдар.

ΙΙ.  Үй тапсырмасын тексеру:  (5 минут)

Өсімдіктер мен жануарлардағы гаметогенез.

«Күн шуақ» ойыны.

Күнді  жауып тұрған бұлттардағы сұрақтарға  жауап беріп, күннің көзін ашамыз.

Әр  жауап берілген сұраққа  кері байланыс жасалынады.

 

  1. Жыныс жасушаларының барлығын не деп атайды? ( гамета)
  2. Жыныс жасушаларының түзілу процесі дегеніміз? (гаметогенез)
  3. Аталық жыныс жасушаларының түзілу процесі не деп аталад? (сперматогенез)
  4. Аналық жыныс жасушаларының түзілу процесі дегеніміз (овогенез)
  5. Мейоз процесі жүретін кезең (пісіп-жетілу кезеңі)
  6. Әрбір  сперматоциттен төрт сперматозоид жетілетін кезең (қалыптасу кезеңі)
  7. Овогенез процесінде овоциттердің дамуы (көбею, өсу, пісіп-жетілу)
  8. Партогенез  грекше мағынасы (партенос-қыз, генезис-туу)
  9. Жұмыртқа жасушасының даму процесс- (Овогенез)

 

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы және жоспарымен таныстыру:  (5 минут)

Тақырып:    Онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы.

Жоспар:

  1. Онкологиялық  жаңа түзілулер
  2. Обыралды жағдайлардың және онкологиялық жаңа түзілулердің пайда болуы

Қатерлі ісік ауруы дүниежүзі халықтары арасында соңғы кезде жиі кездесіп отыр. Осы  Қатерлі ісік ауруынан әрбір жүз мың адамның 64-і обырдан қайтыс болса, соңғы жарты жылдарда 150 ге жетіп отыр. Халықтың хал-ахуалының жақсарып, мәдениетінің өрлеуі, елімізде обыр ауруына қарсы күрестің жалпы мемлекеттік іске айналғаны обырмен ауруды кемітіп отыр. Обырдан алдын ала сақтану шаралары кең жүргізілді, ондай аурумен ауырған адамдарды ауруханаларда емдеу ісі күшейтілді. Дегенмен обыр ауруының салмағы басқа аурулармен салыстырғанда әлі де болса басым. Әрбір адамның денсаулығы өзіне байланысты. Денінің саулығы-бірінші кезекте адам өмірінің асқар шыңы. Сол биікке шығудың негізгі жолы-тек салауатты өмір салтын қалыптастыру және сақтау. Қатерлі ісіктің табиғи шығу тегі әртүрлі және адам мүшелері мен организмдерінднгі ісіктерде бірдей емес. Сондықтан да оларға әртүрлі ем қолданады. Негізгі емдеу тәсілдеріне хирургиялық, химиотерапиялық және сәулемен емдеу жолдары жатады. Бұлар аурудың өсу сатысына байланысты жүргізіледі. Қатерлі ісіктің І,ІІ сатысында тек хирургиялық ем қолданылса, ІІІ сатысында, кейде ІV сатысында кешенді ем қолданады. Нақты  айтқанда бұл ісіктер қатерсіз және қатерлі болып екіге бөлінеді. Қатерсіз ісіктерді нақты, нақты емес деп бөлуге болады.  Ал нақты обыралды аурулардың қатерлі ісікке көшу қабілеті өте жоғары келеді. 

Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан «Саламатты Қазақстан - 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасы мен Президенттің тапсырмасына сәйкес, онкологиялық жәрдемді дамыту бағдарламасы жасақталса, еліміз бойынша аталмыш дерттің саны азаятыны сөзсіз. Әр адам өз денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарауы керек. Өзін-өзі күтіп, мезгілімен дұрыс тамақтанса, әрі ішімдік ішу мен шылым шегуден аулақ жүрсе, ондай адамға аурудың қай түрі де жоламайды. Ол үшін салауатты өмір сүру салтын сақтап, спортпен айналысуы керек. Бұл жөнінде атам қазақ «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп баяғыда-ақ айтып кеткен. Қазіргі  таңда обыр ауруының алдын алу, обыр ауруына қарсы жемістердің бар екендігін  ғалымдар айтуынша белгілі болды.  (видеоролик)

 

 

ІV. Әр топқа «Галереяға шарлау» әдісі арқылы тақырыпты ашу: (15 минут)

Жаңа тақырыпты тірек-сызба, слайдтар арқылы түсіндіріліп,  видиотаспа көрсетіледі.

«Галереяға шарлау» әдісі арқылы тақырыпты ашу.

Оқушылар галереядағы суреттерге мұқият қарап сипаттау  арқылы сабақ тақырыбы ашылады.

 

  1.   2.    3.

 

 

  1. Сұрақ:   Обыр ауруларының алғашқы белгілері.

Қатерлі обыр дертінің алғашқы белгілері басқа аурулармен ұқсас болатындықтан,  науқастар әдетте уақытын өткізіп алып, дәрігерлерге кеш қаралады.  Мұның арты жақсылыққа апармайтыны да адамдардың денсаулықтарына салғырт қарайтындығынан болып отыр. Егер обыр дертін бастапқы кезінде  байқап, дәрігерге ерте қаралсаңыз, еміңіздің нәтижесі жақсы болмақ.

Қатерлі ісіктің алғашқы белгілері: жазылмай, ұзақ жүрген жаралар; несеп шығарудағы өзгеріс; ішек жұмысы бұзылуы; тері астының өзгерісі, тері құрылымы мен шырышты қабаты мен жұмсақ тіндердің өзгеруі; терінің қышуы; жұтқыншақта, ауыз қуысындағы жаралар; дауыстағы өзгеріс; ұзақ жөтел.

  1. Сұрақ:   Қатерлі ісіктің пайда болу факторлары:

- дұрыс тамақтанбау – 30-35 %;
- темекі тарту  – 30 %;
- жұқпалы аурулар – 17 %;
- алкоголь – 4 %;
- қоршаған ортаның ластануы – 2 %;
- тұқым қуалау – 2 % және т.б.

Мыс: Темекі тартудың белсенді және мәжбүрлі түрі де зиянды екенін де ұмытпаңыз. Обырдың салдарынан туындайтын өлім жағдайларының 25-30% темекіге байланысты. Тек қана темекі тарту емес, оған сондай-ақ алкогольдің қосылуынан ұйқы безі, бүйрек, асқазан, жатыр мойны, мұрын қуысты миелоидты лейкоз обыры пайда болуы ықтимал. Өлім жағдайларының көбісі орта жаста кездеседі.  

 

  1. Сұрақ:   Қатерлі дертке шалдықтыратын тағамдар

Майлы тағамдар, түрлі тағамдық қоспалар, соның ішінде тез дайындалатын тағамдар, қызыл ет санын көп мөлшерде қолдану қатерлі ісіктің дамуына -  Каприннің айтуынша, алкогольді ішу, тұрмыс жағдайын және семіздікті ішудің теріс әсері болуы мүмкін. Сарапшының айтуынша, темекі шегу онкологияның пайда болуын ісікке байланысты 30-50 есеге арттырады. Оның айтуынша, темекі тұтыну тек өкпенің қатерлі ісігінің дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ агенттік өкілі соңғы онжылдықта Ресейдегі онкологиялық науқастардың саны артты. Мәселен, 2008 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде өсім 23,7 пайызды құрады. Қазіргі уақытта Ресейде қатерлі ісігі бар 3,76 миллион адам тіркелген. 2017 жылғы мәліметке сәйкес, 100 мың тұрғынға шаққандағы ауру көрсеткіші 425 адам, ал қайтыс болғандар саны 198 адам болған.
 

V. Сергіту сәті: (3 минут)

 

 

VІ. Тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс»  (15 минут)

 

«Ментальді карта» әдісі термин сөздері постер арқылы қорғалады.

 

Терминологиялы сөздер: Карценогенез, сомалық мутациялар, ретинобластома, ретровирустар, протоонкогендер, фанкони анемиясы, қатерлі – қатерсіз ісіктер, Эпштейн – Барр вирусы, В,С, гепотит вирусы, Т жасушалы вирус

 

 

Қатерлі ісік ауруларының термин сөздері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                      

 

 

 

 

 

 

Жауаптары:

 

  1. Карценогенез - қатерлі ісік ауруының пайда болу процесі
  2. Сомалық мутациялар - адамдардың дене жасушаларында әртүрлі мутагендік факторлардың –радиация сәулелерінің, ультракүлгін сәулелерінің, химиялық заттардың әсерінен түзіледі.
  3. Ретинобластома – тұқым қуалайтын қатерлі ісік
  4. Ретровирустар - РНҚ - лы вирустар
  5. Протоонкогендер -жасушаның қалыпты гендері. Олар жасуша тіршілігінде маңызды қызмет атқарады. Протоонгегендердің саны шамамен 100 дей. Протоонгегендердің онкогендерге айналуы 2 жол арқылы жүзеге асыруы мүмкін. Бірінші онкоген өнімінің көбеюі арқылы ал екіншісі протоонгегендердің кодтаушы бірізділігі пайда болған нүктелі мутациялар.
  6. Фанкони анемиясы - Фанкоми ауруының белгілері 6—8 жаста көрінеді, бірақ кейбіреулерінде кеселдің іштен болғаньн шамалауға болады. Бүл балалардың туылғандағы салмағы аз болып, өсуі қүрдастарынан артта қалады.
  7. Қатерлі – қатерсіз ісіктер – қауіпті ауру, өйткені обыр жабысқан жасуша өте тез «көктейді» айнасындағы организмдерге жайылып кетеді, қысқа мерзімде қантамырлары арқылы тұқымын мүше-мүшеге таратып, денені уландырады.
  8. Эпштейн – Барр вирусы - Эпштейн-Барр вирусы жұқпалы мононуклеоздың ең көп тараған себебі болып табылады (халықтың «моно» деп аталатын шарты). Ол герпес вирусының отбасыларының мүшесі және адамнан адамға дене сұйықтығы, негізінен сілекей арқылы оңай таралады.
  9. В,С, гепотит вирусы – бауыр обырының ауруы
  10.  Т  жасушалы вирус – лимфа жасушаларындағы вирус обырдың көптеген түрлерін қоздырады: жатыр мойнының, қынаптың, тікішектің, терінің, қуық асты бездің, көмейдің, еркек жыныс мүшелерінің және папилломалары. Мұны папиллома вирусы дейді.

 

 

VІІ. Рефлексия: «Білім қоржыны» (3 минут)

 

 

VІІІ. Үйге тапсырма беру:  (2 минут)

 

Тапсырма:  «Эссе жазу» Онкологиялық аурулардың алдын алу жолдарын эссе жазу арқылы дәлелдейді. Бұл тапсырманы орындауда оқушыларға ізденімпаздық, жан- жақты ойлана отырып ақпаратты түсініп, өз көз қарасы тұрғысынан тұжырымдап дәлелдей алады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз