Өлең, жыр, ақындар

Қазақстан тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Тәуелсіздік ел тұғыры» атты дөңгелек үстел

Тақырыбы: Қазақстан тәуелсіздігінің 30-жылдығына  орай

«Тәуелсіздік ел тұғыры» атты дөңгелек үстел.


Мақсаты:
— Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
— Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
— Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, шарлар, түрлі жайма қағаздар.
 

Жүргізуші: 5 минут

 
Қазақстан Республикасының гимні. 5 минут

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

 

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
— Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер!

 

 

 

 

 

Кіріспе сөзі: 5 минут
1986 жылы 16 — желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.

 

 

1-      Баяндамашы: ІІ-Мейіргер ісі «А» тобының студенті Сейдулла Айгерім.

Жетекшісі: Қожабеков Ғазиз Сапарбекұлы.

15 минут

 

 

 

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің өрбуі.

 

 

 

2 - Баяндамашы: 103- Мейіргер ісі тобының студенті Абулова Тиллоқиз.

     Жетекшісі:       Анықбеков Асқарбек Қайруллаұлы.

15 минут

 

 

11.jpeg
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциясы

 

 

3 - Баяндамашы: 101- Емдеу ісі тобының студенті Алишер Бижігіт.

      Жетекшісі:   Бекназаров Айдар Құдайқұлұлы.

15 минут

 

 

                Тақырыбы: «Рухани жаңғыру-мәдени даму жолы».

 

 

Қонақтарға: 20 минут

 

Жүргізуші:

Қорытынды: 10 минут
Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі — осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі — сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ
Патриоттық ән:  Көк тудың желбірегені.

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз