«Ғажайып химия» зияткерлік сайысы
Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 0301013 «Фельдшер»
Курс: I
«Келісемін» колледж әдіскері:
Жаутикова Ғ.С. ___________
Дайындаған: «Химия» пәнінің
оқытушысы Сахова Г.С.
Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып химия» зияткерлік сайысы
Сабақтың түрі:сабақтан тыс сайыс сабақ
Мерзімі:16.04.2019ж 1100-1215
Сабақ әдістері: топтап оқыту технологиясы, ойын технологиясы, өзара белсенді оқыту технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы.
Белгіленген технологияларды іске асыру әдістері:
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың химия пәнінен алған білім деңгейін байқау және оларды тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге баулу. Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру. Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Химиядан білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.Оқушыларды адамгершілікке, эстетика мен этикаға, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: биология, физика, медицина, тарих, математика, әдебиет
Күтілетін нәтижесі:
1. Оқушылардың химия пәнінен алған білімдері толығады, теориялық білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдысы қалыптасады.
2. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейі артады, қоршаған ортаға көзқарастары қалыптасады.
3. Химия пәніне деген қызығушылықтары артады.
Уақыты: 75минут
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекі оқу құралдары: слайд, плакат, шарлар, үлестірмелі материалдар
Техникалық оқу құралдары: интерактивті тақта, проектор, лабораториялық ыдыстар, химиялық құрал-жабдықтар мен реактивтер (сутектің асқын тотығы 3%, этил спирті, калий перманганаты, жасыл бриллиант немесе зеленка, иод ерітіндісі, ас содасы, сірке қышқылы, ыдыс жуатын гель, сіріңке, желім, су, ақ мата, балауыз, аммиак).
Оқу барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқытушы: Армысыздар, құрметті ұстаздар, студенттер және қымбатты сайысқа қатысушылар!Бүгінгі біздің «Ғажайып химия» атты зияткерлік сайысқа қош келіпсіздер!Біз қазір химия ғасырындамыз. Кәдімгі қасықтан бастап, ұшақ, жер серігіне дейін химия өнімдері. Егер химиктер жанармайды өңдеп бермесе, бірде-бір ұшақ көкке көтеріліп, бірде бір кеме суда жүзе алмаған болар еді.
Адам тамақсыз, киімсіз, қажетті бұйымдарынсыз өмір сүре алмайды. Мінеки, солардың бәрін жасауға химия қатысады. Сондықтан да «Қайда қарасақ та қайда көз жіберсек те көретініміз химия ғажайыптары»деп өте орынды айтылған.
Көруге химия кешін жиылғандар,
Менделеевке құдайындай сыйынғандар.
Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйрғандар.
Бүгінгі сайыста 2 топ жарысады. Олар:
I. «Жас химиктер» тобы
II. «Менделеев ұрпақтары» тобы
|
Сайыс кезеңдері |
|
|
|
3 мин |
|
|
4 мин |
|
Кім жылдам, кім тапқыр |
6 мин |
|
|
8 мин |
|
Көрініс. Химиялық тілмен сезімін білдіру |
3 мин |
|
Ғажайып шеңбер |
2 мин |
|
|
3 мин |
|
Қызықты тәжірибелер |
14 мин |
|
Химик эрудит |
5 мин |
|
|
3 мин |
|
«Кім көп біледі» топ басшылары ойыны |
2 мин |
|
Үйге тапсырма. Химияның адам өміріндегі маңызы |
10 мин |
|
Химиялық бата беру |
2 мин |
|
|
10 мин |
I. «Сәлем сөздің анасы» топтардың таныстыруы, ұраны. 4мин
1. Жас химиктер. 2 мин
Алтындай ардақты, күмістей салмақты қарсыластар. Бүгінгі кеште өздеріңізді суда жүзген балықтай жақсы сезініңіздер. Көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын, темірдей қатты, болаттай мықты денсаулық тілейміз. Көмірдей қара көздеріңізбен, алмаздай өткір сөздеріңізбен жан жадыратып, өнер ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер.
2. Менделеев ұрпақтары. 2 мин
«Менделеев ұрпақтары» зерекпіз
Химияның жанашыры, ерікпіз.
Білім алып, ең данышпан ұстаздан
«Химия – адамның жан жолдасы» демекпіз.
Химия пәнін оқып жүрміз сүйсіне
Экология жағдайына күрсіне.
Ұрпағы біз Менделеев атаның
Жеңіс тілеп үлкенге де кішіге.
Оқытушы: Адамнан ғылым айла асырмаған
Құпиясын құлыптап жасырмаған
Кел, бәріміз ғылымның тілін зерттеп
Бір жұмбағын ашайық ашылмаған –дей келе бірінші кезеңдібастайық.
ІI. «Кім жылдам, кім тапқыр». 6 мин
Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды.Қатысушы дұрыс жауап берген жағдайда бір ұпай иеленеді.Жауап қолды көтеру арқылы беріледі.Жауапқа үш секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
I топ.3мин
1. Ақуызды ең алғаш кім және қай жылы ашты? (1745ж Беккори)
2. 5% спирттегі ерітіндісі қан тоқтатуға қолданылады (иод)
3. Қай элементтің таңбасы айдаһар белгісіне ұқсайды? (S)
4. Ең жеңіл металл (литий)
5. Спирттер радикал табиғатына байланысты неше топқа бөлінеді және ата.
(үшке, қаныққан, қанықпаған және ароматты)
6. Адам ағзасының 60-65% құрайтын сұйық зат (су)
7. Күнделікті тұрмыста пайдаланылатын марганцовканың химиялық атауы (калий перманганаты)
8. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды. (Фтор)
9. Аммиактың судағы ерітіндісі немесе адам есінен танғанда қолданылатын спирт? (мүсәтір спирті)
10. Гендік инжинерия дегеніміз не? (Бір типтегі организмнен алынған генді екінші типтегі организмге енгізуді айтамыз)
II топ. 3мин
1. Сірке қышқылының формуласы(СH3COOH)
2. Сұйық металл немесе термометрде кездесетін элемент(сынап)
3.Бұл заттың 0,9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады, адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады (натрий хлориді)
4. Сахарозаның изомерлеріне жатады. (лактоза және мальтоза)
5. Карбон қышқылдары дегеніміз не? (Молекуласы бір немесе бірнеше сутегі атомының орнын карбоксил тобы алмасқан органикалық қосылыстарды айтамыз)
6. Адам тәулігіне қанша май қабылдау қажет (50-70г)
7. Биогенді элементтерді анықтаған ғалымдар. (Вернадский және оның шәкірті Фесенков)
8. Ақуыздың құрамы қандай элементтерден тұрады? (көміртек, оттегі, азот, сутек)
9. Крахмалдың физикалық қасиеті (ақ түсті ұнтақ зат, салқын суда ерімейді, ыстық суда ісініп клейстер түзеді)
10. РНҚ мен ДНҚ атқаратын қызметі (РНҚ: ақпараттық, тасымалдаушы, рибосомдық. ДНҚ: организмде тұқым қуалаушылықты сақтап, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді).
III. «Полиглот». 8 мин
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
10 ұпай, шәкірт саған несібе.
Қатысушылар берілген жұмбақтышешу арқылы жасырынған сөзді тауып, орыс, ағылшын тіліне аударады. (әр айтылған сөзге 10 ұпай)
Iтоп:
1.Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.
(Оттегі - Кислород - Оxygenum)
2. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде, Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.
(Су- Вода - Water)
3. Өзі ауыр металға жатады, Емшілер қорықтық құюға жаратады.
(Қорғасын - Свинец - Plumbum)
4.Алтын ....... тас екен. Арпа бидай ас екен.
(Күміс - Серебро - Argentum)
IIтоп:
1.Бірінші бөлігім көп емес, екінші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай элементпін? (Азот- Азот - Nitrogenium)
2. Бірінші бөлігім тасқын су, екінші бөлігім мал құлағына салынатын белгі.
(Селен – Селен - Selenium)
3.Ең жеңіл элемент болып саналады
Периодтық жүйе осыдан бастау алады (Сутегі - Водород - Hydrogenium)
4. Ардақтымын жасыңа да кәріңе,
Дүниенің менімен көркі, әріде,
Толықсыған толған айдай жарықпын,
Өнімнің барлық баға, нарықтың. (Алтын – Золото - Aurum)
IV. Химиялық тілмен сезімін білдіру. 3 мин
Жаным сутегі өзіңе!!!
Жаным сутегі, өмірде өзіңмен кездесіп реакцияға түсемін деп ойламаппын. Сен жайлы естігеннен бастап концентрлі «күкірт қышқылын» құйып кеткендей жүрегім күйіп жанды.
Мен өзіңмен қосылып, «Н2О» дейтін жанұя құрғым келеді. Алла бұйыртса бір ұл, бір қызымыз болады. Ұлымыздың атын «Гидроксил», ал қызымыз «Н Протония» «Акваевтар» отбасы боламыз. Үйіміздің есігі жұрттардың есігіндей емес, «Тяга» арқылы сыртқа, «Вентиляция» арқылы ішке кіретін боламыз. Көш жүре түзеледі дегендей, мен және сен екеуміз әр жазғы демалыста «Дистиляция» санаториясында ем қабылдап, организмімізді реттеп отырамыз. «Лаборатория» паркінде өзіңді кездестіргелі бері «NО» газы ұқсап аспанда шарлап жүремін. Өзің ғана катализаторымсың. Сенің Ромеоң Оттегі!!!
V. Ғажайып шеңбер. 2 мин
Тіршіліктің көзі болған жерінде
Химиялық элементтер елінде.
Жиын болды бас қосқан
Менделеев кестесінің төрінде –
деп сайысымыздың келесі кезеңі «Ғажайып шеңбер». 2 минут ішінде мына шеңберде берілген әріптерді пайдалана отырып, химиялық элементтер аттарын құрастыру қажет. Әрбір дұрыс тапқан элементке 1 ұпай беріледі.
|
т |
б |
ь |
і |
а |
г |
в |
й |
қ |
ө |
ы |
ү |
п |
м |
ғ |
и |
л |
е |
д |
и |
о |
қ |
а |
х |
ф |
ц |
з |
н |
с |
р |
Жауаптары: азот, бериллий, оттегі, фосфор, хлор, магний, йод, бор, фтор, бром, темір, күкірт, мыс, барий, алтын, күміс, литий, неон, радон, марганец, кремний, цезий, осмий, сынап, қорғасын, селен, кальций, радий, лантан, гелий.
VI. Тренинг. 3 мин
1. «Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… өкшемен… арқамен.
2. «Жағымды сөздер» жаттығуы
Мақсаты: Өзін - өзі одан әрі ашу, өзін - өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез-келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін тыңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.
VII. Қызықты тәжірибелер. 14 мин
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия
Жаңалап бірі жаралған. Енді бір сәт химия ғылымының қыры мен сырын білсем деген құштарлығы артқандар үшін «Химия ғажайыптарына» назар аударсақ.
Топтардың тәжірибелерді көрсетіп, құпияларының сырын ашып түсіндіруі.
«Жас химиктер» тобының тәжірибесі. 7 мин
1.Сіріңкесіз от жағу
Қажетті заттар: стакан, сутектің асқын тотығы, калий перманганаты, сіріңке.
Жүргізілуі: Стакандағы сутектің асқын тотығына аз мөлшерде калий перманганатын саламыз. Сіріңкені жағып, сосын өшіріп стаканға салса, сіріңке өздігінен қайта жанады. Бұл ыдыста оттегінің бар екенін және оттегі жануды қолдайтынын білдіреді.
2.СО2 көмірқышқыл газының қасиетін анықтау
Қажетті заттар: ас содасы, сірке қышқылы, балауыз, сіріңке.
3.Киімдегі дақты кетіру
Қажетті заттар:ақ мата, жасыл бриллиант ерітіндісі, иод ерітіндісі, сутектің асқын тотығы, аммиак ерітіндісі, мақта.
Жүргізілуі: Ақ матаға жасыл бриллиант және иод ерітінділерін тамызамыз. Үстіне азырақ сутектің асқын тотығын құямыз. Содан кейін аммиакқа батырылған мақтамен сүртеміз. Нәтижесінде дақ жоғалады.
«Менделеев ұрпақтары» тобының тәжірибелері. 7 мин
1.Әк суының фенолфталеин индикаторымен әрекеттесуі
Қажетті заттар: әк суы, фенолфталеин индикаторы, су, стакан.
Жүргізілуі: 2 стакан алып, біріншісіне кәдімгі суға әк суын құямыз. Ал екіншісіне әк суға фенолфталеин тамызамыз. Бірінші стаканда еш өзгеріс байқалмайды. Ал екіншісінде ерітінді таңқурай түске боялады. Бұл негіздік ортада қышқылдар таңқурай түс көрсететінін білдіреді.
2.Жанатын қант
Қажетті заттар: шақпақ қант, күл, сіріңке, пинцет.
Жүргізілуі: Шақпақ қантты күлге аунатамыз. Сосын пинцетпен қантты ұстап, сіріңкемен жағамыз. Нәтижесінде қант жанады.
3.Жанбайтын орамал
Қажетті заттар: орамал, желім немесе клей, су, спирт, қысқыш, сіріңке.
Жүргізілуі: стаканға су құйып, үстіне азырақ желім құйып, орамалды салып аламыз. Сосын орамалды спиртке батырып, қысқышпен ұстап тұрып сіріңкемен жағамыз. Нәтижесінде орамал жанбайды.
4.Жасанды көбік
Қажетті заттар: колба, су, калий перманганаты, ыдыс жуатын гель, сутектің асқын тотығы.
Жүргізілуі: Колбадағы суға үстіне аз мөлшерде калий перманганатын құйып араластырамыз. Оған ыдыс жуатын гельді қосамыз. Үстіне сутектің асқын тотығын құйғанда, көбік пайда болады.
VIII. Химик эрудит. 5 мин
Білмейтінін білем деп олжа қуар,
Кейбіреудің әр заттан болжамы бар.
Химияны болжаммен ұға алмайсың,
Формуланың оң жағы, сол жағы бар,-дей келе келесі сайысқа да кезек келген сияқты.
I топ
Н2 + Br2 =...
Al2O3 + НCl =...
2,2 диэтил, 4,5,6 трибутил октаналь
II топ
NaNO3+ Н2SO4 =...
FeCl3 + NaOH =
3,4 дипропил, 4,5,5 триметил гексаналь
Жауаптары:
Н2 + Br2 = 2НBr
Al2O3 + 6НCl = 2AlCl3 + 3Н2O
2,2 диэтил, 4,5,6 трибутил октаналь
II топ
2NaNO3 + Н2SO4 = Na2SO4 + 2НNO3
FeCl3 + 3NaOH = Fe(OH)3↓ + 3NaCl
3,4 дипропил, 4,5,5 триметил гексаналь
IX.Мақал-мәтелдер сайысы. 3 мин
Қатысушылар химиялық элементтер туралы қызықты мақал-мәтелдерді өз бетімен ізденіп жинақтаған. Химиялық элементтерге байланысты мақал-мәтелдер.
1. Ескі мата бөз болмас,
Екі темір біз болмас.
2. Арпа бидай ас екен,
Алтын – күміс тас екен.
3. Пәлен жерде алтын бар
Барсаң мыста жоқ.
4. Ақыл арымас,
Алтын шірімес.
5. Батыр майданда шынығады,
Болат қайнаудан шынығады.
6. Жалтырағанның бәрі – алтын емес.
7. Ас сөз алтын, көп сөз көз көмір.
8. Ел іші алтын бесік.
9. Темірді қызғанда соқ.
10. Алтын тозбайтын тон,
Білім таусылмайтын кен.
11. Су ішкен құдығына түкірме.
12. Сабыр түбі сары - алтын.
13. Отын олжа,
Су қорлық.
14. Сырдың суы шырағымнан келмейді,
Сыраңа сырдың суы да жетпейді.
15. Елді қу бұзады,
Сүтті су бұзады.
16. Балық жаны – суда.
17. Саяз су сарқырап ағады.
18. Су сүреңін табады.
X. Топ басшылар сайысы. 2 мин
Екі топ басшысына 1 минут ішінде Мұнарға «М» және Гүлданаға «Г» әрпінен тұратын 7 химиялық сөздерді айту тапсырылады.
Мысалы: М: мономер, моносахарид, метан, мыс, молибден, металл, май.
Г: газ, гелий, галоген, глюкоза, галактоза, германий, ген.
XI. Үйге тапсырма. 10 мин
«Химияның адам өміріндегі маңызы» тақырыбында зерттеу жұмыстарын қорғау.
XII. Химиялық бата беру. 2 мин
Ал, халайық, жая ғой,
Ақ батамды ала ғой.
Жаратқан Алла сіздерге
Оксидтердің жылуын берсін,
Қышқылдың жан-жақтылығын берсін,
Негіздің күштілігін берсін,
Тұздың құдіретін берсін,
Ас тұзындай ақ, судай пәк болыңыздар!
Бейорганикалық қосылыстардың қасиеттерін беріп,
Ақылды ұл-қыз болып, өсулеріңді,
Құдай қолдасын!
Әумин!
XIII. Қорытынды. 10 мин
Менделеев белгілі ірі тұлға,
Ерен ойлы, малынған асыл нұрға.
Еліктеумен ізденіп мен де келем,
Бойым балқып жай табам, нұр мен сырға -деп бүгінгі кешіміздің қорытындысын сарапшыларға сөз берелік. Кеш қорытындысы айтылып, соңынан жеңімпаздар марапатталады, сыйлықтар таратылады.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі