Өлең, жыр, ақындар

Алюминий және оның қосылыстары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ тақырыбы:

Алюминий және оның қосылыстары

 

 

 

Мамандығы:  0302000 - «Мейіргер ісі»

Біліктілігі:  0302043 - «Жалпы практика мейіргері»

Курс: I

 

 

 

 

 

«Келісемін» колледж әдіскері:

Жаутикова Ғ.С. ___________

 

                   Дайындаған: «Химия» пәнінің

                   оқытушысы Сахова Г.С.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

13 (III) топ   элементтері және олардың қосылыстары

Колледж: «Жетісай жоғары медицина колледжі» ШЖҚ МКК

Күні: 03.10.2020

Оқытушының аты-жөні: Сахова Гульзира

Тобы: I Мейіргер ісі «А»

Қатысқандар: 25

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

 

13 (ІІІ)-топ металдары. Алюминий және оның қосылыстары.

№ 7 көрсетілім «Алюминий мен оның құймалары».

№ 9 зертханалық  тәжірибе

«Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.1.5-атом құрылысы негізінде алюминийдің  қасиеттерін түсіндіру, оның маңызды қосылыстары мен құймаларынның қолдану аймағын атау

9.2.1.6-алюминий, оның оксиді мен гидроксидінің екідайлы  қасиеттерін зерттеу

Сабақтың мақсаты

 

  • Алюминийдің периодтық жүйедегі орны бойынша атом құрылысын, валенттілігін, тотығу дәрежесін, маңызды қосылыстарын, табиғаттағы алюминийдің маңызы қосылыстары туралы айтып беру;

Алюминийдің химиялық қасиеттері, алюмотермия әдісі арқылы металдар алауға есептер шығару;

Алюминийдің басқа металдардан ерекшелігіне тоқталып, екідайлы қасиеттерін зертханалық жұмыстар арқылы дәлелдеп, қорытындылау;

Бағалау критерийі

  • минийді атом құрылысы тұрғысынан қасиеттерін біледі, табиғаттағы маңызды қосылыстары және алюминийді алудың жолдарын баяндайды

Алюминий, оксиді және гидроксидінің екідайлы қасиеттерін зертханалық жұмыс арқылы зерттеулер жүргізіп, қорытынды жасайды.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар периоттық жүйеге қарап алюминийдің атом құрылысын сипаттайды.

Алюминий – екідайлы металл

Алюминийді алюминий оксидін …….. алады

Боксит, екідайлылық, алюминаттар, корунд, нефелин, натрий алюминаты

Құндылықтарға

баулу

 

 

Қазақстанда орналасқан алюминий кен орындары, алюминий зауыты туралы айтылғанда «Мәңгілік Ел» идеясын іске асырудың «Индустрияландыру және инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығы іске асырылады. Оқу мақсатына сай тақырыпты меңгеру барысында өмір бойы білім алу үрдісі жүргізіледі.

Пәнаралық байланыс

География, жаратылыстану, биология, қазақ әдебиеті, математика

Алдыңғы білім

Металдар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу

түрлері

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

1.Ұйымдастыру

М: Бүгінгі күнге сәттілік тілей отырып, сабағымыз «Айтарым бар...» бағдарламасы ретінде өткізіледі. Бағдарламамызға қатысатын мамандармен танысайық

 

С. Топқа біріктіру: «Пазл» әдісі арқылы

М. Оқушылар сіздерді кәсіби дағдыларыңызға  қарай топтарға біріктіремін:

Металлургтер (ақ  парақта боксит минералының суреті, парақ артында металлург сөзі бар)

Физиктер (сары парақата алюминий сымының суреті, парақ артында физиктер сөзі бар)

Химиктер (жасыл парақта алюминий жану реакциясының теңдеуі, парақ артында химиктер сөзі)

Технологтар (қызыл парақта алюминийоксиді мен гидроксиді формуласы, артында технолог сөзі )

Бағдарламамызды бастамас бұрын мына бір өлең жолдарын келтіргім келеді

С . Ширату жаттығуы:

«Жасырын зат» өлең жолдарында жасырын тұрған элементті анықтайды

 «Қанатты метал» өлеңі

Болмасам да айтарлықтай салмағым,                          

Мен көбіңмен ардақтымын, алдамын,

Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап

Жердің жүзін, көк аспанды шарладым,

Дюралюминий дейтін менің қоспамды,

Әспеттейді химияның достары.

Осыларға төсек, үстел, ыдыс пен,

Бағандардың бұйндаларын қос тағы.

Қағаз да мен қант-шайды сәндеген,

Тоққа балқып, келіп тұрған ән де мен.

 

М. Бұл өлең жолдарында қай металл туралы айтылған?

О. Болжамды жауап: алюминий металы туралы айтылған

Бұл металл туралы сіздер қандай мәліметтер келтіре аласыздар?

О. Болжамды жауап: алюминий сұр түсті, балқиды, жеңіл металл. Күнделікті өмірде одан жасалған ыдыс аяқтар, құрал-жабдықтар, техника құралдарын көріп жүрміз. Электр тоғын жүріп жатырған сымдарда қолданылады.

Сіз үшін бүгінгі бағдарламамызда осы металл туралы қандай құнды жәйттар келтірілуі мүмкін?

О. Болжамды жауап: Алюминий металының ашылу тарихы, табиғатта таралған қосылыстары, алюминийді қалай алады, химиялық қасиеттері, алюминийдің қосылыстары туралы айтуы мүмкін. Алюминий екідайлы металл деп айтып жүрміз. Осыған нақты зерттеулер жүргізіліп, дәлелденсе... Екідайлылық  ұғымын түсініп алсақ...

М. Олай болса бүгінгі бағдарламамызға «Ертеде алтыннан қымбат болған алюминийдің қазіргі маңызы» төңірегінде айтарымыз бар деп түрлі сала мамандары келіп отыр.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Алюминий және оның қосылыстары». Бағдарламамызға келген мамандардың білімі арқылы алюминийдің қасиеттерін түсініп, екідайлы қасиеттеріне зерттеулер жүргізу арқылы дәлелдер келтіретін боламыз.

Металлургтер

 

 

Химиктер

 

    

 

Физиктер

 

 

 

Технологтар

Сабақтың ортасы

 

Бағдарламамызға келген қонақтар тақырып төңірегінде әңгіме өрбіту үшін дайындалуға уақыт берейік

Т. «Төрт сөйлем - пікір, дәлел, мысал, қорытынды» әдісі бойынша оқушылар берілген ресурстардағы мәтіндермен танысып, топта талқылайды. Топ оқушылары міндеттерін бөліседі.

1 топ: Минерологтар (Алюминийдің табиғатта кездесуі, алынуы)

2 топ:  Физиктер (алюминийдің атом құрылысы, физикалық қасиеттері)

3 топ: Химиктер (Алюминийдің химиялық қасиеттері)

4 топ: Технологтар (алюминийдің маңызды қосылыстары)

М. Мамандар тақырып төңірегінде ойларыңызды жинақтап пікір, дәлел, мысал келтіріп, қорытындыңызды ортаға салсаңыздар:

Металургтерге сұрақ: Табиғатта алюминий неге таза күйінде кездеспейді? Қазастанда алюминийдің кендерінің орналасуы және алюминий зауытының қазіргі жай-күйі туралы мәліметтер келтірсеңіз?

О.  пікір, дәлел, мысал, қорытынды

Физиктерге сұрақ: Алюминийдің физикалық қасиеттері қандай сипаттарға ие?

О.  пікір, дәлел, мысал, қорытынды

Химиктер: Алюминий – екідайлы металл деген ұғымды химиялық тұрғыдан қалай ашып түсіндірер едіңіз?

О.  пікір, дәлел, мысал, қорытынды

Технологтар: Алюминийдің және маңызды қосылыстарының қолданылу саласы қандай?

О.  пікір, дәлел, мысал, қорытынды

Мамандарға берілген сұрақтар бойынша тақырып қаншалықты ашылғандығын бағалап жіберейік:

Б. Топтар бір – бірін бағалайды: «3:2:1» әдісі

  1. Есімде қалған 3 термин....
  2. Мен үшін маңызды болған 2 мәлімет .....
  3. Сізге 1 ұсыныс....

О.

  • Есімде қалған 3 термин екідайлы, алюмотермия, натрийалюминаты
  • Мен үшін маңызды болған 2 мәлімет:
  1. Қазақстанда Павлодар алюминий зауыты бар
  2. Алюминий екідайлы металл
  • Сізге 1 ұсыныс химиктер алюминийдің екідайлы қасиеттерін баяндаған кезде реакция теңдеулері арқылы мысалдар мен дәлелдер келтірілді, қосымша көрнекі материалдар арқылы бейнекөріністер көрсетілсе жақсы болар еді.

М. өз ойларын жетік айта білулерін дамытуға арналған кері байланыс сөздерін айту: «Жарайсыздар, білімдеріңді бұдан да жоғары деңгейге жеткізіңіздер», «Нақты мәліметтер келтірдіңіздер, мысалдар арқылы дәлелдеуді жетілдіру қажет», «Ғылыми тұрғыда ділелдер келтіре отырып баяндадыңыз».

Әр маман өз дәйектерін келтіре отырып, сұрақтарға жауаптарын ұсынды. Енді осы бағдарламаны көріп отырған көрермендердің сіздерге арналаған сұрақтары мен тапсырмалары бар екен. Телебағдарламаға келіп түскен видеосұрақтарға кезек береміз:

Әр топқа бейне сұрақтар беріледі (мамандарды берілген тапсырма мазмұнына қарай топтастырамыз)

1 - бейне сұрақ: Маған минералдарға атауларын сәйкес жапсырып, қораптарға салу тапсырылған болатын. Маған металлургтердің  көмегі қажет.

К. Көрсетілім: «Алюминий мен оның құймалары»

1 топ – Сәйкестендіру тесті

Формула

лар

Аты

1

Na3AlF6

Корунд

2

Al2O3

Нефелин

3

KNaAlSiO4

Альбит

4

KAlSi3O10

Криолит

5

K2O*Al2O3*6SiO2

Каолинит

6

Al2O3*2SiO2*2H2O

Дала шпаты

 

2 – бейне сұрақ:

Менің тапсырмамды орындауға технологтардың көмегі қажет. Химиялық диктант берілген, формула құруға көмектессеңіздер:

«Химиялық диктант»

Қосылыс атауы

Формуласы

Алюминий (ІІІ) оксиді

 

Алюминий (ІІІ) гидроксиді

 

Алюминий карбиді

 

Алюминий нитриді

 

Алюминий хлориді

 

Алюминий сульфаты

 

Натрий алюминаты

 

Натрий тетрогидроксо

алюминаты

 

 

 

3 – бейне сұрақ: Есепті шығаруға физиктердің  көмегі қажет. «Конверт сұрақ» әдісі арқылы тапсырма беріледі. Есептің берілген шарты төмендегідей:

Алюмотермиялық әдіспен темір алған. Массасы 20г Ғе (ІІІ) оксидімен массасы 50г алюминий әрекеттескенде қанша грамм темір шығады?

Дискрипторлар:

1. Алюмотермия әдісімен темір(ІІІ) оксидінен таза теміңр алу реакция теңдеуін құрады;

2. Есептің шартын жазып, қажетті қосылыстардың молекулалық массасын есептейді;

3. Формула бойынша артық мөлшерде берілген затты анықтайды;

4. Формула бойынша есептеулер жүргізіп, жауабын жазады.

4 - бейне сұрақ: зертханалық  тәжірибе жасап, қорытынды жасау үшін  химиктердің көмегі қажет. «Маған көрсет» әдісі арқылы. Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуін тәжірибе жасап көрсетіңіз 

1-ші сынауыққа 2мл тұз қышқылы, 2-ші сынауыққа 2 мл натрий гидроксиді ерітіндісін құйып, үстіне алюминий түйірін салыңдар. Не байқалды? Құбылысты түсіндір, қасиетіне қорытынды жаса, реакция теңдеуін құрастыр.

Дискриптор:

  1. Қауіпсіздік ережесін еске түсіреді
  2. Сынауықтарға сәйкес қышқыл және сілті ерітіндісін құяды
  3. Сынауыққа алюминий түйірін салады
  4. Құбылысты қадағалап, алюминийдің екідайлы қасиетін сипаттайды
  5. Реакция теңдеуін құрастырады, қорытындылайды

Оқулық, Қазастанның кен байлықтар картасы, Павлодар алюминий зауыты туралы мәлімет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

39 сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парақтары беріледі

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақтадан видео көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтарға тапсырмалары жазылған парақтар беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрағы бар конверт беріледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зертханалық жұмысқа қажетті құрал – жабдықтар: сынауықтар, штатив, натрий гидроксиді ерітіндісі, тұз қышқылы ерітіндісі, алюминий түйірі

 

Сабақтың соңы

 

М. Бүгінгі бағдарламамызды «Кезбе тілші» әдісі арқылы қорытындылаймыз:

Мамандар бір сөйлеммен тақырыпты түйіндесеңіз:

Мен бүгін ... білдім. (О. Мен бүгін алюминийдің екідайлы металл екенін білдім)
Маған қызықты ....болды. (О. Маған қызықты жағдай алюминийдің қышқыл мен де сілтімен де әрекеттесуі)
Маған ... қиын болды. (О. Маған алюминий гидроксидіне сілтінің артық мөлшерін қосу реакция теңдеуін келтіру қиын болды)
Мен келесі ...... тапсырмаларды орындауда қиындыққа тап болдым (О. Мен келесі есептеуді орындауда қиындыққа тап болдым)
Мен ... екенін түсіндім. (О. Алюминий табиғатта таза күйінде неге кездеспейтіндігін түсіндім)
Мен енді ... жасай аламын. (О. Мен енді алюминийдің екідайлық қасиеттеріне зерттелер жүргізе аламын)
Мен ... үйрендім. (О. Мен алюминийдің өнеркәсіпте алу жолдарын үйрендім)
Мен ... жасай алдым. (О. Мен алюминийдің табиғатта кездесетін минералдарының атауларын формуламен сәйкестендіруді жасай алдым)
Мен ... жасап көремін. (О.Мен өз бетіммен алюминийдің химиялық қасиеттеріне арналған есептеулерді шығарып көремін)
Мен ... таңқалдым. (О. Алюминий гидроксиді тұнбасының сілтінің артық мөлшерінде еріп кететініне таңқалдым)
Мен өмірде ... қолданамын. (О. Бүгінгі бағдарламаға келген мамандар алюминийді жан – жақты талдап, пайдалы ақпараттар берді. Алған білімімді өмірде қолданамын.)

М. Бүгінгі бағдарламамызға келген мамандар «Ертеде алтыннан қымбат болған алюминийдің қазіргі маңызы» төңірегінде теориялық білім беріп қана қоймай, көрсетілім, зертханалық жұмыс, тапсырмалар арқылы білімдеріңізді тереңдей түсті. Алюминий таралуы жағынан металдардың арасында бірінші орында болса, сіздерде оқуда озат, ойларың жүйрік болсын. Алюминийдей жұмсақ, алюминий оксидіндей төзімді, екідайлық қасиетіндей жан-жақты болыңыздыр.

Үйге тапсырма: «Алюминий ертеде алтынна қымбат металл болған. Неліктен?» осы сұрақ төңірегінде деректер іздестіру

Сұрақтары бар стикерлер таратылады

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 

Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған келесі тәсілдері бойынша көбірек қолдау көрсеттім.

  • Оқытудың болжалды міндетіне қарай топ құруда  кәсіби дағдыларына қарай  түрлі мамандық иелері: химик, физик, металлург, технолог  топтарына бірігіп, сәйкес дереккөздер бойынша мәтінмен жұмыс жасайды
  • Топтарға тапсырма бергенде теориялық білімді ары қарай практикамен ұштастыру мақсатында алға ілгерілеп отыратын  сәйкестендіру, химиялық диктант, есептеулер мен  зертханалық жұмыс тапсырмалары берілді;
  • Топтық жұмыста мамандарды  ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтар берілді. Мысалы: Металургтерге сұрақ: Табиғатта алюминий неге таза күйінде кездеспейді? Сәйкесінше жауап алғаннан кейін  сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында кері байланыс үнемі көрініс табады;
  • Оқушылар үнемі бағаланып отырады. Табыстылықты, жақсартуды, түзетуді қажет ететін кездерде мұғалім оқушы бағалауына кері байланыс беріп отырды.  Оқушыны оқытуға қарай жылжыту мақсатында «3:2:1» және критерийлік бағалау құралдары қолданылды.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалаудың «3:2:1» және критерийлік бағалау әдістері қолданылып, критериалды бағалау парағы беріледі. Әр топ өздерінің білімдерін бағалау шкаласы бойынша бағалайды. Оқушылармен кері байланыс орнатылып тұрады, дискриптор арқылы есептер мен зертханалық жұмыстарға балл қойылып, кері байланыс жасалады.

Алюминийдің екідайлы қасиетін дәлелдеу мақсатында зертханалық жұмыс жүргізіледі.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары:

  • Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып,ондағы қолданатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек;

Қышқылмен, сілтілермен жұмыс істегенде сақ болыңдар! Егер, байқамай қолына немесе киіміне тиіп кетсе, қолма – қол суды көбірек пайдаланып жуып жіберіңдер.

 

               

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз