Өлең, жыр, ақындар

Етік қайдан пайда болды?

Сабақтың тақырыбы: Етік қайдан пайда болды?

Меркі ауданы, №48 ОМ, Кожагулова Н.Н.

Сабақтың мақсаты:

1. Былғарыдан аяқ киім дайындаудың жолдарын сипаттап айту. Аяқ киім түрлері және оның жасалу  жолдары туралы түсінік беру.

2. Оқушының өз ізденісі мен шығармашылық қабілетінің ұшталуы арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту. Сонымен қатар ойын ашық айта білуге, өз пікірін өмірмен байланыстыра отырып, ойлана жауап бере білуге дағдыландыру.

3. Әсемдікке , тазалыққа тәрбиелеу. Аяқ   киім даярлайтын маман иелерін құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, топтық жұмыс, кубизм әдісі, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа назарларын аудару.

2. Үйге берілген тапсырманы сұрау

«Бұлар қайдан шығады?» - мәтінінің мазмұнын сұрау.

(слайдтан матаның қолдан тоқылуын және оқушылар дайындап келген мата түрін көрсету)

3. Білімдерін жан-жақты тексеру

Жұмбақтар жасыру арқылы топтастыру (киім түрлері)

Қолы бар, саусағы жоқ.

Мойны бар, басы жоқ. (Көйлек)

Бес балаға бір бешпент,

Бірге киіп, бірге  шешпек.  (Қолғап)

Денесі киізден, табаны мүйізден. (Пима мен галош)

Бір қақпадан кіріп, Екі есіктен шығады. (Шалбар)

Етпетінен жатса тоқ, Шалқасынан жатса аш. (Қалпақ)

Ішке кірсең қалады,

Тыста сені бағады. ( Аяқ киім)

Сен мына жақпен бар,

Мен  ана жақпен барайын-

Арғы бетте жолығармыз. (Белбеу)

4. Жаңа сабақ

-Апанның  тереңдігі тізеден. Бұл не?

- Етік

- Олай болса, бүгінгі өтетін жаңа   сабақтың тақырыбы «Етік қайдан пайда болды?»

Мақсаты: Аяқ киімнің  қалай жасалатыны жөнінде мәлімет алу

Оқулықпен жұмыс 141-142 бет  Мәтінді түсіндіру

Былғарының жасалу тарихына тоқталу

Тері илейтін зауытта теріден былғары шығарады.

Оны жұмсақ болуы үшін жуады, жібітеді.

Одан кейін сүргілейді, қырады, жүнін жидітетін ерітіндіге де салады.

Етік әдемі болуы үшін былғарыны бояп, сонан соң кептіреді де әдемілеп, жылтыратады.

Былғары зауыты дайын болған былғарыны аяқ киім фабрикасына жібереді.

Аяқ киім фабрикасы

  • Былғарыға етіктің эскизі сызылады.
  • Эскизді қиып, тігеді. Тігу үшін түрлі машиналар қолданылады.
    1. Бояйды.
    2. Қалыпқа тартады.
    3. Тігеді.
    4. Ұлтандайды.
    5. Бояп, әрлеп жылтыратады.
  • Әдемі, судай жаңа  етік пайда болады.

1-қатар оқушыларына былғарыны даярлау жүйелілігі бойынша тапсырма беру.

Ізденуші - мәтінді  оқиды.

Баяндаушы – мәтін мазмұнын айтады.

Дәнекер – мәтінді осы өмірмен байланыстырады.

Сөзтапқыш - мәтін мағынасындағы түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізеді.

Бейнелеуші  - оқылған мәтін бойынша сурет салады.

Мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздер -  сүргілейді, жидітетін, ерітінді. Сөзтапқыштың сөздерін толықтырып отыру.

2-қатар оқушыларына етікті тігу үшін түрлі машиналардың атқаратын қызмет түрлерін оқыту. Мұндада бес оқушыға тапсырманы ұсыну.

Сөздік жұмысына көмек көрсету  - эскиз, қалыпқа тартады, ұлтандайды.

Тұжырымдама жасату.

-Аяқ киімді тігу оңай ма?

- Аяқ киімді тігуде бір емес бірнеше адам қызмет етеді екен. Олай болса, ол кісілердің еңбегін бағалап, аяқ кимімізді таза әрі күтіп киуіміз қажет!

3-қатар оқушыларына  142-беттегі «Бұл қызық!» бөлімін «Ізденуші, баяндаушы, дәнекер, сөзтапқыш, бейнелеуші» рөлдерін бөліп оқыту.

Сөздік жұмысы – ақсүйек, сән-салтанат, Будапешт, мұражай.

Сергіту сәті

Суреттегі  Жалқаубек пен Ақылжанның етіктеріне сипаттама беріп, қимылмен көрсете білу. 

                                             Жалқаубек                           Ақылжан

Етіктің қонышы қандай?              Мыжырайған                      Түзу

Етіктің тұмсығы қандай?              Жыртылған                         Мұнтаздай

Етіктің ұлтаны қандай?                 Лас                                       Тап-таза

-Олай болса, біз кімнен үлгі алуымыз қажет?

 

«Ойлан, есіңе түсір!» шартты белгісінің тапсырмасын оқиық.

-Аяқ киім фабрикасы жоқ кезде етікті кім тікті?

-Білгілерің келсе  мына   бір ертегіні тыңдаңдар. Жауап осы ертегіде.

«Етікші мен эльфтер» (Слайдпен жұмыс)

1. Ертеде  жандүниесі таза  бір етікшінің жұмысы   жүрмей, аяқ киім  тігуге  былғарысы да қалмапты. Ол ашуланбастан қалдық былғарыларды құрап кебіс   тікпекші болады.

2. Кеш батқанда «қалғанын ертең тігермін» деп шеберханасын жауып кетіп қалады.

3. Келесі күні шеберханаға келсе, аяқталмаған кебіс  тігіліп дайын тұр екен. Ол әбден таңданады.

Көшеде өтіп бара жатқан бір   кісі  кебіске қызығып, ақшасын артығымен төлеп кебісті сатып алады. Етікші ақшаға былғары сатып әкеліп, ертеңгі тігетін кебісті  пішіп, дем алуға   кетеді.

4. «Міне, ғажап!» Ол ерте тұрып келсе сондай әдемі екі кебіс дайын тұр екен.

- Мына кебістер сатыла ма? – деген сұрақтан есін жиған етікші ойланбастан сатып алушы берген ақшаға көбірек етіп  былғары сатып алады.

Осылайша қайталана береді.Ол бірде әйелі екеуі көмек беріп жүргеннің кім екенін көруді шешеді.

5.  Олар ұйықтамай перденің артында тығылып отырады. Түннің бір уағында екі кішкентай адам пайда болды. Бұлар эльфтер еді. Олар пішулі тұрған былғарыны әп-сәтте-ақ екеулеп тігіп болып, көзден ғайып болды.

Екеуі эльфтер тіккен аяқ киімдерге қарап бірде  бір мін  таба алмады.

6. Сонда әйелі – жақсылықты жақсылықпен қайтару керек. Біз оларға киім тігіп  берейік- деп, оларға арнап киім, кебіс тігеді.

Дайын болған киімдер мен аяқ киімдерді шеберханаға қойып, былғарыларды тығып қояды.

7. Әдет бойынша, түннің   бір уағында екі эльф келді.Былғары таппаған олар әдемі киімдерді киіп көре бастайды.Би билеп, ән айтады: «Сұрасаңыз  эльфтерміз, эльфтерміз  әдемі, Енді бізге керек емес былғарының әлегі»

9. Эльфтер қайтып оралмады. Ал етікшінің  еңбегі жанып, адал еңбегінің арқасында мақсат-мұратына жеткен екен.

 -Міне, балалар бұрынғы  кезде   етікті осылай қолмен тіккен. Ал етікшіге көмек   берген эльфтер сиқыршы әрі қайырымды адамдар екен.Оларда ешқандай үлкен машина станоктары болмады. Олар кішкене қалыпқа өлшеп тартып тіккен.(Суретін көрсету)

5. Қорытынды

Цифр  таңдау арқылы   сұрақтарға жауап алу

  1. Былғары неден жасалады?
  2. Етік тігудегі алғашқы жұмыс түрін ата.
  3. Ұлтандайды дегенді қалай түсінесің?
  4. Будапешт мұражайындағы етік туралы не білесің?
  5. Ұзақ уақыт кию үшін аяқ киімді қалай күту керек?
  6. Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдің?

 6.Үйге тапсырма беру.

 «Етік қайдан пайда  болды?» - мазмұнына дайындалу

141-142 бет

7. Бағалау.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз