“Айкен-Тоғжан” бөбекжай балабақшасы
тәрбиешісі Мамасариева Айзада Пердехановна
Мақсаты:
а. Елордамыз Нұр-Сұлтан туралы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру.
ә. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын, туған елге сүйіспеншіліктерін арттыру.
б. Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, өз Отанына қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру.
Көрнекілігі:
«Астана – Қазақстан халықтарының бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны»; Шиырма, «Кешегі Ақмола – бүгінгі Нұр-Сұлтан», Суреттер, «Егемен Қазақстан» газеті.
Әдісі: Әңгіме, Сұрақ-жауап, Мәнерлеп оқу.
Түрі: Танымдық сабақ.
Өту барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
А. Балалар жазғы демалысы туралы сұрақтар.
Ә. Балалар зейінін сабаққа аудару.
2. Тәрбиеші: кіріспе сөзі.
Тәрбиеші:
Біз – Қазақстан атты байтақ елдің ұландарымыз.
Осы Қазақстан Республикасының елордасы қай қала еді?
- Әрине, Нұр-Сұлтан. Мұны бәрімізде жақсы білеміз.
Нұр-Сұлтанға биыл қанша жыл толды?
- Дұрыс. 24 жыл. Қай айда екенін кім айтады?
- Әрине. Мұны ұмытуға болмайды. Бұл біздің елбасымыздың туған күнімен тұспа - тұс келген 6 шілдеде.
«Астана - асқақ абыройымыздың айғағы», - деді елбасымыздың Н. Ә. Назарбаев Астананың 10 жылдық мерейтойындағы ашылу салтанатында.
Ардақты ағайын!
Құрметті (достар) қонақтар!
Қадірлі отандастарым!
Біз бүгін мемлекетіміздің символы, асқақ абыройымыздың айғағы болған Астанамыздың мерейлі тойына жиналып отырмыз.
Нұр-Сұлтанның 24 жылдығы – ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқының мерейлі мерекесі.
Біз ғасырлар тоғысқанда тәуелсіз жаңа мемлекет орнатып, байтақ еліміздің дәл ортасынан бас қаламыз – Нұр-Сұлтанды салдық. Бүгінде әлемдік қауымдастық үшін Қазақстан мен Нұр-Сұлтан атаулары егіз ұғымға айналып кетті. Бұл ұғым қарыштап даму мен өрісті өркендеудің өнегелі үлгісі ретінде орнықты. Біздер, қазақстандықтар, Нұр-Сұлтанды асқақтату арқылы дүние жүзінде өзімізді – келешегі кемел, әлеуеті қуатты мемлекет екенімізді таныттық.
Той құтты болсын, ағайын!
Осыдан 28 жыл бұрын, 1994 жылдық 6 шілдесінде Парламент қабылдаған шешім шын мәнінде тарихи да тағдырлы шешім болды. Бұл шешім тәуелсіздіктің алғашқы жемістері ғана емес, жас мемлекетіміздің тұңғыш жеңістерінің де бірі еді.
Осы он жылдың ішінде әлемге танылған Нұр-Сұлтан Қазақстанды да әлемге әйгілі етті. Сарыарқа төсінен бой көтерген Нұр-Сұлтан бүгінде еліміздің мақтанышына, даламыздың көркіне айналып отыр.
Қазіргі кезде Нұр-Сұлтан біздің келешегімізге қатысты маңызды шешімдер қабылдайтын мемлекетіміздің саяси орталығы ғана емес, ұлттық рухымызды ұйытып отырған рухани ордамызға да айналып отыр.
Жасампаздың істерде жасқанбай, ата-баба аманатына адалдығын танытты.
Ән: Қазақстаным.
Орындайтын. Сапар Нұрхан
... Өркениет көшіне еркін қосылған ұлт ретінде білімділікте, біліктілік те, жүректілік те көрсетті. Сын сағатта сыр бермеді халқымыз.
Сол үшін де мен ел -жұртыма ризамын, алдарыңызда иіліп тағзым етемін.
Балалардың тақпақтары:
Ақжол
Бала қиял баяғы ғажап екен
Кимелейтін киелі маза бөтен -
Көз алдымда шынылы шаһар салып
Жер жаһанда кезікпес бағалы етем...
Нұрхан
Сол қиялды өңімде көргендеймін,
Өзім жырдан жайнағып өргендеймін.
Таңғажайып бір қала келеді өсіп.
Қалайша мен лапылдап өртенбеймін.
Қарақат
Бұқар жырау жырындай әр ғимарат,
Құйылып кеп түскендей ән ғибадат.
Енді келіп Еуропа елеңдейді,
Жүрген бұрын біздерге қалғи қарап.
Раяна
Күмбездерін күн нұры сүйіп жатыр,
Көре алмаған жат дұшпан күйіп пақыр.
Ай - жұлдыздар қарап ап сіңлісіне,
Түннің сәнін үйреніп түйіп атыр.
Жансая
Бір күнінен бір күні салтанатты.
Керек қылмас көпір ме жалған атты,
Көз қуаныш сыйлады келгендерге,
Сүйсіндіре санатып сан қабаты.
Мақсат
Сән - салтанат айналам бүгіндегі,
Мақтанышым - жүректің түбіндегі!
Ұлы дала ұлағат тұтып келіп
«Астанам!»- деп ардақтап жүгінеді.
Алинұр
Елімнің алтын шаңырағы
Егінді, малды, кенді алып жазық.
Толағай толғауларды жатыр жазып
Айсыз түнде жол сілтеп адастырмас,
Астана – ел көгінде Темірқазық.
Адина
Қабыл боп ата-баба, ел тілегі,
Биіктен нұры шалқып Күн күледі.
Қан беріп халқымыздың тамырына,
Астана – соғып тұрған нұр жүрегі!
Айзере
Есілдің ақ тұмасы ағылады,
Тамшылар күміс сырға тағынады.
Кереге, уығынан кие қонған,
Астана – елдің алтын Шаңырағы!
Алпамыс
Ақ нұры аппақ Айдың ақтарылған,
Басына «Бәйтеректің» құт дарыған
Шапағат шам шырағы тарап жатыр,
Алыстан шырай шашқан оттарынан
Нұрғайша
Көк ту ұстап ұлы ғасыр көшінде,
Құйылғандай мұхит суы Есілге
Қазақ елін кең әлемге танытып,
Астана тұр Сарыарқаның төсінде.
Тәрбиеші:
Астанамыз гүлденіп, көркейе берсін! Келген әрбір қонақтарды шаттыққа бөлейтін жерлері көп болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі