Өлең, жыр, ақындар

Бастауышым-балбұлағым

№ 103 жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Турсунжанова Ляззат

Мақсаты:1.Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру.Білімге деген құмарлығын арттыру.Оқуға ,білімді болуға шақыру.

2.Бастауыш сыныбымен,білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отырып, сәт-сапар тілеу.

3.Білім ордасы-мектепті, ұстаздарын құрметтеп,еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының , Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу.

Көрнекілігі: Плакаттар,нақыл сөздер,шарлар.

 

Сабақ барысы: 3жүргізуші ортаға шығады.

Балнұр:  Қадірменді қонақтар,қымбатты ұстаздар,аяулы ата-аналар! Біз бүгін ең алғаш қалам ұстатқан ұстазымызға рахмет айтып,бастауышпен қоштасу салтанатына жиналып отырмыз.

 

Мақсат: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

 

Мадина: Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда .

Қол соғып қошеметтеп шақырайық,

4 «Ә»сыныбын ортамызға.

 

Күй ойнап оқушылар ортаға шығады.Өздерін таныстырып өтеді.

(Ортаға 7 оқушы шығады,қолдарында қағаздары бар)

 

Балнұр:Мұғалім сөзінің формуласын шешіп көрейік.

М-мейірімді, Ұ-ұлағатты, Ғ-ғазиз,А-ақылды, Л-лайықты,І-іскер,М-маман.

Мақсат:Осы қасиеттердің барлығы дерлік бойынан табыла білген,алғаш әліппені жаттатқызып,қолымызға қалам ұстатқан алғашқы ұстазымыз Ләззат апайымызды ортаға шақырайық.

 

Ләззат апай:Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Сіздер «Бастауышым-балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізге жиналып отырсыздар! Қадамдарыңыз құтты болсын!

Алдарыңызда тұрған балаларыңыз осыдан 5 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкене балдырғандар еді. Енді бойлары да,ойлары да өсіп, бастауышта білім алып, аяқтап,орта буынға өткелі отыр.Талаптарыңа нұр жаусын деп ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

Балнұр: Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Қош келіпсіз мейірбанды ұстаздар

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Мақсат: Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,

Әніменен жырына ,тыңдарманым сал құлақ

Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан,

Лаулап жансын болашағың шамшырақ

Хормен:Қош келіпсіз құрметті қонақтар.Гимн

МАҚСАТ: Ғажайып ел бар

Қазақ елі деп аталады

Мұнда ұлы ғалымдар өмір сүріп

Ізгілік пен сұлұлық билік құрады

Бұл елдегі ғажайыптарға қарасақ

Ертегіде Жүргендей боласыз

Ақыл-ой дана сөздер бар

Өнерлі де әнші қыздар

МҰҚАСАН: «Жаса қазақстан»

БИ:Қазақ биі. Орындайтын :Балнұр.

 

Ғазиза: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.

Осы сырды үйреткен 4- сыныбым

Түстей болып міне бүгін артта қалдың .

АЙДАНА:Өмірге жол бір өзіңнен бастадым.

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

БІЛІМБЕК ПЕН ЖАЛҚАУБЕК

БІЛІМБЕК: Жалқаубек біз бүгін №103 жалпы орта мектептің 4«Ә» сынып оқушылары бастауыш сыныппен қоштасқалы жатырмыз. Сен қайда жүрсің?

Сенде бір ақылыңды неге қоспайсың?

ЖАЛҚАУБЕК:А, қашан? Шынымен айтып тұрмысың?Мен бастауышпен қоштасқым келмейді.Бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап отырамын.Жоғары сыныпта 6 сабақтан 6 мұғалім береді дейді.Ол кісілердің айтқанына көне алмай кетеммін бе деп қорқамын.

БІЛІМБЕК:Бастауыш сыныпта бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап жүрсең, жоғары сыныпта 6 сабақтан 6 мұғалім  білім беріп , тәртіпке шақырғанда әрең отырмақ түгіл еріксіз қалай тәртіпті болып кеткеніңді білмей қаларсың.

ЖАЛҚАУБЕК:Мұның жақсы ақыл екен,тырысып көремін.

БІЛІМБЕК:Әй жалқаубек қой көп сөзді. Оданда бастауышта өз баласындай аялаған ұстазымызбен жақсылап қоштасып .ренжітпей ,жоғары сыныпта өз тәртібімізді , білімімізді көрсетейік.Келістік қой Жалқаубек.

ЖАЛҚАУБЕК: Келістім.

Қазақ биі . Орындайтын «Қызғалдақ» би тобы

НАЗГҮЛ:Білім деген қауыздан гүл ашылған

Оған керек таусылмайтын көп шыдам

Бар білімнің бар ілімнің атасы

Бастау алар бастауыш сатысынан.

БАЛНҰР: Бізге білім беріп жағдайымызды жақсартуға жан салып жүрген пәндер қаншама десеңші.

МАДИНА: Дұрыс айтасың ,бізге ең қажеттісі қайсы екен?

КӨРІНІС: Пәндер айтысы

БАЛНҰР: Достар,қараңдаршы апай маған мына әріптерді берді .Бұл не болды екен.

ЖАНДОС:А-дегенім аналар ғой ардақты

               Ә-дегенім әкелер ғой салмақты

МҰҚАСАН: Аррдақты ана,аяулы ана қымбаттым

Сәбиіңді әлдилеумен тіл қаттың

Ақ сүтіңмен тал бойыңа нәр бердің

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

ОЛЖАС:Әкешім тілуіңді тілеп жүрген

               Аумайсың жарығы мол ашық күннен

               Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін

               Ақылды балаларың оны білген.

МАҚСАТ:Біздің жамандығымызды жасырып , жақсылығымызды асырып жүрген ана! Қиындықта әркез сенімен бірге болатын да ана! Бұл өмірде бәріміз оған қарызбыз.

 

ӘН: «Сенің анаң алтын, менің анам алтын.»

БИ: ҚАРАЖОРҒА

 

ОЛЖАС:Кім ұғады оқушының жүрегін

                Кім ұғады оқушының тілегін

                 Ұғатын кім үйден аттап шыққан соң

                 Ұғатын ол ұстаздар деп білемін

АЙГЕРІМ: Байқалса егер жақсылық

Бойымнан бір жылт еткен

Дарыған ол ұстазымнан

Еске аламын құрметпен

ҚАЙЫРХАН:Білімнің кәусар бұлағын

Жүресің құйып санама

Біз үшін сенсің мұғалім

Ұстазда,ғалымда данада

ЭЛЬДАР: Ұстаздықты сүйіп,қалап таңдаса

Өнегесін жас ұрпаққа арнаса

НАғыз ұстаз міне осы дер едім

Қиыны мен қызығына қанбаса

ЛАУРА:Жалықпай үйреттіңз балаларды

өмірге тарту еттің даналарды

Ізгілікке жол ашып көрсетумен

Қара шашың қылаулап ағарады

ЖАНДОС: Ұстаздардың қлағатты сөзінен

Өмір бойы таусылмас нәр аламыз

Ұстаздардың мейірімді көзінен

Бізге деген жылылықты табамыз

ҒАЗИЗА:Білім құйып санамызбен зердемізге

Гүл ектіңіз адамдық кеудемізге

Тәлім менен тәрбие жемісі ғой

Көтеріліп келеміз өрге бізде

ЖАНДОС:Ұстаздық биік дархан даналығың

Арқалап асқар таудай өмір жүгін

Сөзінен жанға жылу қуат тауып

Өзіңнен алдым тәлім ,сана, білім.

СЕЙІТЖАН: Атағым Алатаудай болып биік

Тұрсада төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп

Тұрамын ұстазым деп басымды иіп

ОЛЖАС: Нұр құйып санасына зейіндінің

Дарыттың адамдықты шәкіртіңе

Нұр шашып жүректерге мейірімің

Дамыттың дарын отын бейімдінің

АЙДАНА: Мұғалім ұстазысың балалардың

Болашақ ғалымдардың даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәріде жеткізе алмас бағалардың

МҰҚАСАН: Өзіңде алғаш ұстап едім қаламды

Ұмытпассын сенде мендей балаңды

Кешірерсің тентек болсақ кезінде

Дәл осы сәт ұққандаймын бағаңды

ҚАЙЫРХАН: 4-жыл бойы білім берген мәпелеп

Анамыздай біз сыйлаймыз қастерлеп

Рахмет сізге ұстаз апай мол алғыс

Ұмытпаймыз жүремізде дәріптеп

НАЗЕРКЕ: Көрмеген артық сөйлеп артық күліп

Шәкірттерін баулыды тәртіпті ғып

Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып

ӘН:ҰСТАЗЫМ. ОРЫнДАЙТЫН БАЛНҰР

БИ:АЛТЫНЫМ

ЛАУРА:Біз барамыз артқа тастап 4 жылды

Ұмытпаймыз ұстаздарды жаны ізгі

Пана болған дара болған біз үшін

Жанымыздан артық көреміз біз сізді

НАЗГҮЛ:Байсалды мінезіңмен бірқалыпты

Менің де көкейімде із қалыпты

Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің

Ерінбей үйреттің де әр әріпті

Қоссаңдар бірді екіге үш болады

Деуші едің білімменен күш толады

Алғыр болып әдепті бол сабырлы бол

Ақылменен іс істесең іс болады

Беруші ең бізге айтып өлең тақпақ

Таласып алушыедік біздер жаттап

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап

БАЛНҰР:Қағылды міне әуенге бөлеп

Қағылды соңғы қоңырау

Қалайша 5 жыл тез өтіп кеткен

Шындықпа осы япырау!

МАҚСАТ:Расында 5 жыл 5 күндей өте шықты ғой.

Қуаныштан алаулайды реңі

Толқыпта тұр кеудедегі жүрегі

Есінде қалсын ұстазымның мәңгілік

Шәкірттердің толқып айтқан тілегі

НАЗЕРКЕ: Шыбықтай едік алтыдан жаңа асқанда

                    Бірінші сынып есігін жаңа ашқанда

ЕРСІН: «Ботам» деген сөзді ғана білуші ек

              «атан» деген сөзді әлі білмеуші ек.

ҒАЗИЗА:Апам деген сөзді ғана білуші ек

                Отан деген сөзді әлі білмеуші ек

Қайырхан: Білім бар теңіз болмайды екен мүлдем шек

                    Біз сізге қарап үйренсек дедік үйренсек

БӘРІ:АРДАҚТЫ ҰСТАЗ! РАХМЕТ СІЗГЕ РАХМЕТ!

СЕЙІТЖАН:Үлкендерді сыйлауды

                       Құнды кітап жинауды

ЖАНДОС: Адалдарды суюді

                   Тентектерді тыюды

АЙДАНА:Оқуды ауыр көрме деп

                    Ылғида алға өрле деп

                     Жақсы істерді құп ал деп

                     Досың үшін қуан деп

ОЛЖАс:Санамай жылдың күн айын

                  Баулыдыңыз ұдайы

                 Ұсындыңыз қол үшін

БӘРІ: РАХМЕТ СІЗГЕ СОЛ ҮШІН

ЭЛДАР:Ақылыңызды тыңдаған

                Шәкіттеріңіз мыңдаған

ЛАУРА: Етеді еңбек әр елде

                Жаяды атын әлемге

                 Емші атанған шәкіртте

                  Елші атанған шәкіртте

СҰЛТАН:  Кәсіпкер де мұғалім

                   Журналистте мұғалім

                   Ақын шәкірт табылар

                    Батыр шәкірт тағы бар

АЙГЕРІМ: Біз үшін қиған уақытын

                    Өлшеп көр ұстаз бақытын!

                     Кеңейткен ойдың өрісін!

БӘРІ: РАХМЕТ СІЗГЕ СОЛ ҮШІН!

НАЗГҮЛ:Ұстазымыз алғашқы

                  Ғұмыр бойы жолбасшы!

АЗАМАТ:Қалдырмаймыз сізді ұятқа

                  Сіз үйреткен ақылмен

                   Талпынамыз мұратқа!

 Мұқасан: Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін

                   Ұстаздың алып жүрген атын еркін

                    Біз сізге алуан гүл ғып ұсынамыз

                     Жүректің алғысы мен рахметін.

ӘН: ҰСТАЗЫМ ХОРМЕН
БИ КЕШІКПЕЙ КЕЛЕМ ДЕП ЕҢ.

МАҚСАТ: Достарым ,бізді болашаққа не бастайды?

-Ұстаздың көрсеткен жолы.

-Ата-ананың ақылы

-Болашаққа деген сенім.

БАЛНҰР: Достарым біз не үйрендік?

-Оқуды, жазуды, есеп шығаруды,ән айтып би билеуді, үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды

МАДИНА:Біз нені ажырата білеміз?

-Жақсылық пен жамандықты,ақ пен қараны ,адамдық пен адалдықты.

МАҚСАТ: біз кім боламыз?

-Адал азамат, ақылды ару, оқымысты ғалым, елін сүйген ер.

МАДИНА:Бүгін бізде мейрам бастауышты бітіріп жатырмыз. Бір-бірлеріңе қандай жақсы тілек тілер едіңдер?

АЙДАНА:Өмір деген сан-саналы қиыр жол

                   Адаспасаң оданда аларың мол

                    Ұстаз ана әкенің құрбының да

                      Саған достым тілейтінім тек ақ жол.

НАЗЕРКЕ:Жайнаса бал-бұл бүлдіршін

                    Бір сынып тағы өрлесін

                     Жайқалып тұрған көктемгі

                  Өмірің сенің гүл болсын!

АЙГЕРІМ:Құтты болсын достарым

                  Алға аттаған қадамың

                   Білім деп соқсын жүрегің

                    Жолыңа бестік шашамын!

СҰЛТАН: Шақырып алыс арманға

                   Асулар күтіп тұр алда

                    Өмірге ұлы самғауға

                     Жар бола көрсін бір алла!                     

-                        

ЛӘЗЗАТ АПАЙ: Әйтеуір бір лүпіл қағып жүрегім

                              Осы кешті мен бір күтіп жүр едім

                              Мамыр айы қуанышты бастаған

                               Осы жылдың үлкені деп білемін

                               Осы жылға дайындалып тым ерте

                               Көңілімде қимастықпен сан қуаныш ұялап

                               Жиналғаны алдымдағы тым ерке

                               Бірақ менің талабыма тиянақ

                               Ұлдарымды айбынды ұлан көремін

                               Қыздарымды Қыз Жібектей дер едім

                              Келер сынып қиын болар бірақта

                               Ол белесті алатындарыңа сенемін.

                              Естеріңде болсын алда бір сын бар

                               Келешекте жазылатын жырсыңдар

                               7-жылда өтер зулап сынаптай

                                Бақыттымын маған тұрса сын айтпай!-

                                Қырандарымыздың білім қуған қанаттары талмасын

                                 Тек биікке самғасын!-деп мен өз оқушыларыма биік белестерден сүрінбей өтуіне тек сәттіліктер тілеймін.

 Көңілді ән-би кешіміз осымен аяқталады.           

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз