Түркістан облысы Түлкібас ауданы
Т.Рысқұлов ауылы Абай атындағы мектеп-лицей
математика пәні мұғалімі Джаксыбекова Айнура Каныбековна
Сабақ тақырыбы: |
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» |
|
Жалпы мақсат: |
Бағалаудың түрлерін білудің маңыздылығы туралы пікірлесу, тиімді жолдарына бағыттау ,дұрыс пайдалану жолдарын үйрету.Оқыту үшін формативті бағалауды іс-тәжірибесіне енгізуге ықпал жасау; Өзін-өзі бағалауға, бірін-бірі бағалауға үйрету; |
|
Оқу нәтижесі |
Жаңа әдісті тәжірибесінде пайдалануға қадам жасауы.Бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін,өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын,түсінігін,тәртібін мұқият бақылауын түсінуі. |
|
Түйінді идеялар: |
Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау. Тренингтер мен ойын түрлерін, тапсырмаларды талқылау үшін тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс істеуіне ықпал жасау. |
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
А- 4 А-3 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары, |
|
Оқыту әдістері: |
ОүБ және оқуды бағалау АКТ Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету |
1. Диалог 2. Жеке жұмыс 4. Топтық жұмыс |
Дерек көздері: |
Әдеби материалдар, портал материалдары, газет-журналдар, интернет материалдары |
|
Тапсырмалар: |
Көбелектің суретін салу, стикер арқылы формативті бағалау, критериалды бағалау, дискрипторлар құрастырып, сыни баға беру, өзін-өзі бағалау және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия |
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
|
Топқа бөліну (5 мин) |
Топқа бөледі |
Топқа бөлінеді. Мұғалімдер түрлі-түсті шарлар таңдайды, жасыл, сары және қызыл түске 3 топқа бөлінеді. |
|
Ой қозғау (5 мин)
|
Сұрақтар: 1. Сабақта қандай бағалау түрлерін қолданасыз 2. Қалыптастырушы бағалау деген не? 3. Жиынтық бағалау деген не? 4. Кері байланыс? |
Шарды жарып ішінен шыққан сұрақтарға жауап береді. |
|
Таныстырылым 5 мин |
«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» туралы «Power point» арқылы қысқаша мәлімет беру. |
Таныстырылымды тыңдайды |
|
Үш топқа тапсырма беріледі. Мақсатым: бағалаудың түрлерімен таныстырып, оқушыларды оқыту үшін тиімділігін дәлелдеп түсіндіру. (10 мин)
|
Жеке жұмыс: Көбелектің суретін салуға тапсырма беру, суретке критерилер құру. |
Салған суреттеріне ең алдымен өздері баға береді, одан кейін бір-біріне баға береді. Ең соңында бірігіп критерилер құрастырып, критерилер арқылы бағалайды. Критерилер бойынша ең жоғары ұпай жинаған ұстаз бір сөйлеммен түйіндеу арқылы бағаланады. |
|
Топтық жұмыс (15 мин)
|
Топпен жұмыс: Әр топқа тапсырма беріледі 1-топ Бағалауға байланысты рөлдік ойын 2-топ Бағалауға байланысты постер құру 3-топ Бағалауға байланысты өлең жолдарын құрастыру |
Әр топ бірлесе отырып тапсырманы орындайды, қорғайды |
|
СМС кері байланыс (5 мин)
|
Стикерге өз көңіл-күйлерін смайлик арқылы салуды тапсырамын және сабақтан алған әсері туралы пікірін ақ параққа жазуды айтамын. |
Стикерге өз көңіл-күйлерін бейнелейді және сабақтан алған әсері туралы пікірін ақ параққа жазады. |
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі