Өлең, жыр, ақындар

Кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеті «Бауырсақ ертегісі» ашық сабақ

«Ақмола облысы білім беру басқармасының
Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы
Есіл қалалық №3 «Балбөбек» бөбекжайы» МКҚК
Дайындаған: Хамза Әйгерім Асқарбекқызы

Кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеті

«Құлыншақ» 1 жастан бастап

Күні: 18.10.2022 жыл

Тәрбиеші:  Хамза Әйгерім Асқарбекқызы

Топ: «Құлыншақ» 1 жастан бастап

Білім беру саласы: «Коммуникация» «Таным» «Шығармашылық»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, сенсорика

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісі

Мақсаты: Ертегіні көңіл қойып тыңдауға, шығармаға қызығушылық танытуға, қайталап тыңдауға үйрету. Балалардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру. Өздері білетін ертегілерінің кейіпкерлерінің атау арқылы. Тілдерін жетілдіре отырып, ертегіні кейіптендіре білуге үйрету-көмектесу, тапсырмаларды орындату, қол моторикасын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды достыққа, бірлікке баулу, ертегілерді сүюге, адамгершілікке, мейрімділікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Сөздік қорларын дамыту. 

Тәрбиелік: Өзара көмек көрсету сезімін тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Бауырсақ қасқыр, түлкі, қоян, аю.

Қостілдік (билигвальды) компонент: қоян – заяц, аю – медведь, қасқыр – волк, түлкі – лиса.

Керекті құралдар: ертегі суретер, мулляж, ермексаз, манка, сәбіз т,б.

Кіріспе бөлімі

Шаттық шеңбері:

Шеңберге тұрып бір-бірімізбен амандасайық.

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Көк аспан!

Амансың ба, Жер ана!

Амансың ба, досым менің!

Қонаққа бару бауырсаққа айналуы.

Негізгі бөлімі

Бауырсақ

Бүгін біз «Бауырсақ» ертегісін әңгімелейміз.

«Бауырсақ» ертегісін кейіпкерлерін көрсете отырып, мазмұндайды.

«Ерте, ерте, ертеде апа мен ата болыпты. Бір күні ата ападан бауырсақ пісіруін өтінеді. Апа бауырсақты пісіріп, терезенің алдына суытып қойса, бауырсақ орманға домалап қашып кетіпті. Домалап келе жатып қоянды кездестіріпті....»

Қоян сен еш мұңайма, біз саған көмектесеміз:

Тапсырма: сәбіздерді жинау себетте өлшемі бойынша ұзын-қысқа.

Бауырсақ орманда домалап келе жатады, алдыннан аю шығады.

Аю: бауырсақ, мен сені жеймін.

Бауырсақ: Мен саған өлең айтып беремін.

- Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым. Қояннан да қаштым. Енді аю сенен де қашып кетемін деп орманға қарай домалап кетеді.

Аю: аң-таң болып қалады.

Аю сен еш мұңайма.

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен,

Теріп – теріп аламыз,

Қалтамызға саламы!

Бауырсақ орманда домалап келе жатып, алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін дейді.

Бауырсақ: сен мені жемеші мен саған өлең айтып беремін дейді.

- Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым. Қояннан да қаштым. Аюдан қаштым. Енді қасқыр сенен тапсырманды орындап әрі қарай жолмен барайын домалап:

Бауырсақ орманда домалап келе жатып, алдынан түлкі шығады.

- Алдынан не шығады?

Түлкі: бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін дейді.

Бауырсақ: сен мені жемеші мен саған өлең айтып беремін дейді.

- Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым. Қояннан да қаштым. Аюдан қаштым, қасқырдан қаштым. Енді түлкі сенен де қашып кетемін деп айтады.

Осы кезде түлкі: тапсырмамды орыдашы маған моншақ керек еді.

Тапсырма:

Моншақты бояу – саусақтар арқылы.

Сөздік жұмысы:

- Ал, енді орысша айтайық: қоян – заяц, аю – медведь, қасқыр – волк, түлкі – лиса.

Қорытынды

Топқа оралып сендерге сыйлық келіпті, бауырсақпен оралу, баурсақты топқа қалдыру!

Ертегі желісі бойынша сұрақтар қояды:

Жарайсыңдар, балалар, қандай ертегіні тыңдадық?

Бауырсаққа не кездесті?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз