Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Бөлім: |
Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті |
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) |
Сагиндыкова Эльмира Онгаровна |
|
Күні: 17.11.2022 |
||
Сынып: 10 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Қара көмір |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
10.3.2.1 – мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу |
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар орындай алады:
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы (5 минут)
|
Ұйымдастыру кезеңі
І топ – «Екібастұз» тобы ІІ топ – «Шұбаркөл» тобы ІІІ топ – «Қарағанды» тобы ІV топ – «Қаражыра» тобы
Жаңа тақырыпты болжау
|
Сәлемдеседі
Сұрақтарға жауап беріп, жаңа тақырыпты анықтайды |
Мадақтау сөздері |
Интерактивті тақта Презентация
Үлестірме материалдары |
Сабақтың ортасы (35 минут)
|
ОҚЫЛЫМ АЛДЫНДАҒЫ ТАПСЫРМА. 1.Қазақстандағы тарихы терең қандай индустриялық өнеркәсіптерді білесіздер? 2.Жер байлығы құндылықтың қай түріне жатады? 3. Көмірді қайдан өндіріп алады?
ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ. 1-тапсырма. Графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, оның маңызды тұстарын талдап жазыңыз. Дескриптор:
1-мәтін.
2-мәтін.
ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІНГІ ТАПСЫРМА. 2-тапсырма. Берілген мәтіндерді оқып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыздар. 1-мәтін. Қарағанды көмір алабы – Қарағанды облысы жеріндегі кен орны. Ендік бағытта 120 км-ге созылып жатыр, ені орта есеппен 30 км. Ауданы – 3 600 км2, карбонның көмірлі қабаттары 2000 км2 шамасында Г, Ж, К, ОС маркалы тас көмір шығады. Бассейннің орталық және шығыс бөліктеріндегі юра қабаттарында қоңыр көмір бар. Кен жер астынан қазу жөне ашық әдіспен шығарылады.
2-мәтін. Екібастұз көмір алабы – Сарыарқаның солтүстік-шығысында, Павлодар облысы жерінде. Дүниежүзіндегі аса ірі көмір кендерінің бірі. Мұндағы қоңыр көмірді 1876 жылы жергілікті зергер Қосым Пішенбаев тапқан. Алғашқы барлау жұмыстары 1896 жылы жүргізіліп, көмір шахталардан өндіріле бастады. Құрылымы бойынша Екібастұз көмір алабы – солтүстік-батыс бағытта созылған асимметриялық мульда, оның ұзындығы 24 км, ені 8,5 км. Алаптың жалпы аумағы – 155 км2.
3-мәтін. Шұбаркөл көмір кеніші – Нұра ауданында, 1983 ж. ашылған. Өнімді қабат юра шөгінділерінің төменгі бөлігімен ұштасып, көмірлі қабаттан («Жоғарғы», «Ортаңғы» және «Төменгі») тұрады. Көмірі қоңыр, тас көмірге жақын. Кеніштің аршылған бөлігі ұзақ мерзімге жететін қорлармен қамтамасыз етілген. Барлау-пайдалану жұмыстары 1985 жылдан жүргізіліп келеді. 1986 ж. Қызылжар темір жол стансасынан темір жол тармағы тартылды. Вахталық кент, жұмысшы қалашығы бой көтерді. 1988 ж. Шұбаркөл көмір кенішінің игерген жұмыстары үшін бір топ геологтар мен кеншілер КСРО Мемл. сыйлықтарына ие болды.
4-мәтін. Қаражыра көмір кен орны – Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында, Семей қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 110 км жерде орналасқан. Оның солтүстік жағынан 50 км жерде Семей – Конечное темір жолы мен кеме жүзетін Ертіс өзені өтеді. Алғаш құрамында қалың көмір қабаты бар юра көмірлі түзілімдері 1967 жылы анықталды. Өнеркәсіптік екі горизонтқа шоғырланған, атап айтсақ, төменгі горизонттың (төменгі юра) қалыңдығы 85-90 м, оның құрамында жұмыстық қалыңдықты 5 көмір қабаты, ал қалыңдығы 50-80 м жоғарғысында (ортаңғы юра) 3 көмір қабаты бар. Бұл горизонттардың арақашықтығы 35-40 м.
3-тапсырма. Берілген тірек сөздердің көмегімен Қазақстандағы көмір алаптарын табыңыз.
Дескриптор:
|
Сұрақтарға жауап береді
Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі деректерді салыстырады, маңызды тұстарын талдап жазады
Мәтіндерді оқып, оның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын нықтайды
Оқылым мәтіні бойынша маңызды сөздерді табады |
Мадақтау сөздері
6 балл
2 балл
2 балл |
Презентация
Үлестірме материалдары
https://www.youtube.com/watch?v=4xQmdioNSUs
Үлестірме материалдары
Интерактивті тақта https://learningapps.org/create?new=5#preview
|
Сабақтың соңы (5 минут)
|
«Рефлексия пирамидасы» әдісі
Үй тапырмасы: Қазақстандағы көмір алаптары тақырыбында мәліметтер жинастыру. |
Оқушылар сабақ бойынша өз іс-әрекетіне рефлексия жасайды |
|
Презентация |
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі