№103 жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Турсунжанова Ляззат
Тақырып: Сөз таптары
Мақсаты : 1)Оқушыларға сөз таптары, зат есім жөнінде алған білімдерін қайталау,қорытындылау
2)Сызбалар, тапсырмалар арқылы теориалық ойлауын, тілін дамыту.
3)Жылдам ойлауға,әдемі сөйлеуге,өз бетінше жұмыс жасауға ,өзін-өзі бағалауға баулу.
Әдісі: сұрақ- жауап,оқулық,сызбалармен жұмыс.
Түрі: қайталау сабағы.
Көрнекілігі : кестелер,суреттер,семантикалық карта,интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу. .Гимн.
ә) Оқушыларды түгендеу.
б) Психологиялық дайындық
в)Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызамын.
2.Үй тапсырмасын сұрау
- Үйге қандай тапсырма берілді ?29 жаттығу.
3.Жаңа сабақ
1.Қызығушылығын ояту
Қазақ тілі өз тілім,ана тілім
Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім
қастерлейді ұл қызың мәңгі сені
қуанышым бақытым дара тілім дей отырып қазақ тілі сабағын бастаймыз.
Бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлттық «Теңге алу» ойыны арқылы өткіземіз.
Сөз таптары |
Зат есім |
Етістік |
Сын есім |
Сан есім |
Есімдік |
Үстеу |
Шылау |
Одағай |
30 – жаттығу.Мәтіндегі сөйлемдерді көшіріп жаз.Мәтінді сөз таптарына талда.Бір сөз табы екіншісінен қалай ажыратылады?
Таутеке таудың биік жартасты жерлерін мекендейді,ол 30 метр биіктіктен емін-еркін секіріп түседі.
Таутеке осы қабілеті арқылы жауынан да қорғанады.
31- жаттығу
Өлеңді оқып, жатқа жаз.
Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.
(Әдібай Табылдиев)
Зат есімдерді тауып,сөз құрамына талда.Септік жалғауының астын - бір,жіктік жалғауының астын екі рет сыз
32 – жаттығу
Сөздерді оқы.Әр қатарда қай сөз артық деп ойлайсың ? Соның себебін дәлелде.
< >Ақ боз,ұшырды, ойланып отыр, жазды, келмекші.Жоғары, былтыр, қазір,кітап,тез.Кітабында,оқушысын,әжеме,әкеңмен,оған.
Зат есімнің жалғаулары
Көптік |
септік |
жіктік |
Тәуелдік |
Семантикалық карта
Зат есім |
Жалқы есім |
Жалпы есім |
Жекеше |
Көпше |
Негізгі |
Туынды |
Жаңғақ |
|
|
|
|
|
|
Айжан |
|
|
|
|
|
|
Кітәпхана |
|
|
|
|
|
|
Оқушылар |
|
|
|
|
|
|
Тазалық |
|
|
|
|
|
|
Құтжол |
|
|
|
|
|
|
Қортындылау
Бағалау
Үйге тапсырма
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі