Қысқа мерзімді жоспар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
10 – сынып. Жаратылыстану-математикалық бағыты
Бөлім: |
10.2 В Кинетика |
|
Педагогтің тегі, аты - жөні |
Абдижамиева Агына Мухаммедиевна |
|
Күні: |
07.12.2022 ж |
|
Сынып: 10 |
Қатысушылар саны: 10 |
Қатыспағандар саны:0 |
Сабақтың тақырыбы |
Химиялық реакция жылдамдығы. |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
10.3.2.1 гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін жылдамдық өрнегін білу; 10.3.2.2 қарапайым реакциялардың орташа жылдамдығына есептеулер жүргізу; |
|
Сабақтың мақсаты |
- Химиялық реакция жылдамдығын сипаттайды; - Гомогенді және гетерогенді реакциялар үшін реакция жылдамдығының өрнегін анықтайды; - Химиялық реакциялардың орташа жылдамдығына есептеулер шығарады; |
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру (2 мин) Топқа бөлу (1 мин)
Өткен сабаққа шолу (3 мин) |
Оқушылармен амандасу, түгендеу Психологиялық атмосфераны құру үшін «Жақыныңа тілек» әдісі арқылы сабаққа деген оқушылардың ынтасын ашу. «Пазл» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады. 1. Энтальпия дегеніміз не? 2. Энтальпияның ішкі энергиядан айырмашылығы қандай? 3.Энтропия дегеніміз не? 4. Неліктен бұл шаманы «ретсіздік шамасы» деп атайды? 5. Энтропия ұғымын алғаш ашқан ғалым? 6. Энтропия өзгерісінің өрнегі. 7. Қайтымды процестер үшін энтропия өзгерісі қандай өрнекпен сипатталады? 8. Термодинамикада Гиббс энергиясы қандай рөл атқарады? 9. Гиббстің еркін энергиясы қандай әріппен белгіленеді? 10. Гиббс еркін энергиясының өлшем бірлігі. |
Амандасады Оқушылар бір біріне жақсы тілектерін айтады. Білім алушылар үлестірмелі қағаздар арқылы үй тапсырмасына жауап береді. Сол қағазда берілген суретті сәйкестендіріп, білім алушылар «Пазл» әдісі арқылы топқа бөлінеді. 1-топ: «Гомогенді» 2-топ: «Гетерогенді» |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4 минут |
Жаңа сабақ: «Ой қозғау» әдісі арқылы жаңа сабақты ашуға арналған сұрақтар қойылады. Білім алушылар берілген сілтемеге өту арқылы бейнежазбаны қарап жаңа сабақ бойынша түсінік алады. 1-тапсырма. Топтық жұмыс Жаңа тақырыпқа байланысты «Постер» әдісін пайдалану арқылы тақырыпты талдау І-топ Химиялық реакция жылдамдығы дегеніміз не және оны түсіндіріңдер. ІІ-топ Химиялық реакция жылдамдығын арттырудың тиімді және тиімсіз жақтарын түсіндіріңдер. Ерекше білімді қажет ететін оқушы тапсырмасы: Берілген суреттерден қайсысы тез, орташа, баяу жылдамдыққа жататынын анықта. |
Топтарға жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беріледі. Білім алушылар өз ойларын суретке салады, талдайды, түсіндіреді.
|
https://kopilkaurokov.ru/matematika/uroki/kestelik_kosu_zh_ne_azaitu
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин |
2-тапсырма. Жеке жұмыс «Жигсо» әдісі арқылы білім алушыларға жеке тапсырма беріледі.
1_________ 2________
Ерекше білімді қажет ететін оқушы тапсырмасы: «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі арқылы «Бұл мәлімет шындық па, жалған ба?» тапсырмасы берілді.
3-тапсырма. Жұптық жұмыс «Зертханалық дәріс» әдісі арқылы Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырма берілді. Бір күні 10 сыныптың білім алушылары Алмас пен Айданаға зертханалық жұмыс жасау тапсырылды. Олар мұғалімнің нұсқауы бойынша тұз қышқылының ерітіндісі бар құтыға магний түйірлерін салды. Нәтижесінде сутек газы бөлінді. Тәжірибенің нәтижесі кестеде берілген:
Тапсырма: А) реакция теңдеуін жазыңдар; Ә) берілген мәліметтер бойынша график сызыңдар; Б) реакцияның; - бірінші минуттағы; - екінші минуттағы; - үшінші минуттағы жылдамдығын анықтаңдар. Ерекше білімді қажет ететін оқушы тапсырмасы: Реакцияға қатысқан заттардың агрегаттық күйін анықта.
|
Әр білім алушы есепті жеке орындайды және топта талқылайды.
Білім алушылар берілген реактивтерді пайдаланып зертханалық жұмыс жасайды. Тәжірибе нәтижесін пайдалана отырып, реакция теңдеуін жазады, графигін сызады және жылдамдығын анықтайды.
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ соңы (5 минут)
Рефлексия
Үйге тапсырма |
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы «Google forms» платформасы арқылы білім алушыларға тест тапсырмасы беріледі. Тест 1.Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз: А) Әрекеттесуші заттардың біреуі толық жұмсалуға кеткен уақыт. 2. Берілген реакция теңдеулерінен гомогенді реакция теңдеуін көрсетіңдер A) P(қ)+O2(г) =P2O5(қ) В) H2(г)+СI2(г)=HCI(г) С) Mg(қ)+HCI(c)=MgCI2(c)+H2(г) D) C6H12O6(қ) =2С2H5OH(c) +CO2(г) Е) Ca(қ)+O2(г) =СаО(қ) 3. Берілген реакция теңдеулерінен гетерогенді реакция теңдеуін көрсетіңдер A) P(қ)+O2(г) =P2O5(қ) В) H2(г)+СI2(г)=HCI(г) С) NO(г) + О2(г)=2NO2(г) D) 2SO2(г)+O2(г) =2SO3(г) Е) N2(г)+3H2(г) =2NH3(г) 4. Химиялық реакция жылдамдығын бәсеңдететін зат қалай аталады? А) Изомерлер 5. Мырыш пен тұз қышқылы арасындағы химиялық реакция жылдамдығын арттыру үшін ... керек. А) Қысымды жоғарлату 6. Химиялық реакциялардың жылдамдығын және оның әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттейтін химияның саласы .... деп аталады. А) Стехиометрия 7. Орташа жылдамдықтың формуласын көрсетіңіз А) В) С) D) E) 8. Гомогенді реакцияның жылдамдығын табу формуласын көрсетіңіз. А) В) С) D) E) V=dC(моль)/dt(л с) 9. Гетерогенді реакцияның жылдамдығын табу формуласын көрсетіңіз. А) В) С) V=dC(моль)/dt(л с) D) E) 10. N2 + O2 =2NO реакция теңдеуі жылдамдық теңдеуінің қай түріне жатады? А) Гетерогенді В) Гомогенді С)Термохимиялық D) Экзотермиялық E) Эндотермиялық
Үйге тапсырма: тақырыпты қайта оқып шығу және 3 тапсырманы орындау. |
Осы әдіс арқылы білім алушы рефлекцияда оқу мақсаты бойынша не білгісі келетінін және сабақ соңында әрбір тапсырма бойынша не білгенін анықтайды өзіне ненің қажет, нені қалай түрлендіруге болатындығын бағамдайды
Білім алушылар көрсетілген сұрақтарға тиісті стикерлер түсін таңдап, ойларын жазып, тақтада ілінген сәйкес суреттердің астына жапсырады. |
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі