Шымкент қаласы
№103 жалпы орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Қонақбай Бақытжан Оразбайұлы
Ашық сабақ жоспары
Сыныбы : 10ә
Сабақтың тақырыбы: Дала жарысы, 1500м жүгіру.
Сабақтың мақсаты: икемділік,жылдамдық,шапшаңдылық.
Құрал жабдықтар: ысқырық,уақыт өлшегіш,таяқша, жалауша
Сабақтың өтілетін орны: спорт алаңы
|
Сабақтың мазмұны |
Жүктеме мөлшері |
Әдістемелк нұсқаулар |
Д а й ы н д ы қ б ө л і м і |
Оқушыларды спорт алаңына шығарып, бір қатарлы сапқа тұрғызу.Спорт секторының баяндамасы.Сәлемдесу,Көңіл аудару жаттығулары. Саптағы оңға бұрғызып жүргізу,Жүргізу түрлері, спорттық жүріс және жеңіл баяу жүгірумен алаңды айналып жүгіріп келу.Жүріске ауысып тоқтау.Жеңіл атлетикалық аяқ күшін дамытатын жаттығуларын орындау; Он метрлік арақашықтықта орындау
Екі қатарлы сапқа оқушыларды тұрғызып, жалпы дамытатын дене дайындығы жаттығулары. 1. Қол белде басты оңға солға айналдыру. 2. Қол иықта алға артқа иықты айналдыру. 3. Қол кеудеде бүгіп жазу. 4. Оң қол жоғары артқа кезек ауыстырып тарту. 5.Оң қол жоғары солға оңға иіле бүгілу, 6. Қол желкеде солға,оңға кеудені бүгу. 7. Аяқ алшақ, қол жанында оң қолды сол аяққа,сол қолды оң аяққа жеткізу. 8. Аяқ алшақ,қол белде,қолды солға, ортаға және оң аяққа жеткізу. 9.Аяқ алшақ,сол және оң аяққа созылып отыру 10.Тізе және қол аяқтың буындарын айналдыру. |
3-минут
1-минут
2-минут
4-минут
1-минут
4-минут |
Оқушыларға қауіпсіздік ережесін бір қайталай таныстыру. Спорттық киімдерін қадағалау, Сабаққа қатысуын тексеру. Қатарды бұзбай баяу жүгіру. Жаттығуды орындап қайтар жолға бос қайту.
Қолды алға ұстау. Қолды артқа ұстау Қолды белде ұстау. Қолды жанымызда ұстау. Қолды еркін бос ұстау.
Қолды алға артқа сермеу. Сол жағымен қарау. Шапшаң жүгіру. Ара қашықтықты ұстап қатарға тұрғызу.
Әр жаттығуды 6-8 рет қайталап орындау. Қолды толық бүгіп Жазу, қолды түзу ұстау.
Кеудені ғана иіп бүгу. Денені түзу ұстау.
Тізе буынын бүкпей түзу ұстау. Қолды жеткізу, Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау
|
Н е г і з і б ө л і м |
Оқушыларды қатарлы сапқа тұрғызып сабақтың тақырыбына қысқаша тоқталу.
Оқушыларды жүгіру алаңына алып келу.Жүгіру техникасын және сөреден шығуды бір қайталап көрсету өту және жасату. Жүрелей отыру(стартқа) аяққа түрегелу (дайындал),аяққа серіппе алып алғажүгіру (жүгір) . 1500м қашықтыққа жүгіргенде аяқты сілтей әрі кең адымдап жүгіру керек және шапшаңдықты біртіндеп арттырған дұрыс. 1500м қашықтыққа жүгірген кезде аяқты сермей ұшымен басу керек. Жүгіру кезінде алға ұмтыла жүгіріп денені дұрыс және еркін ұстаған жөн. Жүгірер алдында жерге бір тізерлеп,екі қолын сөре сызығына тіреп отырады. Бір оқушыны екі қайтара жүгіртіп (арасын демалдыру керек),соның ең жақсы көрсеткіштерін жазып алу керек.
Оқушыларды бағалау барысында да кішкене көтермелеп бағалаған дұрыс, оқушылардың сабаққа қызығушылығын артады.
|
25-минут
|
Спорттық аяқ киімдеріне көңіл аудару.
Оқушылардың қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын қадағалау.Жүгіру кезінде төменгі сөрені дұрыс алуын және дұрыс шығуын қадағалау.
Жүгіру кезінде бір бірінің жолына түспей кедергі келтірмей өз жолдарымен жүгіру тиіс. Сөреден шығарда екеуінің бірдей шығуын қатаң қадағалау.
Екінші қайтара жүгіру кезінде арасында кішкене үзіліс жасау керек.
Қолмен дұрыс жұмыс жасау керек,бұл жылдам жүгіруге көмегін тигізеді.
Ойынды өз ережесімен төрешілік жасау. |
Қ о р ы т ы н д ы |
Оқушыларды қайта қатарлы сапқа тұрғызу. Сапты шашып қайта бір қатарға тұрғызу. Жарты алаңды айналып жүргізіп келу. Сабақты қорытындылау.Оқушылардың жеткен жетістіктерін атап өтіп соған қарай бағалау кемшіліктерін айтып түсіндіру.Үйге тапсырма: дене жаттығуын орындау, Таңертең гимнастикалық жаттығуларды орындау. |
5 минут |
Арлы берлі жаймен жүріп денені қозғалысқа келтіру,қолды,аяқты қимылдатып қозғалысқа келтіру. Терең тыныс алып демалу,қолды жоғары көтеріп төмен түсіру. Тынысты терең тысқа шығару. |
Сабақтың өтілетін уақыты: 12.04.2014жыл.
Оқу ісінің меңгерушісі ____________________________Ағабеков С.Қ.
Дене тәрбиесінің мұғалімі: ____________________________Қонақбай Б.О.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі