Күні: 24.04.2023ж
Тобы: Орта топ жүргізген тәрбиешісі: Еркінбекқызы Айгерім
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Драма
Тақырыбы: «Қызыл алма»
Мақсаты: «Қызыл алма» ертегісін театрландырылған өнердің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын қолдану арқылы сахналау.
Міндеттері:
- ертегі желісін ретімен орындауға үйрету, музыкалық, әзіл –ысқақ , драма тәсілдерінмен сахналауға үйрету.Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ –жауап.
Үш тілді меңгерту: ертегі – сказка – fairy tale
Қолданылатын көрнекіліктер: «Қызыл алма» ертегісінің көрінісі, ертегі кейіпкерлері.
Іс-әрекет кезеңдері |
Оқытушының іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Уәждемелік-қозғаушылық |
Кел, достарым, келіңдер, Шеңбер құрып көріңдер. Ортаға түскен бұл допты Бір-біріңе беріңдер. Допты тілек білдіру арқылы қасындағы достарына берулерін сұрайды. |
Балалар шеңбер құрып, бір-біріне тілек білдіреді. |
Ұйымдастырушылық- ізденушілік |
Балалар, бүгін бізге «Ертегілер әлемінен» сыйлық келіпті. Қораптың ішінде өте қызықты ертегі бар делінген. Қане, қорапты ашып, ертегімен танысайық. Тәрбиеші «Қызыл алма» ертегісін оқып береді. Қоңыр күз мезгілі еді. Ағаштың жапырақтары түсіп, тек жабайы алма ағашының басында жалғыз алма қалыпты. Осы кезде орман аралап жүрген Қоян алманы байқап қалады. Оны қалай алуға болады? Алма өте биікте — се- кіріп жете алмайсың! Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп отырды. Қарға ағаш басына ұшып барып, алманы үзіп алады. Бірақ алманы тұм-сығымен қармап ұстай алмай, жерге түсіріп алады. Рақмет, саған, Қарға! — деді де Қоян алманы жерден көтермек болды. Ал жерге түскен алма жаны бардай, дыбыс шығарып, қозғалып жүгіре жөнелді. — Бұл қалай? Қорқып кеткен Қоян ағаш алмасының түбінде ұйықтап жатқан кірпінің тікеніне құлағанын түсініп: — Кірпі, кірпі! Тоқта, тоқта! — деп айғайлады. — Меніңалмамдықайдаалып баражатырсың? Кірпі кідірместен: — Бұл — менің алмам! Ол төбеден құлады, ал мен болсам оны ұстап алдым. Қоян да қояр емес! — Алмамды қайтарып бер. Оны тауып алған мен! Таласып жатқан Қоян мен Кірпіге Қарға қосылады. |
Бет-әлпеттің мимикасына қарап,сөйлем ойланады, оның ішінен бет-әлпеттің мимикасын білдіретін сөздерді бөліп айтады. Әр түрлі көңіл- күйді білдіретін сәттерді салу. |
|
— Босқа таласасыңдар, алма менікі! Мен оны өзім үшін үзіп алғанмын! -деді ол өтірік-шынын араластыра. Д/о: «Біздің көңіл-күйіміз» Мақсаты: Балаларды сурет бойынша бет- әлпеті, ым мен мимикаға байланысты көңіл-күйді ажырата білуге үйрету. Көңіл-күйді бейнелейтін сөздерді дұрыс айтқызу, бейнелеуге дағдыландыру. |
|
Рефлексивтік- түзетушілік |
Сұрақ-жауап әдісі арқылы түсінгендерін сұрау. Оқу қызметіне белсенді қатысқан балаларды атау. |
|
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: «Қызыл алма» ертегісінің сюжетін, кейіпкерлерін біледі.
Қандай түсініктерді игереді: Арман, қиял, қуаныш.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Айтылған ертегіні мазмұндайды, кейіпкерлердің іс- әрекетін қайталайды.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі