Өлең, жыр, ақындар

Географиялық карта және глобус

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы Ақтас ауылы

«Ақтас негізгі мектебі» КММ

География-биология пәнінің мұғалімі

Сергалиева Зауреш Фазыловна

 

Сабақтың тақырыбы:   Географиялық карта және глобус

Сабақтың мақсаты:   Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін , есте сақтау қабілеттерін дамуына ықпал  ету,карта, атластармен жұмыс жасау , өз бетінше ізденулеріне бағыт беру.

Елімізді сүйе білуге, қорғауға, ұйымшылдыққа өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  глобус, Дүние жүзі жарты шарлар картасы, сөзжұмбақтар,картотекалар (географ. тапсырмалар), слайд  презинтация.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сайыс сабағы.

Сайыстың ұраны:« Бәрін білгім келеді».

Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру сәті.

Сергіту сәті:  «5» болсын алар бағамыз

                                     Білімнен бақыт табамыз

                                     Картаны танып білуге

                                     Жер шарын шарлап барамыз.

Мұғалім: Бүгінгі қорытынды сабағымызды « Географиялық карта және глобус»тақырыбына арналған сабақ сайыс түрінде өтеді.Сабақ бойы алған білімдеріңді қолдана отырып, мына кезендерде көрсете аласыңдар. Сыныпты екі топқа бөлу.

  1. Таныстыру .( топтың аты «Карта» , «Глобус» , ұраны )
  2. « Почта»
  3. Адасқан әріптер
  4. Бәйге
  5. Географиялық құпия
  6. Жағдаят.
  7. Географиялық координаттарын анықтау
  8. Сөз жұмбақ шешу
  9. Қорытындылау
  10. Бағалау

 

 

I. кезең. Таныстыру.

II. кезең. «Почта»деп аталады. Сендердің алдарыңа қолымдағы хатты тастаймын. Егер сендер азимут бойынша жүруді білсеңдер, бұл хатты оқиаласыздар.

 

 

 

III. кезең.Адасқан әріптер(берілген сөздердің орнын табу)

IV. кезең. Бәйге.(жылдам жауап беру)

1.Географияны ғылымға еңгізген кім? (Эратосфен)

2.Онтүстікті және солтүстікті қосатын сызық .(меридиан)

3. Ең ұзын параллель. (экватор)

4. Карталар қандай топтарға бөлінеді? (мазмұнына ж/е масштабына)

5. «Кібісе» жыл неше күнмен бітеді ? ( ол 336 күн. Бітеді, яғни ақпан айы 29-нан бітеді)

6. 1º доғаның ұзындығы неше шақырымға тең? (111шқ.)40000 : 360º =111шқ.

 

  1. Географияның екінші тілі, бұл не? (карта)
  2. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал ( тұсбағдар)
  3. Қашықтықты немен өлшейді?( қадам, метрмен, шақырым)
  4. Не нәрсесіз географияны оқыту қиын. (картасыз)
  5. Географиялық тор дегеніміз не? (меридиан мен параллель сызықтарының қиылысы)
  6. Координаттар неден тұрады? (ендік пен бойлық)

 

V. кезең.Географиялық құпия.

 

 

1. Тұрғыны жоқ елдер2. 40000 шқ         10. Бір нәрсе- бетінде жоқ ой мен қыр,

Үйі жоқ қалалар.               3.   24 сан                Өзінің кіндігінен айналып жұр

     Суы жоқ ормандар4. 1:20000               Өзіне назар салып қарасаңыз,

Бұл не?(карта)Келбеті жер жүзінің көрініп түр.

6.  (-132м)                    7.  2,7 млн.шқ.          9. 360º           5. Тосын сый

8. Жалғыз бағыт білері,

Бұрағанына көнбейді.

Жол көрсетіп береді,

 Өзі бірақ көрмейді       (тұсбағдар)

VI кезең.Жағдаят.Апатқа ұшырағандарға көмекке ұмтылу.

1 топ.  Еуропадан Австралияға келе жатқан кемеде өрт болды.  Кеме координаты 80 º ш.б. пен 40 º о.е. еді. Кемеге бару үшін , ол қай жерде екенін анықтаңыз.

2 топ. Теңізшілер ішінде хаты бар шөлмек тауып алды. Апатқа ұшырағандар көмек сұраған. Шөлмекке кірген су кейбір әріптер мен сандарды өшіріп жіберген, онда тек 42 º .. е  және 173 º ..б .Жаңа  .... аралы деген үзінділер қалған. Кеме қай жерде апатқа ұшыраған?

VII кезең.  Географиялық координаталарын  анықтау

1 топ. Карта

 Географиялық   ендік

  Геогафиялық бойлық

 Объектілер

           52º с.е.

           0 º б.б

  Лондон қ.

          34 º о.е.

         150º ш.б.  

  Сидней қ.

51 º с.е.                       

          71 º ш.б.  

   Алматы қ.

 

2 топ. Глобус

  Географиялық   ендік

  Геогафиялық бойлық

 Объектілер

           56º с.е.

          37 º ш.б

  Мәскеу қ.

          28 º о.е.

          77º ш.б.  

  Дели қ.

          40 º с.е.                       

          75 º б.б.  

   Нью-Йорк қ.

VIII кезең.   Сөзжұмбақ.

 

1. География ғылым ретінде дамыған жер                   


 

IX кезең. Қорытындылау

X кезең. Бағалау


Пікірлер (11)

Əлихан

Маған ұнады

Дина

Керемет!

сымбаат

рахмеет

Щыңғысхан

Керемет

нурхан

рахмет.Маган комеги тиди

нурхан

унады

Жадыра

Лондон сөзіне ұран тауып берініздерші

ҒАНИ

ЛОНДОН ТОБЫ АЛҒА БИІККЕ САМҒА

ираче

жүктелінбейді екен. Қате тасымалданған сөздер бар.

Омар Ж

Рахмет, пайдама жарады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз