Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік - тұғырым

 Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті
"№11"Жеңіс" мектеп-гимназия" КММ 
қосымша білім беру педагогы Алтынбекова Салтанат Жасузаковна

Ашық тәрбие сабақ

Уақыты:   

Кабинет: 

Мұғалім:

Сабақтың атауы

«Тәуелсіздік - тұғырым»

Оқу мақсаты:

 1.16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі екенін, оның тарихын  түсіндіру. Тәуелсіз еліміздің рәміздері және ескерткіштерімен таныстыру;

 2.  Тәуелсіздікті сақтау үшін білімді болу керек екендігін түсіндіру;

 3.  Халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтауға, Отанды сүюге тәрбиелеу;

Құндылық

  • қоғамдағы әлеуметтік нормаларды, ережелерді білу және түсіну;
  • сенімді қарым-қатынас орнату және сыныпта жағымды ахуалды сақтай білу;
  • тек өзі үшін ғана емес, жалпы ұжым үшін де жауапты болуға дайын болу;
  • бірлескен іс-әрекет пен өзара іс-әрекет кезінде басқалардың пікірлері мен сезімдерін құрметтей білу;
  • басқалармен жағымды қарым-қатынас орната білу және қоғамдық өмірге үлес қосу.

Ресурстар, дамытушы орта

Мазмұнды суреттер, түрлі заттар.

Ширату жаттығуы

 ҚР әнұраны шырқалады.

Психологиялық дайындық

Бүгінгі күн терезеден бізге қарап тұрғандай, сондай жақсы көңіл- күймен, басталады бұл сабақ.

 

 

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Жоспарлау

ҰОҚ кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Баланың әрекеті

«Сұрақ бізден, жауап сізден» әдісі

Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?

 - Қазақстан туралы не білеміз?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

 

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.                                                

- Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын –қыстау кезеңдерді бастан кешірді.1986 жылғы оқиға халықтың есінде сақталады.Балалар , біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, Олар: Е.Сыпатаев, Қ.Рысқұлбеков,  Л.Асанова.

  • Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1 - минут үнсіздік)
  • Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымызбен апаларымыздың арқасында армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

  Міне балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу дегеніміз-ешкімге бағынышты болмай,өз еркімен өмір сүру деген сөз. Елімізде 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі болып есептелінеді. ҚР 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып дербес мемлекет болды. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет.

Біздің өзіміздің туымыз ,елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі.Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз.  Өзіңде бар – Елбасы

                        Туыңда бар, әрине

                        Елтаңбаң бір ертегі,

                        Әнұраның тәрбие.

  Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.

Қазақстан Республикасының Гимні - бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмет етті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
 Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар.

 Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай - ақ аңызға айналған қос пырақ. Қазақстан деген жазуы бар. Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.

                       Өзіңде бар – Елбасы

                        Туыңда бар, әрине

                        Елтаңбаң бір ертегі,

                        Әнұраның тәрбие.

Сендер отанымыздың ұрпақтарысыңдар, жақсы оқып, үлгілі тәртіпті болыңдар.Қазақстанның намысын қорғайтын келешекте ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Оқушылардың  орындауында көркем сөздер

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

Желтоқсанда шықты алаңға жастарын

Әр ұрпақтың құрбандары жетерлік

Дербестікке кім сұралық басқа құн?

 

Тәуелсіздік –бақытты ғой елімнің

Тәуелсіздік шаттығы ғой жерімнің

Арманына жету үшін күрескені

Тарихта шежіре боп қалған екен

 

Тәуелсіздік елімде

Бақыт құсы самғап ұшты көгімде

Қазақ деген ғажап халық қашаннан

Көк бөрінің ұрпағымыз тегінде

 

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі

Мықты болсын елімнің керегесі

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан

Кетпесін туған жердің берекексі

 

Тәуелсіздік-тәубе  екен бүгінде

Тәуелсіздік-тәубе  сенің барыңа

Тәуелсіздік  әр сәбидің үнінде

Тәуелсіздік  әр  қазақтың жанында

 

Бабамның  да  арманы

Осы  еді  ғой  аңсаған

Тәуелсіздік  таңдары

Бақ  береді баршаға

Көк  туымды  қолыма

Бүгін  берік  ұстадым

Түсті  бақыт  жолыма

Менің  Қазақстаным

Видео ролик

Ал, балалар осы видео роликтен қандай ой түйдіңдер?

Өз ойларыңды айта отырыңдар.

 

Ұяшықты таңдап, сұраққа жауап бер!

 1.Біздің Отанымыз қалай аталады?

 2.Биыл тәуелсіздікке қанша жыл толып отыр?

 3. Елімізді кім басқарады?

 4. Астанамыз қалай аталады?

 5.Облысымыз қалай аталады?

 6. Мемлекеттік рәміздерді ата?

 7. Ұлттық волюта (ақша)

 Жарайсыңдар балалар, сұраққа өте жақсы жауап бердіңдер.

Мақалды жалғастыр

Оқушылар тақтада жабыстырылған қима қағазды алып, артындағы мақалды оқып оны жалғастырады

«Отаның үшін отқа түс – күймейсің»

"Отан — елдің анасы, Ел — ердің анасы.

Ит — тойған жеріне, Ер — туған жеріне.

Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол!"

Өз елім — өлең төсегім.

Отансыз адам — Ормансыз бұлбұл.

Постер жасау және қорғау

Оқушылар «Сен өз еліңді болашақта қалай елестетесің?» деген тақырыпта постер жасайды

  • Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі - сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ
  • Асқар Сезім  «Қазақ қызы» биі
     

                                                                                Қорытынды бөлім

 

- Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар.
- Балалар, сендер – Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарысыңдар. Келешекте біздің еліміздің белгілі азаматы, азамтшалары болыңдар

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз