Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіз елім

                                               «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілік


 Мақсаты:
1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.
2) Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.

 

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар!

«Тәуелсіздік-тұғырым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.

- Әнұранды орындау.

Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан республикасы.

Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің тұңғыш елбасы кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Жақсы балалар.

Қазақстан Жоғары кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялады. Бұл күн — Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл республиканың барлық халықтары үшін маңызды тарихи оқиға болды.

Тәрбиеші: Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

Біздің Отанымыз Қазақстан - тәуелсіз, егеменді мемлекет.
Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз, ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап Тәуелсіздік жолында құрбан болған Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есімді азаматтарымыздың рухына бас иіп орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық!

Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр.

Тәрбиеші: Бақытым Республикам Қазақстан
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан
Соған жетпес құшағы әлемнің де
Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.
Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

Ислам

Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның қасиетті күнін сүйем.
Отан, Отан, Отан!
Бәрінен де биік екен!
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Әдемі

Бейбіт таңдар арайлап атады,
Туған жерді аймалайды шапағы.
Байтақ елім-ұлы Қазақстаным!
Ең бақытты балалардың Отаны.

 

 

Мағжан
Гүл жайнаған Астана

Қазақстан жүрегі.

Бірін-бірі сыйлаған

Туысқандар отаны.

Сағыныш

Жас Астана, жас қалам,

Тарихың бар ашпаған

Ордасы боп ойшылдың,

Ей, бас қалам, Астанам.

Дария:         

Әсем қалам – Астанам,

Әлемдегі жас қалам.

Әр күн сайын өзгеріп,

Бой көтерді бас қалам.

Жүргізуші:

-Келесі кезекті мерекелік биімізге береміз.

Би:«Алға Қазақстан» Ұлдар биі

Тілші:

-Балалар сендер Отан, туған жер туралы мақал-мәтел білесіңдер ме? (Ия)


Аңсар
Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Сара:     

Отан –елдің анасы,

Ел – ердің анасы.

Мейіржан:        

Тәуелді елдің сұлтаны болғанша,

Тәуелсіз елдің ұлтаны бол.

Іңкәр

Отанды сүю – отбасынан басталады.

Ән: «Көк тудың желбірегені!» 

 

Тәрбиеші:

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер
Көкорай белестері мақпал кілем
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

Атамекен әні топ балаларының орындауында қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, еліміз–аман, жұртымыз тыныш болсын, еліміздің мықты азаматы болыңдар балалар. «Тәуелсіздік тұғырым» атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға  рахмет!

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз