Қысқа мерзімді жоспары |
||||
Бөлім |
Python программалау тілінде алгоритмдеоді программалау |
|||
Педагогтың аты-жөні |
Бердібек Алмасбек Әбдімұратұлы |
|||
Күні |
|
|||
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны |
|
Қатыспағандар саны |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Бірөлшемді массивте деректерді енгізу және шығару |
|||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.3.3.1- бірөлшемді массивтер пайдаланып Python программалау тілінде программаларды жасау |
|||
Сабақтың мақсаты: |
Тізімге деректерді енгізу түрлері мен операторларын анықтау. Массивке деректерді енгізу операторларын салыстыру. Массивке деректерді енгізу операторларын қолданып алгоритмдерді программалау. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
Сабақтың басы 7 минут |
1.Оқушылармен амандасу. 2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. 3.Жаңа тақырыпқа шолу 4. «Желпуіш» әдісі арқылы үй тапсырмасына шолу жасау Оқушылардың жұмыстарын ауызша мадақтау, қолдау көрсету. |
1.Мұғаліммен амандасады. 2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. 3.Сабақтың мақсаттарымен танысады. Үй тапсырмасын орындайды |
Асық арқылы бағалау
Әр дұрыс жауап 1 балл |
Презентация видео проектор Python программа |
Сабақтың ортасы 11 минут
10 минут
10 минут |
Миға шабуыл сұрақтары Компьютерге деректерді енгізудің қандай жолдары бар? Есіңе түсір! Оқулықпен жұмыс Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақ- тарға жеке, топта, ұжымда жауап береді. Мұғалімнің түсіндірмесі видео сабақ арқылы Python программалау тілінде деректерді енгізу және шығару операторлары, қолдану тәсілімен таныстырады. 1-тапсырма Тізімге мәліметтерді енгізу түрлерін жазыңдар.
Дескриптор: -Деректерді пернетақтадан енгізуді анықтайды; -Деректерді кездейсоқ оператордың көмегімен енгізуді анықтайды; -Деректерді файлдан оқытуды анықтайды. 2- тапсырма. Оқулықта берілген практикалық жұмысты орындау. Үлгерім 9-сыныпта N праллел сыныптар білім алады. 3- тоқсан бойынша осы сыныптардың жалпы үлгерім пайызы А[N] массив түрінде берілген (N<102). 9- сыныптардағы орташа білім сапасын және ең төменгі білім сапалы сыныптың пайызын экранға шығару. Білім сапасы ең төмен сынып өз білімін 9-сыныптар бойынша орташа білім сапаға жеткізу үшін қанша пайыз көтеру керек екенін анықтайтын программа құрастыр. 3-тапсырма Бірөлшемді массивтерге есептер шығару 1. Сыныптасыңның телефон нөмірлерінің telefon.txt файлынан оқып, арасында 5 цифрымен аяқталатын нөмірлерді telout.txt файлына жаз. 2. B[20] массив элементінің мәнін 20...50 арасындағы кездейсоқ сандардан құрастыр. Массивтегі тақ орында тұрған жұп элементтерді баспаға бер. Дескриптор: - Массивке деректерді енгізу операторларын қолданып алгоритмдерді программалайды. Жұптық жұмыс Массивтерді Python программалау тілінде енгізудің 3 түріне салыстырмалы түрде талдау жасаңдар. Осы үшеуінің қайсысын көп қолдануымыз мүмкін? Себебін дәлелді мысалдармен түсіндіріңдер. Дескриптор -Массивтерді қолдану түрлерін салыстырады. |
Мұғалімді тыңдайды
Арифметикалық өрнектерді орындау ережелерін дәптерге жазады
Анықтамасын дәптерге жазады
|
3 балл
2 балл
2 балл
|
Жұмыс дәптері
Кесте
|
Сабақтың соңы 7 минут |
«Зымыран сұрақтар» әдісі. Оқушылар қағазға тақырып туралы сұрақтар жазып ұшақ жасайды. Келесі топқа ұшырады, ол топ сұрақтарға жауап береді. Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Оқушылар сабақтан алған екі жақсы әсерімен, түсінбеген бір сұрағымен бөліседі |
Сұрақ-жауап
Өзін-өзі бағалау. |
Әр дұрыс жауап 1 балл |
А4 парағы |
Үй тапсырмасы |
Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындап келу. 79-бет |
|
|
|
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі