|
САБАҚ: қазақ әдебиеті |
Мектеп:Атырау қаласы НЗМ |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: 31-02.04.2016 |
Мұғалімнің аты-жөні:Текеева Ж.Т, |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып:10- сынып |
Қатысқан оқушылар саны: 24 Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Әдеби және тарихи ақиқат. Ілияс Жансүгіров«Құлагер» поэмасы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
AИ4 Салыстыру, анализ жасау АИ3 Көркемдегіш құралдар мен стильді анықтау AИ6 Оқу және дәлелді жауап беру
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар:
Кейбір оқушылар:
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жетістік критерийлері |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтар |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ-ны қолдану |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
география, Қазақстан тарихы, қазақ тілі, орыс әдебиеті |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру сәті.Сабаққа қызығушылықты ояту. Қызығушылықты ояту Сыныпты жылқы малына қатысты мақал -мәтелдермен 5 топқа бөлу. 1.Жақсы аттың артынан құнан ереді, Жақсы жігіттің артынан ұлан ереді. 2.Жақсы аттан жал кетсе де,әл кетпейді. 3.Жомарт жоқтығын білдірмейді, Жүйрік ат тоқтығын білдірмейді. 4.Жақсы ат алдынан сүрінбейді, артынан сүрінеді. 5.Жақсы жігіт пен жақсы ат көптікі. Оқушылар мақал сөздердің мағынасын қысқаша түсіндіріп кетеді. Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты және жетістік критерийлері таныстырылады. |
massaget.kz/ |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы
10 минут
10 минут
10 минут
20 мин
15 минут |
Мағынаны тану Алдыңғы сабақта алған білімдерін байқау мақсатында ортаға сұрақ тар тасталады. Сұрақтар: 1.Ақан сері Ермеймен тауының етегіндегі кімнің асына келді? 2.Осы кезде бәйгеге қанша ат жарысқа түсті? 3.І.Жансүгіров "Құлагер" поэмасын қай жылы жазды? 4.Поэма неше бөлімнен тұрады? 5.Құлагерге өз бағасын берген кім еді? 6.Жүйрікті жарыста қай жерде мерт қылады? 7.Құлагерді Ақан қай көлдің жағасына арулап көмеді? 8.Оған белгі орнатқан Жүсіп төре деген кім? 9.Саған шығарманың қай тұсы үлкен ой салды? Жауапты тақтаға стикерге жазып, аттың суретінің жанына жапсырады. Соңғы сұрақты дәптерлеріне 2-3 сөйлеммен жазып, пікірлерін айтады. Режиссер Болат Мансұровтың"Құлагер" фильмінен үзінділер көрсетіледі.https://www.youtube.com/watch?v=AO2Ltnsi3b4 https://www.youtube.com/watch?v=rsY0TlsdFzU https://www.youtube.com/watch?v=zU0aGwY86l0
Топқа поэмадан 5 тақырып таңдау беріледі. «Ақан сері», «Еремендегі ас», «Құлегер- әкең тұлпар...», «Бәйгедегі егес», «Ақан трагедиясы Тапсырма 2. ТЖОқушыларға поэмадан үзінділер беріледі.Олар топта шығарма үзіндісінің негізгі идеяларымен жұмыс жасайды және мағынаны түсіндіру үшін өлең жолдарын оқи отырып, бет қимылын, би, музыканы қолданып қойылым қояды. Басқа топтар қойылымда не баяндалғанын, оқушылардың осы бөлім арқылы негізгі идеяны сипаттай алғандығына комментарий білдіреді. Топ өздері таңдаған поэма бөлімінде нені сипаттай алды, ақын өлеңі туралы өз ой пікірлерін ескертпелер арқылы жазып қалдырады. Өздері бейнелеген оқиғада қандай мәселе ой тастады, оны бүгінгі өмірмен байланыстыра сөйлеу тапсырылады. Ескерту: Оқушылар сөз қолданысында көркемдік тілді анық жеткізе алуы керек. Саусақпен не жұлдызшамен бағалайды. ‘Ф’жұптық кері байланыс Тапсырма 3.
Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, пернелеу, әсірелеу, арнау, қайталау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады. Мысалы, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай).[1][
Сөз айшықтары орыс. фигуры речи — сөйлеудін әсемдігін, мәнерлілігін жиі қолданылатын амал-тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау, параллелизм, риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы т. б. жатады АИ6
Сұрақтар арқылы пікірлесе отырып, ақпарат құралдарынан деректер алады.Оны дәлелді оймен қорытындылай отырып, поэманың құндылығын, көркемдігін дәптерлеріне жазады. "Ф" бағалау |
www.youtube.com/ Ақан сері фильмі
Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» шығармасы http://koshpendi.kz/index.php/ander/halyk-kompozitorlarynyn-anderi/#akan
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5 минут |
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. |
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. |
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құлагер
Жел соқса қамыс басы майда деймін,
Ат қостым, ат айдаушым, айда деймін.
Алдыңғы ат баран болмай, қылың болды,
Жығалмаса Құлагер қайда деймін.
Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Сүйсініп тұрушы еді қосқан елің.
Атығай Қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ, сандал керім.
Құлагер құнанында керім еді,
Нағашым сұрағанда беріп еді.
Ат қоса Ерейменге барғанымда,
Бір сыпшы көзі шыққыр көріп еді.
* * * * *
Маңмаңгер кекілің келте, жалың майда
Байлаған сені сылап қалқатай да
Жүресің желмаядай жануарым
Көрейін қызығыңды осындайда
Қайырмасы:
Ахау. туған елім
Балаң едім
Өзіңе осынау әнді
Ала келдім
Маңмаңгер, ән қосайын жүрісіңе
Дер екен қалқа қалай келісіме
Сыдыртып, Маңмаңгермен келе жатып
Осынау ән күйіндіріп түсті есіме
Қайырмасы
Маңмаңгер, кекілің келте, жалың майда
Бал татыр қант қосса қағаз шайға
Кісіден анау-мынау жалтару жоқ
Ақ көйлек, дүрия бешпет сәулем қайда
Троп (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады.
Троп түрлеріне көріктеу, меңзеу, теңеу, ауыстыру, бейнелеу, алмастыру, кейіптеу, пернелеу, әсірелеу, арнау, қайталақтау, шендестіру, дамыту, түйдектеу, бүкпелеу, кекесіндеу, т.б. жатқызылады. Мысалы, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай).[1][
Сөз айшықтары орыс. фигуры речи — сөйлеудін әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнің күшейтетін синтаксистік құрылымдардың формалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал-тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау, параллелизм, риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы т. б. жатады. Сөз айшықтары адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді.[1]
Нур
Мен бұл ашық сабақ жоспарын оқып шықтым және оның мазмұны қазақ әдебиеті пәні бойынша көркемдік тіл құралдарын талдауға арналған білімді оқушыға түсінікті түрде жеткізуге бағытталғанын бағалаймын. Сабақтың құрылымы мен мақсаттары нақты көрсетілген, оқушыларға троп, фигура, поэтикалық сөз қолданысы туралы теориялық түсінік беру жоспары ұсынылған. Сонымен қатар сабақта қазіргі өмірмен байланыстырылатын ой-талқылау және әдеби шығарманың мазмұнын практикалық талдау қарастырылған, бұл әдістеме білім алушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.