«Өмір және оның мәні»

                                                                                                                                                  Бекітемін

Жатақхана меңгерушісі

                                                                                                                ___________Джусипова Ю.К.

 

Cыныптан тыс іс-шара  жоспары

Мектеп:  Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы жатақхана

Мерзімі: 19.02.2019 ж.

Тәрбиеші:

Оқу жылына кәсіби даму мақсаты:

Жаңа иновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыта отырып, адамгершілік пен салауаттылыққа бағытталған жеке тұлға қалыптастыру мен қатар тәрбиелеу.

Қатысушылар: тәрбиешілер, оқушылар

Қатысқан оқушылар саны:____

Қатыспағандар:_____

Концепт (негізгі идея)

Өмір және оның мәнін ұғыну

Тұжырымдамалық пайымдау:

«Өмір барлық нәрседен қымбат»

Бағыт:

Рухани адамгершілік бағыт

Сабақтың тақырыбы:

«Өмір және оның мәні»

Сабақтың мақсаты:  

Оқушылардың өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын ояту. Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей білуге, бағалауға тәрбиелеу. Өмірден өз орындарын табуға, айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже

Бала бойына барлық нәрсені қадір тұтуға және айналасын қуанышқа бөлей отырып, өмірдің мәнін түсінеді.

Тәрбие сағатының пән аралық бай байланысы

Психология және педагогика

Тәрбие сағатындағы тілдік құзіреттілік

Өмір деген не?

Біз өмірде орнымызды анықтау үшін қандай қадамдардан бастауымыз қажет? т.б.

АКТ қолдану

АКТ мүмкіншіліктерін пайдалану (интер белсенді тақтамен жұмыс жасау)

Қосымша қолданылған әдіс

Оқушының жан дүниесін түсіну.

Тәрбие сағатында  қамтылатын білім беру құндылықтары

  • жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегени құрмет;
  • командалық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;
  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық; 
  • топтық жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағы еңбек және шығармашылық;
  • білімін тереңдету, қажетті материалдарды табу, оған талдама жасау мақсатында өмір бойы оқу.

Жоспар

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

                      

  1. Ұйымдастыру кезеңі:
  2. Сергіту сәті

4 аңшы 

 

Жаңа тақырыпқа қызығушылықты ояту кезеңі

3 мин.

 Жаңа тақырыпқа ой қозғау жасау үшін «Топтас, ойлан, талқыла» деп аталатын оқушыларды 2 топқа бөлетін әдіс-тәсіл жасалады:

 

1 - топ Өмірде ешқашан оралмайтын 3 нәрсе.
2 - топ. Өмірде адамды құртатын 3 нәрсе.
Оқушыларға плакат беріледі, сурет салу арқылы ойын жеткізеді.

 

https://www.youtube.com/watch?v=-4zrqmCnyH8

 

Ой елегінен өткізу кезеңі

5 мин.

 

 

 



 

 

Сергіту сәті

3 мин.

 Бағдаршам ойыны. Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.
Ойын шарты:
 

 

Негізгі бөлім

3мин

 

 

5мин

Оқушылар өздері дайындаған слайд бойынша «Жаңа жол ережесі» жөнінде маршруттық көлік құралдарына арналған жол жолағындағы жолға шығу сынды мәліметтермен түсіндіріп береді.

 

 

5мин

 

                                                                                                                    

 

 

5мин

Өмір жайлы өлең шумақтары:

 Өмір бірде мәз қылып күлдіреді
Бірде өкінтіп көңіліңді бүлдіреді.
Өмір деген сонысымен қызықты,
Қуанышы мен қиындығы,бір жүреді.

Өмірімізде ешбір қайғы болмасын,
Қуаныштар таба берсін жалғасын.
Бақытты боп орындалсын армандар,
Бір Құдайым,бәрімізді қолдасын.

Өмір бізді сарсаңдарға салмасын,
Өмір гүлі ешуақытта солмасын.
Әр қашанда ашық болып жолдарың,
Қыран құстай қанаттарың талмасын.

                           

 

Қорытынды

5 мин. Рефлексия

 

Алдарыңда түрлі түсті алақандар жатыр. Әр адам – өз өмірінің суретшісі. Сендерде өз өмірлеріңді құрайсыңдар. Алақандарға фломастермен өз өмірлеріңдегі ең басты деп санайтын екі сөзді жазыңдар.

Сосын ватманға жапсырамыз.

Көрдіңдер ме, өмірлеріңнің ашық, түрлі-түсті болуы керек екендігін көрдіңдер ме?! Осыны естеріңде сақтап, мұндай өмірге ұмтылыңдар.

 

 

Сабақтың соңы:                  Түйін               3 мин.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер таратылады. Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды.

 

         

 

 

 

 


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)