Өлең, жыр, ақындар

Пысықтау

ОҚО Шымкент қаласы

№103 жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сапарбаева Ақбөпе

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға кері есептер туралы түсінік беру. Кері есеп құруға үйрету.

2.Танымдық қабілеттерін, ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту

3. Қоршаған ортаны таза ұстауға, әсемдікке баулу

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын түрлері

Көрнекілігі: көктемгі орман суреті, аңдар, бәйшешек, белсенді тақта

Сабақтыңбарысы: 1. Ұйыдастыру кезеңі.

Психолгиялық дайындық.

2. Қызығушылықтарын ояту:

Күн ұзарып, қар еріп,

 Су сайларға толады.

Бұл қай кезде болады? (көктем)

-Көктем айларын атаңдаршы?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Алда қандай мерекелер келе жатыр?

-8-наурыз-кімдердің мерекесі?

-Көктемде табиғат оянады,

Қар астынан қандай гүлдер шығады? (бәйшешек)

-Сендер аналарыңа бәйшешек сыйлағыларың келе ме?

-ендеше көктемді шақырайық. (көктем келеді)

Көктемнің сиқырлы таяғы бар екен. Біз одан бір себет бәйшешек сұрайық. (оқушылар гүл сұрайды)

Бірақ көктемнің сиқырлы таяғының күш-қуаты таусылып қалыпты. Олай болса біз сиқырлы таяқтың күш-қуатын орнына келуіне көмек берейік.

Ол үшін ормандағы аңдардың, құстардың тапсырмаларын орындайық.

-Кәне көзімізді жұмайық. (Тақтаға көктемгі орманның суреті ілінеді)

-Балалар орман іші түнеріп тұр, жарқырап тұру үшін не болу керек?

-Күн.

-Күніміз жарқырасын десек, мына сандарды дәптерімізге көркем етіп жазып шығайық:1,8,9,

-Балалар, мынау қандай аң?

-кірпі

-Кірпі туралы не білесіңдер? (Оқушылар өз ойларын айтады)

-Кірпінің тапсырмасы.

3. Өткен тақырыпты қайталау

Математикалық тапсырма.

4+1                   7-2            8+2

6-6                   5+0            10-4

7+3                  2+3            7-4

(Слайд арқылы тексеру, бағалау)

-Балалар мынау қандай аң?

-Аю

-Аю туралы не білесіңдер? (Оқушылар аюдың қыста қайда ұйықтайтынын, оның балаларын қалай атайтынын айтады.

-Аюдың екі тапсырмасы бар екен

4. жаңа сабақ. Кері есеп.

(Слайд арқылы түсіндіру)

1-тапсырмасы:

а) Шарты: көк шар-5

қызыл шар-? 3-еуі артық

Ш: 5+3=8(ш)

Жауабы: 8 қызыл шар

ә) ) Шарты: қызыл шар-8

көк шар-? 3-еуі кем

Ш: 8-3=5(ш)

Жауабы: 5 көк шар

б) ) Шарты: қызыл шар-8         ? артық

                  көк  шар-5

Ш: 8-5=3(ш)

Жауабы: қызыл шар көк шардан 3-еуі артық

Бұлар кері есептер

2-тапсырмасы:

Мына есепті шығарып, оған кері есеп құрастыр.

Орманнан 3 қонжық және 2-еуі артық кірпінің баласын көрдік. Кірпінің баласы нешеу?

( 1 оқушы есепті талдай отырып шығарады, тақтаға екі оқушы шығып кері есеп құрастырады.)

-Жарайсыңдар, әрі қарай жол жүрейік. Аспанда құстар ұшып жүр, бұл қандай құстар?

-ұзақ

-Құстар туған жерге оралып, балапан басуға дайындалып жатыр. ( Оқушылар құстар туралы білетіндерін айтады.)

-Осы жерде дем алып алайық.

5. сергіту сәті:

1,2,3 қарлығаш болып ұш

4,5,6 қарлығаш болып қалқы

7,8,9,10 қарлығаш болып қон.

Құстардың тапсырмасы

Үш қатардан үш оқушыдан шығып, салыстыруға арналған есептер шығарады.

4+6*6+4                        5+3*5+4                          3+2*3+0

7-2*9-3                         4+4*4+0                            8+0*8-8

-Балалар, қараңдар, біз бәйшешекті таптық. Қызыл, сары бәйшешектер көп екен.

Енді бәйшешегімізді жинап алу үшін өткенді қайталау мақсатында математикалық тестті орындап жіберейік.

(Дайын парақты таратып беру, шығарту, слайд арқылы тексеру, бағалау)

Міне, балалар, көктемнің сиқырлы таяғына күш-қаты қайтып оралды. Көктем сіздерге рахмет айтып, бір себет гүл сыйлайды. Біз де көктемге әдемі көктемгі гүлдер үшін рахмет айтайық. Енді мектепке оралайық

6. Қорытынды. Бүгінгі сабағымызда қандай тақырыппен таныстық? Қандай жұмыстар жүргіздік? Сабақ сендерге ұнады ма?

7. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мақтау, мадақтау, бағалау. Себеттегі гүлдерді таратып беру.

8.Үйге тапсырма. 154-бет. №4-есеп


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз