Өлең, жыр, ақындар

Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән мұғалімі:  Балабекова К.А.

Күні: 29.04.2015ж.

Пән: дүниетану

Сынып: 3 «А»

Сабақ  тақырыбы:  Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі.

Сабақтың мақсаты:  Мәтін бойынша өздігінен жұмыс істеу. Жануарлар тіршілігіне қоршаған ортаның қалай әсер ететінін түсіну. Жануарлардың тіршілік ортасын сақтау. Түрлі ақпараттарды жинақтай отырып, жануарлардың тіршілік ортасы туралы  түсінік қалыптастырады, өмірдегі маңызын айқындайды.  Олардың, өз беттерінше бақылау жүргізуге бейімдеу. Логикалық қиялдарын шыңдау.

Оқу нәтижесі:  Оқушы өз ойын еркін айтады, бір - бірінің ойларын толықтырады және шығармашылық қабілеттері артады.

Оқыту әдістері:  Топтық жұмыс, «Ақылдың алты қалпағы» әдісі, «Қызықты сөзжұмбақ», «Бағдаршам» арқылы бағалау.

Барлық  оқушылармен (А,В,С) жұмыс: Жануарлардың тіршілік ортасы мен қоршаған ортаның оған әсері туралы өз бақылаулары негізінде талдау жүргізеді.

Сабақ  барысы:

 

Уақыты

Мұғалімнің  іс-әрекеті

Оқушының  іс-әрекеті

Қажетті ресурстар, қолданылатын құралдар

Кіріспе 

5 мин

 

 

Қызығушылықты ояту.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.

 

Үй тапсырамасын пысықтау.

Үйге берілген тапсырма бойынша ауызша  сұрақ-жауап жүргізіледі.

«Шаттық шеңбері» оқушылар бір-біріне жылы лебіз айтады.

Топқа түстер арқылы ақ, қара, сары, қызыл, жасыл, көк түсті болып алтыға бөлінеді.

Оқушылар үй тапсырмасына жауап береді. Оқушылар ұлу мен өрмекшітәрізділер туралы ойларын ортаға салады.    

 

Үстел

интербелсенді тақта.

 

 

Слайд

Таныстырылым

5 мин

Бейнематериал көру арқылы тақырыпты ашу. (слайд)  «Миға шабуыл» стратегиясы Жануарлардың тіршілік ортасы туралы не білесіңдер? – Орта дегеніміз не?      -Қоршаған орта мен адамдардың жануарлар тіршілігіндегі  үлесі туралы. Жануарлардың тіршілік ортасының ерекшелігі мен қосымша мәліметтер айтылады.

Оқушылар: Жануарлар тіршілік ортасына әрқалай бейімделеді. Жануарлардың тіршілік ортасын сақтау. Біздің қоғамымызда дамып жатқан технология мен даму үдерісі жануарлар ортасына кері әсерін тигізеді. Ағаштың кесілуі, асфальт жолдың салынуы, өзендерді бөгеуі, орманды кесуіне жануарлар бейімделе алмай, жоғалады. 

Слайд

Сергіту сәті 2 мин

 Бейнероликпен жаттығу жасау

Оқушылар бейнероликті тамашалайды және дене қимылысын қайталайды. 

Бейнеролик

Негізгі бөлім      18  мин

Мағынаны тану

Бүгін жаңа тақырып «Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі» туралы оқып, білімдерімізді жетілдіреміз.

 

Оқулықпен жұмыс.

 Тапсырма беріп, қадағалап, бағыт, бағдар береді.

 

  •  

 Ақ қалпақ – тақырыпқа шолу. (ақпараттар, фактілер)

 Сары қалпақ – оқиғаның жағымды жақтары.

 Қара қалпақ – жағымсыз жақтары.

 Қызыл қалпақ – эмоция, сезім.

 Жасыл қалпақ – шығармашылық үлес.

 Көк қалпақ – қорытындылау.

 

«Ақ тиын мен нәресте» мәтінін «Ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша тапсырманы қорғап шығады.

 

1 – топ Ақ қалпақ( деректер) шығарма не  туралы?
2 – топ Қара қалпақ ( сыни баға ) Шығармадағы жағымсыз жақтарды баяндау
3 – топ Сары қалпақ (позитив ) Шығарма несімен ұнады?
4 – топ Қызыл қалпақ (сезім ) Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдың?
5 – топ Жасыл қалпақ ( креатив ) Бұл шығарманы  қалай аяқтар едің?
6 – топ Көк қалпақ ( анализ, синтез ) Шығармадан қандай үлгі алдың?  (тәрбиелік мәні) 

 

Оқулық.

Постер, маркер.

Сергіту сәті

5 мин

 «Жануарлар туралы қызықты мәліметтер»

 Жануарлар туралы қызықты мәліметтермен танысады

Карточкалар, слайд

Қорытынды 10 мин

 Ойтолғаныс.

 

«Қызықты сөзжұмбақ» сөзжұмбақты топпен шешу.

 

Шығармашылық жұмыстарда, оқушылардың жауаптарын талдау кезінде әр топтың жұмысында кім белсенділік көрсеткенін сұрайды.

 

Үйге тапсырмаға оқулықтан Оқулықтан 109-112 бетті оқу. Қосымша ақпараттар жинау

«Қызықты сөзжұмбақты» тапқырлығына қарай шешеді. Оқушылардың логикалық ой-өрісі шыңдалады.

 

Топтар бірі-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды.

 

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Кері байланысты «Таңдау» тәсілімен жазады.

Постер, маркер.

 

 

 

 

Күнделік

Сабақтан кейінгі кері байланыс (мұғалімдер)

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз