Өлең, жыр, ақындар

Төрт түлік

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік

Сабақтың мақсаты: Төрт түлік туралы білімдерін қалыптастыру.

                             

Сабақтың міндеттері: 1) Төрт түлік туралы білімдерін нығайту

                                    2)Төрт түліктің адам өміріндегі пайдасы

                                        жайлы түсініктерін  қалыптастыру

                                    3)Жануарларды қорғай,қадірлей білуге үйрету

Сабақтың типі:интерактивті

Сабақтың әдістері: «Шаттық шеңбері»

                                 «Миға шабуыл»

                                 «Топтық жұмыс»

                                 «С Т О»

                                 «Кері байланыс»

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабаққа қажет құрал мен көрнекіліктер:суреттер,маркер,плакат

Күтілетін нәтиже 1) Төрт түлік туралы білімдері нығаяды

                                    2)Төрт түліктің адам өміріндегі пайдасы

                                        жайлы түсініктері  қалыптасады

                                    3) Жануарларды қорғай,қадірлей білуге үйренеді

 

                                                      Сабақ жоспары

Кезең

Сабақ бөлімдері

Сабақ әдістері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білім 4мин

Ұйымдастыру Психологиялық дайындық

«Шаттық шеңбері»

 

 

«Жылы сезімдер» жаттығуын ұйымдастыра отырып,сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.Мұғалім бүгінгі күнге, сыныптағы оқушыларға,табиғатқа

рақмет айтып, оқушыларға сәттілік тілейді.

 

Оқушыларды төрт түліктің суреті арқылы  топқа бөлу.

Оқушылар төмендегі өлең жолдарын айтады.

Мейірімді тілекпен,

Ақ пейілді жүрекпен.

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық. Оқушылар бір-біріне

сәттілік тілейді.

 

Оқушыларды төрт түліктің суреті арқылы 4топқа бөлінеді.

 

Түсіну

10 мин

Сабақтың мақсатын талдау,

қызығушылығын ояту

 

«Миға шабуыл»

 

 

 

Сабақтың мақсатымен таныстыру.Бүгінгі сабақтан күтілетін нәтижемен таныстыру

-Балалар біз суреттер арқылы топқа бөліндік Ендеше топта «Алтын ережені» сақтап жұмыс жасайтын боламыз.

 

 

 

 

Оқушылар «Алтын ережені»оқып танысады

Қолдану

5 мин

Жаңа сабақ:

1 Қызығушылығын

ояту

2Ой қозғау

 

 

 

 

 

 

 

3Мағынасын ажырату,мақсат қою

 

PowerPoint арқылы «Төрт түлік» туралы слайд көрсету

«Миға шабуыл»

 

 

-Балалар интербелсенді тақтадан төрт түлік жайлы бейнефильмді тамашалайық.

-Балалар біздің бүгінгі сабағымыз сендер топ болып 6 тапсырманы орындауларың тиіс.

1.Сөзжұмбақ шешу

2.Төлдерді қалай шақырады?(сәйкестендіру)

3.Төрт түлік иелерін интербелсенді тақтада жазу

4.Семантикалық картамен жұмыс

5.Төрт түліктің төлдерін табу

6.Топтастыру әдісін пайдаланып постермен жұмыс жүргізу

7.Топ басшылар жаңылтпашты мүдірмей 5 рет айтуы тиіс .

Бағалау формативті түрде түстермен бағаланады,яғни

қызыл түс-өте жақсы, жасыл түс-жақсы,

сары түс-орташа

 

Оқушылар интербелсенді тақтадан төрт түлік жайлы бейнефильмді тамашалайды.

 

Оқушылар тапсырмалармен танысады

1.Топ болып сөзжұмбақ шешіп жасырынған сөзді табады

2. Төлдерді қалай шақырады? атты тапсырманы интербелсенді тақтада сәйкестендіреді

3.Төрт түлік иелерін интербелсенді тақтада жазады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдау

10 мин

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

С Т О әдісі

 

 

 

Семантикалық картамен жұмыс

Төрт түліктің төлдерін табу

 

Семантикалық картамен жұмыс жасап,төрт түліктің сүттерін шатаспай белгілеуі тиіс.

Төрт түліктің төлдерін тауып жазады.

Оқушылар «Қошақаным»әнін орындайды

Жинақтау

10 мин

Жаңа сабақты бекіту

 

 

«Топтық жұмыс» Топтастыру

әдісі

Топтастыру әдісін пайдаланып  оқушылар өз тобының түлігі жайлы түсінік беруі тиіс болады

 

 

Топтастыру әдісін пайдаланып постермен жұмыс жүргізеді

 

 

Қорыту

 

Топ басшылар жаңылтпашты мүдірмей 5 рет айтуы тиіс .

Топ басшылар жаңылтпашты айтады.

 

Бағалау

6 мин

Өзара бағалау

Кері байланыс

Описание: https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQPVTk6EQvorBduQn3ZPjRa-JObk2XPnoItqKauulCvyx84-S4nUgФормативті бағалау

 

Оқушылар өз көңіл күйлерін смайликпен белгілейді Өте жақсы, жақсы, орташа


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз