Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылы
Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебі.
Зекенова Гульнур Смаиловна
Бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Мақсаты: Хабарлы сөйлем туралы түсінік беру. Сөйлем туралы алған түсініктерін кеңейту. Жүйелі сөйлеуін, ойлауын, жазу мәдениетін дамыту. Жақсы мінез-құлыққа, еңбекшіл болуға жолдасының пікірін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас
Әдістері: Сұрақ-жауап, жұптық, топтастыру
Көрнекілігі: Суреттер
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру, сыныптық сабаққа дайындығы
Қызығушылығын ояту: Жылдың қай мезгілі?
Қыс айларын ата?
-Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Тіл туралы бір шумақ өлең
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау
Мұғалім:
ІІІ. Хабарлы сөйлем (ереже шығарып алу)
Хат. Хатшы. Хабар. Хабарлама. (көркем жазу)
Жаңбыр жауып тұр.
-Сөйлем ойлаңдаршы: 1 2 3 4
Әуелі жұпта айтамыз.
Оқулықпен жұмыс.
«Ой қозғау» 2 -жаттығу.
Қосымша тапсырма. Мәтінге ат қой. Бұлбұл.
Бұлбұл –кішкентай құс. Ол таңертең ағашқа қонып алып сайрайды. Бұлбұлдың үні құлаққа өте жағымды.
Топтық жұмыс. Мақалдың жалғасын табу.
Байлықтың атасы-еңбек,...................(анасы-жер)
Ақыл көпке жеткізер,...................(өнер көкке жеткізер)
Алып анадан туады.....................(тұлпар биеден туады)
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрып, көзімізді жұмып елестету. Жапалақтап қар жауып тұр. Басымызды шалқайтып, екі қолымызды жайып рахаттану. Қар бетімізге жәй қонып жатыр, қонып жатыр ,қол соғу, алақай, аққала жасайтын болдық.
3–жаттығу. Сөйлем құра? Сөздердің орынын ауыстырп беру.
4 сөз Орманның іші аппақ қар..
5 сөз Балалар ауыл маңындағы сырғанақ шықты
3 сөз Қар қалың жауды.
6 сөз Қыста қоян тонын ақ түске ауыстырады.
ІҮ. Сабақты бекіту. Бүгін нені білдік?Хабарлы сөйлем нені білдіреді? Сөйлем соңына не қойылады?Хабарламаны жеткіз.
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үй тапсырмасы. 4 –жаттығу.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі