Өлең, жыр, ақындар

Жақсы сөз-жанға қуат

№103 жалпы орта мектебінің

 бастауыш сынып мұғалімі

Мирзахметова Гаухар

Сабақтың тақырыбы: «Жақсы сөз-жанға қуат»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

  1. Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
  2. Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту
  3. Ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, үнтаспа, күн, жүрекшелер, ақбота, қоржын.

Сабақтың жоспары:

  1. ҚР мемлекеттік гимні
  2. Сәлемдесу. Психологиялық дайындық
  3. Шаттық шеңбері
  4. Қоржындағы хатты оқу- «Сахналау»
  5. Ойланайық, пікірлесейік «Әңгімелесу»
  6. Оқып үйренейік. « Мәтінмен жұмыс»
  7. Дәйексөз.
  8. Ән тыңдау
  9. Жаңа ақпарат «Ұстаз оқып береді»
  10. Шығармашылық жұмыс
  11. Тыныштық сәті
  12. Тапсырма «Ойын жаттығу»
  13. Дәптермен жұмыс
  14. Үйге тапсырма Өзіндік жұмыс ретінде
  15. Қорытынды
  16. Жүректен-жүрекке

Сабақтың барысы:

ҚР мемлекеттік гимні

Психологиялық дайындық «Сәлемдесу»

Мұғалім сабақты төмендегі диалогпен бастайды.

-Сәлеметсіздер ме, балалар

-Мен сендермен қайта жүздескеніме қуаныштымын.

-Аяжан, бүгін сенің жүзіңнен бір жақсылық тарап тұрғандай

-Қазбек, бүгін сен көңілді секілдісің?

-Малика, сен күндегіден де әдемісің?

-Иманғали киімің өзіңе қандай жарасымды.

-Ал, балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстайықшы

 

-Балалар нені сеземіз?

-Жылылықты сеземіз

-Бір-біріңе күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңнен нені байқап тұрсыңдар?

 

-Ал, балалар барлығымыз бірге өлең шумағын айтып шығайық

Ой-жүйрік, тіл-шебер,

Танытса шындықты.

Мәнді ойды тілмен бер,

Сөз тауып ұқыпты.

 

Қоржындағы хатты оқу

-Балалар бізге Ақбота өз қоржынымен Данышпан атадан хат алап келді. Сол хатты оқиық.

Данышпан ата:

-Сәлеметсіңдер ме, менің жас бүлдіршіндерім! Мен сендерге бір-біріңе тек жақсы, жылы сөз айтып жүрулеріңді тілеймін!

Жақсы сөз барлық адамның жанына қуат беретінін ұмытпайық.

Қоржындағы сөздерді- «Сахналау»

  1. Сәлеметсің бе?
  2. Айналайын
  3. Кешіріңіз
  4. Рахмет
  5. Өркенің өссін
  6. Сау болыңыз
  7. Құлыным

Ойланайық, пікірлесейік «Әңгімелесу»

-Қандай кезде жақсы сөздерді қлданасыңдар?

-Жаман, дөрекі сөздерді естігенде қандай сезімде боласың?

-Жақсы сөздерді естігенде қандай сезімде боласың?

-Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөздер айтасыңдар?

Оқып үйренейік. « Мәтінмен жұмыс»

«Сыпайы қоян» мексика ертегісі

Оқушылар оқып, мәтінді мазмұндайды.

-Қоянның жылы сөздерінің өзіңе қандай көмегі тиді?

-Жылы сөздер арқылы қандай жағдайлардан шығуға болады?

Дәйексөз:»Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады» Ә. Науаи

Балалардың жауаптары дәйексөзбен түйінделеді.

Ескендір Хасанғалиевтың «Келші-келші балашым» әнін тыңдау.

1.Ән кімге арналған?

2.Осы әннің ішінен қандай жылы сөздер естідік?

Жаңа ақпарат «Ұстаз оқып береді»

Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа достыққа қол жеткізеді.

Шығармашылық жұмыс

Оқушыларды жақсы, жылы сөздер айтуға дағдыландыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.

(Әңгіме, сурет түрінде көрсете алады.)

Тыныштық сәті

Балалар 2-3 минуттай көздерін жұмып, бойларын тік ұстап, ауаны терң жұтып, жәй сазды әуен тыңдайды.

Тапсырма «Ойын жаттығу»

Оөушылардың сабақтан түйген ойларының бекітілу мақсатында ойын-жаттығу ұйымдастырылады.

  1. Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгіме.
  2. Тұтынушы мен сатушы арсындағы қарым-қатынасы
  3. Қайырымдылық істері мен үлгі болған сынып пен мектеп басшысының әңгімелесуі

Дәптермен жұмыс

Оқушылардың сабақтан алған білімдерін пысықтауға арналған тапсырмалар беріледі.

Үйге тапсырма Өзіндік жұмыс ретінде

Жақын адамыңа тілек арнап жазып кел.

 

Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым-қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа достыққа қол жеткізеді.Сол себептен бір-бірімізге жақсы сөз айтуға тырысайық.

 

Оқушылармен шеңбер құрып, жақсы, жылы сөздер айтып шығамыз. Уысындағы жүректі бір-біріне сыйға тартып, алақандарына салады.

С. Мәуленовтың «Күнім менің» өлеңін бар дауыспен айтады.

Аналар-күнім менің

Бабалар-гүлім менің

Өзендер-күйім менің

Асқар тау-үйім менің

Соларға сүйенемін

Соларға сүйінемін

 


Пікірлер (3)

Нұрасыл

Маған ұнаған жоқ себебі менің іздегенім бұл емес

Жанар

Нұрасыл, логикаң бір түрлі екен. Көмір іздеп алдыңнан алтын шықса да солай дейсің бе?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз