Өлең, жыр, ақындар

Көпжақтар әлемінде!

Алматы облысы, Жаркент қаласы,

А.В.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназия,

математика пәнінің мұғалімі

Сарикова Гульнара Абилкасымовна

Сабақтың тақырыбы: Көпжақтар. (11 сынып)

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушының көп жақтар және олардың беттерінің аудандарын табудағы білімдерін жүйелеу және жалпылау;

2. Оқушылардың есеп шығару дағдыларын арттыру, ой-өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білуге үйрету;

3. Оқушыларды еңбекке баулу, сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсатқа жетуге тәрбиелеу;

Сабақтыңтипі: өткен тақырыптарды пысықтау, қорытындылау.

Сабақтыңтүрі: жарыс сабағы.

Сабақтыңкөрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, үлестірмелі қима қағаздары, кестелер.

Сабақтың барысы.

1. Үй жұмысы. Әр топ өз презентацияларын ұсынады және қорғайды «Бізді қоршаған әлемдегі көпжақтар» тақырыбында. Пирамида, Призма және Дұрыс көпжақтар топтары.

2) Формулаларды жалғастыр:

3) Блиц-турнир (сұрақ – жауап):

«Призма» тобы:

1. Сегіз жақты дұрыс көпжақтын атауы...

2. Ромбтың ауданын табатын формула...

3. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы деп..

4. Көпбұрыштың барлық бұрыштарының қосындысын анықтайтын формула...

5. Шеңбер ұзындығын табатын формула... 

«Пирамида» тобы:

1. Трапецияның ауданың табатын формула...

2. Бүйір жақтары трапеция және табандары өзара ұқсас (гомотетиялы)болып келетін фигураның аты ...

3. 12 жақты дұрыс көпжақтың атауы...

4. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсы  деп..

5. Шеңбер ауданын табатын формула...

«Дұрыс көпжақтар» тобы:

1. Параллелограмның ауданын табатын формула...

2. Барлық қырлары тең болатын үшбұрышты пирамиданың атауы...

3. Пирамиданың бүйір жағының биіктігі деп...

4. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы  деп..

5. Теңқабырғалы үшбұрыштың ауданын табатын формула...

 

4) Кім жылдам?

1. Кубтың диагоналі 6 см-ге тең. Кубтың қырын табыңдар?   (√12)

2. Тікбұрышты параллелепипедтің  өлшемдері 8см, 10см және 13 см. Диагоналін табыңдар? Көлемі?

3. Параллелепипедтің үш жағының аудандары сәйкесінше 20 см2, 30 см2 және 40 см2. Параллелепипедтың толық беті неге тең?

4. Кубтың қыры 9 см. Оның толық беті нешеге тең? Бүйір бетінің ауданы? Көлемі?

5. Дұрыс төртбұрышты призма табанының ауданы 36 см2, ал биіктігі 5 см. Призманың диагональдык қимасының ауданын табыңдар.

6. АВСД дұрыс пирамидасының барлық қарлары 4-ке тең. Пирамиданың апофемасын табыңдар және бүйір бетінің ауданын?

5) Көпжақтардың қималарын салу:

6) Есептерді шығару.

1. Бейбітшілік және Келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Қазақстан халықтары ассамблеясы, ұлтаралық және дінаралық келісім орталығы болып келеді. Бұл ғимарат дұрыс пирамида түрінде салынған. Оның табанының  қабырғасы 62 метр, биіктігі де 62 метрін құрайды,  яғни «Фибоначчидің алтын қимасы» қағидаттарына сай тұрғызылған. Осы ғажайып құрылыстың бүйір бетінің ауданын анықтау қажет?(15376 м2)

 

 

 

 

2. Жаздық шатырдың құрылысы тікбұрышты параллелепипедтің 3 бүйір жағынан  тұрады және төбесінде  дұрыс төртбұрышты пирамида. Оның табанының диагоналі 6√2 м. Осы шатырдың сыртын қаптауға неше квадрат метр мата керектігін  анықтау керек?  (240 м2)

 

 

 

 

3. Бөлменің ұзындығы  10 м, ені 5м және биіктігі 4м. Толық бетінің ауданының 10%-ын   есік пен терезе құрайды. Ақталуға тиісті бөліктің ауданың анықтау қажет?

 

 

 

7) Сабақты қорытындылау. Синквейн.

СИНКВЕЙН әдісі - ақпаратты түйіндеу, күрделі ойларды бірнеше маңызды сөздермен, кең және қысқа сөйлемдермен жеткізу.

— Бірінші жолда- тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)

— Екінші жолда- тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)

— Үшінші жолда- тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)

— Төртінші жолда-4 сөзден тұратын бір сөйлем.

8) Оқушыларды бағалау. Рефлексия.

 

 


Пікірлер (3)

Күнделікті сабақ жоспары өте жақсы жоспарланған,сі

Күнделікті сабақ жоспары өте жақсы жоспарланған,сізге рахмет

mansur101

керемет

 

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз