Қызылорда қаласы «Парасат» мектебі
«Қазақ тілінен бастауыш білім беру» мұғалімі
Тоқшылықова Замира Ғалымжанқызы
Сабақ жоспары
|
||||||||
Сыныбы: 3 Пәні: Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Зат есімді қайталаймыз
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Зат есім туралы өткен сыныпта алған білімдерін еске түсіру.Жаттығулар орындау барысында зат есімдерді тауып,туынды зат есімге айналдыра білуге үйрету. ә) дамытушылық:Оқушылардың ойлауын және сөйлеу тілін дамыту,ой-өрісін кеңейту. б) тәрбиелік: Тапсырмаларды жылдам,шапшаң,қатесіз орындауға баулу.Көркем жазуға икемдеу, машықтандыру.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,әңгімелесу,түсіндіру,баяндау,ойын. Сабақтың көрнекіліктері: кесте, ребус Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,зейіндерін сабаққа аударту.
Психологиялық дайындық Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз. Біз талантты жас ұлан Үлгі аламыз жақсыдан.
|
||||||||
II. Үй тапсырмасын тексеру:
4-жаттығудың орындалу барысын тексеру. Қорыту сұрақтары: Түбір дегеніміз не? Мысалдар келтір. Қосымша дегеніміз не? Мысалдар келтір. Қандай белгілермен белгіленеді?
|
||||||||
III. Жаңа сабақ:
«Адасқан әріптер» ойыны.
Шарты: Көрсетілген белгілер арқылы әріптерден жаңа сөз құрау.
|
||||||||
1-жаттығу. «Сарғайған жапырақтар» ойыны Шарты: Жапырақ бейнесіне жазылған сөздерден зат есімдерді тауып, тақтаға жазу. Орман,кітаптар,ожау,құстар
2-жаттығу. Сөздерді үлгі бойынша кестеге жазу. Қала, Қалибек,шыршалар ,Гүлнұр,қалалар, гүлдер,шырша, Шынар,гүл.
Сергіту сәті: Қане,қатар түзеліп, Оқушыға лайық. Қолымызды жіберіп, Түп-түзу болып тұрайық. Бірінші қатар жай отыр Екінші қатар сен де отыр Үшінші қатар тез отыр.
3-жаттығу. Берілген сөздерден жұрнақ қосу арқылы туынды зат есім жаса.
Боксшы,теннисші,волейболшы, шахматшы, футболшы, хоккейші.
4-жаттығу. Ребус шешу. |
||||||||
Сабақты бекіту:
«Бір сын есімге, көп зат есім» ойыны қызық әдемі «Жаңа зат есім» ойыны «Қазақстан» сөзінен бірнеше зат есім жасау. Үй тапсырмасы: 1) 5-жаттығу. 2)Сенің сыныбыңда осындай есімді оқушы бар ма? Олардың жақсы қылықтары туралы әңгімеле. Бағалау: Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бес балдық жүйе бойынша бағалау
|
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі