Өлең, жыр, ақындар

Желтоқсан - ерлік тарихымыз

Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан – ерлік тарихымыз (Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты)

Сабақтың мақсаты:

–    Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру, еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру.

–    Қазақ елінің рәміздерін қастерлеп, туған жерін, ата-мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру.

–    Оқушы бойында патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал жасау.

Сабақтың түрі: тарихи-танымдық тәрбие сағаты.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер

Сабақ барысы:

 1)  Ұйымдастыру кезеңі.

 2)  Кіріспе: оқушы

Қазақстан дейтін менің Отаным

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанғам,

Бұл далада өскен жан да жоқ арман!

Мұғалім сөзі: Ата-бабалардың армандап өткен Тәуелсіздігіне қол жеткелі міне 20 жыл толыпты. Аталар арманы орындалып, халқымыздың мерейі үстем болды. Әлемге әйгілі болды.

1-оқушы:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді

Туымызды бізге ешкім бермеді.

Ел тізгінің қолына алу жолында

Қыршын кетті талай қазақкерлері.

 Сахналық көрініс - оқушылардың тәуелсіздік алғанын иммитация көрінісі. (5-7 мин)

2-оқушы: (тарихи оқиғиларды тақта арқылы көрсету)

Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ

Өйтпесе тілім қайтіп қанат жаймақ?

Ұран жазып, қып-қызыл ту көтеріп,

Жастар шықты алаңға «Елім-айлап».

Мұғалім сөзі: (Қайраттың портреті)

Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбеков халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімін ел жадында мәңгілік жазып кетті.

Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанова Ләззатың, Сыпатайұлы Ерболдың, Мұхамеджанқызы Сәбираның, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт-тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.

Қазақ елі өз тәуелсіздігін алды. Көк жүзімен астасқан қасиетті көк Туымыз асқақ желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар, ол азаттық үшін жан аямай алысқан сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы.

Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық! .... Рахмет!

3-оқушы:

Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,

Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.

Содан барып, тоңы еріді кеңестің,

Содан кейін еркіндікті бастадым.

4-оқушы: (бир топ бала аңсаған күні иммитация)

Келді осылай аңсаған күніміз де,

Көптен күткен тәуеліздік келді бізге.

Қайта оралды сан ғасырлық қиындықтан,

Қасиетті тіліміз бен дініміз де.

Хор: «Менің Қазақстаным»

5-оқушы:

Атыңнан айналайын, Егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер!

Мұғалім сөзі: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз болу дегеніміз – ешкімге бағынышты болмай, өз еркімен өмір сүру деген сөз.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16-желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды. Тәуелсз еліміздің тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтанамыз. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранмен айбатты. (Назарбаев, рәміздер слайд көрсету)

Слайд арқылы тарихи деректер бойынша шолу жасау:

 1.  1990 жылғы 25 қазан – Жоғарғы Кеңес «Қазақстан КСР -нің мемлекеттік егемендіігі туралы Декларация»қабылданды

 2.  1991 жылғы 21 желтоқсан Алматы келсімі. 11 Республика Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды.

 3.  1991 жылғы 1 желтоқсан – бүкіл халықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды.

 4.  1991 жылғы 10 желтоқсан – Қазақ КСР-ның атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.

 5.  1991 жылғы 16 желтоқсан – Республика жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылданды.

 6.  1991 жылғы 16 желтоқсан – Республика тәуелсіздік алған күні.

 7.  1992 жылғы 2 наурыз – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

 8.  19992 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды.

 9.  1992 жылғы 11 желтоқсан – Қазақстан Республикасының алғашқы мемлекеттік Әнұраны бекітілді.

 10. 1993 жылғы  28 қаңтар – Қазақстан Республикасының тұңғыш конституция қабылданды.

 11. 1995 жылғы 30 тамыз – еліміздің жаңа Конституция қабылданды.

 12. 1995 жылғы 15 қараша – Республика Президентінің жарлығымен ұлттық теңге айналымға енгізілді.

 13. 1995 жылғы 1 наурыз – Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.

 14. 1997 жылығы қазан - «Қазақстан - 2030» стратегиясы жарияланды.

 15. 2011 – Азиада  қысқы олимпиада өтті.

6-оқушы:

Қазақстан!

Қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәнің мен ұғын, біл.

Он бір әріп не мағына береді?

Ал тоғайық жеткенше қызыл тіл.

Т - білдіреді теңдікті,

Ә – әдептілік, әлдікті, әділетті

У – уайымсыз уақытты

Е – егемендік, елдікті

Л – дейді лағып лепірме

С – сенімділік, секілді ең

І – ілтипат пен ізетқой

З – зиалылық тілекқой

Д – шақырады достыққа

І - ізеттілік

К – дейді күн боп көктегі

(әріптерді айтқанда, балалар қолдарына әріпті ұстап, ортаға шығады).

Ортада жиналған топ бала хормен айтады:

Біздер – Тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланмыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармаймыз.

Мұғалім сөзі:

Міне тәуелсіздігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан – жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау-елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы. Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.

Хор «Атамекен»

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер