Баскетбол. Допты алып жүру, торға тастау әдістерін үйрену.
Сабақтың мақсаты: Баскетбол ойын тәсілдерін үйрету және допты алып жүру, торға тастау тәсілдерін жетілдіру.
Қажетті құрал – жабдықтар: Баскетбол доптары, сеткасы, ысқырғыш, секундомер.
Сабақтың өтілетін жері: Мектеп спорт залы.
Сабақтың барысы:
- Кіріспе бөлім
- Негізгі бөлім
- Қорытынды.
- Кіріспе бөлім.(10 минут)
Оқушыларды сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, сәлемдесу. Оқушылардың спорттық киімдеріне көңіл аудару. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптық жаттығулар орындату. Орында бұрылу (оңға, солға, кері айналу). Орындағы және қозғалыстағы жүріс. Қолды белге қойып, аяқтың ұшымен жүру. Қолды желкеге қойып, өкшемен жүру. Орында бұрылу жаттығуларын және дұрыс жүру, жүгірулерін қадағалау. Ара қашықтықты сақтап жүгірулерін ескеру.
Жүгіру жаттығулары:
- бір қалыпты баяу жүгіру
- әр адымға секіре жүгіру
- оң, сол қапталмен жүгіру
- қолды алдыға созып, тізені алақанға тигізіп жүгіру
- алақанды артқа ұстап, өкшені артқа лақтыра жүгіру.
Жалпы дайындық жаттығулары (ЖДЖ).
- Бастапқы қалып аяқты иық деңгейінде ұстау. Қолды белде ұстап басты асықпай оңға, солға айналдыру. 4-5 рет
- Бастапқы қалып, қол иықта. Денені тік ұстап қолды алға, артқа 4 реттен айналдыру.
- Бастапқы қалып. Сол қол белде, оң қол жоғары 1-2 сол жаққа иілу, 3-4 оң жаққа иілу. Иілу кезінде тізені бүкпеу, денені тік ұстау.
- Бастапқы қалып. Қол шынтақтан бүгіле, кеуде тұста 1-2 қолды артқа қарай керу, 3-4 солға бұрыла қолды түзете артқа керу. 1-2 қолды артқа керу, 3-4 оңға бұрыла, қолды түзете артқа керу. Қолды параллель ұстап, барынша керу.
- Бастапқы қалып қолдды екі жаққа соза ұстап, алдыға иілу. 1-оң қолды сол аяқтың ұшына жеткізе тигізу. 2-сол аяқтың ұшына жеткізе тигізу. Тізені бүкпей, қолды аяқ ұшына жеткізу.
- Бастапқы қалып аяқ дене жалпағында, қол жанда 1-қолды жоғары, артқа иілу. 2-алдыға иіліп, қолды аяқ ұшына жеткізу. 3-қолды алдыға соза отыру.4-бастапқы қалып. Алдыға иілгенде, тізені бүкпеулерін ескеру.
- Негізгі бөлімі.
Допты алып жүру баскетбол ойынындағы негізгі тәсіл.
- Допты бір қолмен алып жүру
- Алма-кезек екі қолмен алып жүру.
- Допты шығыршыққа салу бір және екі қолмен орындалады.
- Жоғарыдан бастан асыра екі қолмен лақтыру. (Секіру кезінде және бір орында орындалады)
- Бастан асыра бір қолмен лақтыру.
Допты алып жүруде ойыншы аяғын сәл бүгіп қозғалады. Допты торға салу аяқ пен қолдың келісімді қимылдарына байланысты.
- Қорытынды.
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сабаққа жақсы, белсене қатысқан оқушыларды атап өтем. Сабақта өтілген жаттығуларды қайталау. Қарлығаш бейнесін қайталау. Оқушыларды бағалау.
4. Үйге тапсырма.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі