Тақырыбы: «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы»
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, слайд.
Барысы: Әнұран орындалады.
1 - жүргізуші:
- Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Биыл еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толып отыр.
2 - жүргізуші:
- Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!
1 - жүргізуші:
- Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
2 - жүргізуші:
- Достар, мен тәуелсіз ел болу дегенімізді өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін- еркін сөйлеуің деп түсінемін.
1-жүргізуші:
- Олай болса, біздің достарымыз тәуелсіздік туралы не айтады екен?
1-оқушы:
Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім
2-оқушы:
Тәуелсіздік таңы атты,
Азаттықтың күні атты.
Тәуелсіздік алған ел,
Егемен қазақ халқы.
1 - жүргізуші.
- Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Ендеше, тәуелсіздік жолындағы тарих беттеріне тағы бір зер салайық.
Көрініс «Бөгенбайдың қазақтарды жоңғарларға қарсы шабуылға шақыруы»
3-оқушы:
Қалса да қайда көлің, қайда жерің,
Қасқайып хақ жолынан таймап едің.
Айрылып күндіз – күлкі,түнде – ұйқыдан
Күткенің осы еді ғой, қайран елім!
4-оқушы:
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып,армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
5-оқушы:
Өр едің өліссең де беріспеген,
Ел едің еншісін де бөліспеген.
Зар мұңның әні бар ма сен айтпаған,
Тағдырдың зәрі бар ма сен ішпеген?
2-жүргізуші:
- 1931-33 жылдары өркениетті қоғам құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40 % қырылды.1 млн 578 мың халық атамекенін тастап кетті. 40 жылдай уақыт өткеннен кейін ғана бәрі қалпына келді.
6-оқушы:
Хандардың қайталама қателерін,
«Ұлт бол» деген нығайтып қатарларын.
Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің
Ұмытпа ешқашан баталарын.
7-оқушы:
Біз намыскер – қазақ елі ұланымыз,
Қорғайтын жерді Отан – қыранымыз.
«Талап, еңбек, терең ой, қанағат қыл,
Рақым ет» - дер Абай айтқан ұранымыз.
8-оқушы:
Бізге де кез келді ғой көктем шығар,
Зілзала, құйын заман өткен шығар.
Күндіз –түні шырылдаған құлын даусың
Құдайдың құлағына жеткен шығар.
Бейнетаспадан көрініс көрсету «Қазақ елінің дамуы»
9-оқушы:
Қара мына ғажапқа,
Теңдік тиді қазаққа.
Езгідегі ұрпағың
Енді айналмас мазаққа.
10 оқушы:
Өзіңдікі туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным!
Белді бекем буын да.
11-оқушы:
Ұраның да жасасын! Құраның да жасасын!
Қасиет кие дарыған, ұланың да жасасын!
Қанатынан қайрылып, қыл арқаннан майрылып,
Қонақ тәуелсіздіктен, қала көрме айрылып.
1-жүргізуші:
- 1937-38-жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Бұл жылдарда Кеңес үкіметін нығайтуға қатысқан 27 мыңнан астам көрнекті қайраткерлер атылды.
2-жүргізуші:
- Ал 1941- 45-жылдары қиында ұзақ 4 жылға созылған Ұлы Отан соғысы болды.1418 күнде 20 млн. адам қаза тапты.Достар, ерлік көрсеткен батырларды атайықшы.
12-оқушы:
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
13-оқушы:
Беу Астана!Ардақты ақ қаласың!
Жасап жатыр туған ел салт – жорасын.
Туған күнің, Астана, құтты болсын!
Бақытты бол! Ортаймас бақ орнасын!
14-оқушы:
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат.
Мен қазақпын дегенде қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын,
Жетер сан жыл шеккен малдай азап.
1-жүргізуші:
- 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.
15-оқушы:
Ағалардың алып берген биігін
Абыроймен асқақ ұстан жастарың.
Қазақстан деген алып мемлекет
Қарыштап тек алға қадам басқаның.
Атағыңа ғашық болсын жер жаһан,
Азат елім, ашық болсын аспаның!
Би «Қазақ елі»
2 – жүргізуші:
-Енді еліміздің тәуелсіздік шежіресін тыңдайық.
-1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады.
-1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздері қабылданды.Қазан айында тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.
-1993 жылы 15 қазанда ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді, ол өмірдегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды.
- 1995 жылы 30 - тамызда Ата заң қабылданды. Заң 2001 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді. Сөйтіп, жаңа Конституциямен еліміздің жаңа тарихы бастау алды.
1 - жүргізуші:
- Ия, достар, алғаш рет 1 - желтоқсан Президент күні деп жарияланды.
Хор «Көк тудың желбірегені» әні
1 – жүргізуші:
- Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға - әпкелеріміздің арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.Ендеше, осындай бейбіт елде ата- ана,бауырларымызбен тамаша өмір сүрейік!
Би «Әке мен ана»
Би «Көңілді күн»
Хор: «Қазақстаным менің» әні
2 – жүргізуші:
Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсан- тәуелсіздіктің бастауы» атты әдеби музыкалық ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі