Мақсаты: балаларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін ояту.
Мереке қарсаңындағы көтеріңкі көңіл – күй. Орталықтан шыққан әсем күй әуені балабақшаның барлық топтарына тарап тербеп тұр. Зал іші мерекеге сай әсем шарлармен, әдемі безендірілген.
Ортаңғы және Ересектер тобы бүлдіршіндері әдемі киініп, музыка ырғағымен ішке еніп, орындарына жайғасады.
Бүлдіршіндер жайғасқан соң, Қазақстан республикасының мемлекеттік әнұраны орындалады. Мерекеге жиналғандар сап түзеп, оң қолдарын жүрек тұстарына апарып, әнұранды бірге шырқайды.
Жүргізуші:
- Армысыздар құрметті тәрбиеші апайлар мен қонақтар және сүйкімді бүлдіршіндер! «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіз күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.
- Балалар, сендер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екендеріңді естен шығармайық.
Хор: «Біз өмірдің гүліміз!»
Бүлдіршін:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Бүлдіршін:
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін.
Ал енді Тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі – бақи желбіресін!
Бүлдіршін:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бүлдіршін:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бүлдіршін:
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Бүлдіршін:
Тапталмасын деп қазақтың кек, ары,
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары.
Топты бастап шықты Ләззат алаңға
Толған еді он алтыға не бәрі.
Бүлдіршін:
Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,
Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым да.
Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.
Бүлдіршін:
Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.
Бүлдіршін:
Мереке бүгін бақ күні,
Егеменді елімнің.
Желбірейді көк туы,
Түсіндей боп көгімнің.
Бүлдіршін:
Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азаттық елдің ұлымын,
Теңескен төбесі көкпенен.
Бүлдіршін:
Тәуелсіздік таңын сүйем.
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.
Бүлдіршін:
Аласармас аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында.
Бостандықтың желі еседі.
Бүлдіршін:
Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.
Бүлдіршін:
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.
Бүлдіршін:
Бостандығым тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.
Жүргізуші:
- Балалар, рәміздер туралы білеміз бе?
Балалардың жауабы
Жүргізуші:
- Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі.
- Рәміздер – халқымыздың рухани, ұлттық салт санасын болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін құнды белгілер. Ал біздің ортамызда рәміздер туралы білгенін айтып беретін балалар бар ма?
- Мемлекеттік рәміздер:
Ән ұран, ту, елтаңба.
Әнұран салтанатты кештерде, жиындарда, спортшылар жеңіс тұғырына көтерілгенде орындалады. Әнұранды барлық бала білеміз. Әнұран шырұағанда тыныш тұрып, оң қолымызды жүрегіміздің тұсына апарып жүрекпен тыңдаймыз. Әнұран сөзінің авторылары: Жұмекен Нәжімиденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі ол Қазақстан туы. Тудың авторы белгілі суретші Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. Біздің туымыз көгілдір түсті, тік төртбұрышты. Көгілдір түс тыныштықты білдіреді. Қақ ортасында сәулесін шашқан алтын күн бар ол байлықтың белгісі. Күннің астында Қыран құсбар. Ол Қазақстан қырандай биікке самғасын дегенді білдіреді. Тудағы ою – өрнек қазақтың ұлттық ою – өрнегі. Біз туымызды құрмет тұтамыз. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары Танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уалиханов. Қ.Р. Елтаңбаларында шаңырақ бейнесі бар. Одан жан – жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уық көптеген халықтар бірлігін көрсетеді. Елтаңбаның екі жағында ертедегі қанатты тұлпар, жоғары жағындағы бес бұрыш жұлдызша бақытты өмірге жол сілтейді. Төменгі жағындағы «Қазақстан»жазуы республикамыздың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы.
Жүргізуші:
- Жарайсыңдар балалар: Мемлекеттік рәміздер туралы өте жақсы айттыңдар. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз боп саналады.
Бүлдіршін:
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.
Бүлдіршін:
Тәуелсіздік –
Бақ туын.
Қолға ұстаған сәт бүгін,
Болсын дәйім шат күнім.
Бүлдіршін:
Көк майсалы жерім менің,
Егеменді елім менің.
Бас имеймін ешкімге,
Тәуелсізбін мен бүгін.
Бүлдіршін:
Егемен болмай ел болмас,
Етек - жеңі кем болмас.
Терезесі тең болмас,
Енді қазақ кем болмас.
Бүлдіршін:
Өзімдікі елім де,
Өзімдікі жерім де.
Би - билейтін күн бүгін,
Тәуелсіздік төрінде.
Бүлдіршін:
Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!
Бүлдіршін:
Жасасын жаса, азат күн,
Жасасын бейбіт ел мен жер.
Бостандық алған қазақтың,
Мәртебесін көрсін ел.
Бүлдіршін:
Қазақстан елім менің,
Саған ешбір жер жетпейді.
Біз тұрғанда шекарадан,
Ешқандай жау өтпейді.
Бүлдіршін:
Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.
Бүлдіршін:
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, бағалап
Өйткені, Отан баласындай
Бізді өсірер аялап
Бүлдіршін:
Отан деген атамекен
Отан деген туған жер
Отан – Ана
Отан – үлкен
Қазақстан туған ел!
Бүлдіршін:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Бүлдіршін:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Жүргізуші: - Балалар сендер туған Отандарыңа деген ыстық ықыластарыңды өлең жолдарымен білдіріп жатырсыңдар. Енді теледидардан (слайд шоу) «Менің Қазақстаным» атты фильм тамашалап көрейік.
Хор:
Бүлдіршін:
Маған қымбат ұлы елімнің
Шешек атқан әр гүлі
Аялайды бәрімізді
Азаттықтың таң нұры.
Бүлдіршін:
Желтоқсанда соққан жел,
Қайратты еске сала ма?
Қайраты жоқ халықтың
Болашағы бола ма?!
Қазағыма Қайрат боп,
Туса екен ұлдарым,
Қалың елге байрақ боп!
Бүлдіршін:
Қазағым мөлдір судай тазалансын,
Есіне Қайрат деген қазаны алсын.
Ел болып, халық болып қолға алайық,
Сол кезде кінәлілер жазалансын!
Бүлдіршін:
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін.
Ал енді Тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі – бақи желбіресін!
Бүлдіршін:
Өсер ұлдың қай сәтте де,
Бірлік болмақ қалауы,
Лаула - лаула желтоқсанның
Мұзға жанған алауы.
Өздеріңдей өр намысты,
Жас өркені бар елдің,
Ешқашанда тиісті емес
Еңкеюге жалауы.
Бүлдіршін:
Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Бүлдіршін:
Қуаныштан қалай кеде кермеспін
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!
Бүлдіршін:
Әлі де бостандық деп атар таңдар,
Ұшқыннан бар әлемге апарғандар.
Қайрат, Ләззат, Ербол, мен Сәбиралар.
Осылар – Желтоқсанда Қаһармандар
Халықтың қабырғасы сөгілмесін,
Аналар ұлын жоқтап егілмесін.
Алладан ақ ниетпен тілейік біз,
Жазықсыз жанның қаны төгілмесін.
Бүлдіршін:
Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.
Бүлдіршін:
Бостандығым тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.
Бүлдіршін:
Тәуелсіздік –
Бақ туын.
Қолға ұстаған сәт бүгін,
Болсын дәйім шат күнім.
Бүлдіршін:
Балабақша серпін нық,
Көкке атады бөркін жұрт.
Тәуелсіздік – ынтымақ,
Тәуелсіздік еркіндік.
Бүлдіршін:
Ән ұраным, жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республика ән ұраны!
Бүлдіршін:
Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.
Бүлдіршін:
Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азаттық елдің ұлымын,
Теңескен төбесі көкпенен.
Бүлдіршін:
Аласармас аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында.
Бостандықтың желі еседі.
Наргиз: Бостандығым тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.
Бүлдіршін:
Менде адаммын, жаралған ет сүйектен,
Арым бар, намысым бар жан тербеткен.
Қазақтың қарапайым бір ұлымын,
Жанын да ары үшін құрбан еткен.
Бүлдіршін:
Желтоқсанның ызғары - ай
Кірпікке қатқан мұздар - ай
«Елім - ай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар - ай
Бүлдіршін:
Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын.
Теңескен төбем көкпенен.
Бүлдіршін:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Әрқашан, әрқашан,
Көк байрағым желбіресін.
Бүлдіршін:
Тақпақ айтып, ән айтып,
Жырлайықшы бүгін біз.
Тәуелсіздік төрінде,
Билейікші бүгін біз.
Бүлдіршін:
Тәуелсіздік таңын сүйем.
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.
Бүлдіршін:
Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.
Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім – сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраны
Би: «Вальс»
Ересектер тобының балалары биылғы жылдан бастап сауаттарын ашып, әріптер үйреніп жатыр. Осы үйренген әріптерінен Қазақстанға арнаған тілектерін құрап айтқысы келеді.
Ендеше балаларды ортаға шақырайық.
Қ – Қазағымыз аман болсын!
А - Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем!
З - Заманымыз тыныш болсын!
А - Аман болайық!
Қ - Қыран құстай биік болайық
С - Сарарқа даласында бейбітшілік болсын!
Т - Табиғатты аялайық
А - Елбасымыз аман болсын!
Н - Нанымыз көп болсын!
Хор: «Біз бақытты баламыз!»
Құдайберген Шұғыла.
Жақсы маған ұнады .Керемет
Құдайберген Шұғыла.
Жақсы , керемет маған ұнады күшті . Мен сіздің тақпақтарыңызды айтам . Тәуелсіз туралы көп тақпақ біледі екенсіз .
Құдайберген Шұғыла.
Маған ұнады керемет