Өлең, жыр, ақындар

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

Қостанай облысы,Арқалық  қаласы,

А.Байтұрсынов атындағы

бастауыш гимназия.

Балова  Б.У.

 

Сабақтың тақырыбы: Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға  тұрлаулы  мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын  қызметіне  түсінік  беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, бастауыштан  кейін сызықшаның қойылу  себебін  түсіндіру, бастауыш  пен  баяндауыштың қай сөз табынан  жасалынғанын анықтауды үйрену .
2. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушыларды   ұйымшылдыққа,  таза,  сауатты жазуға, адамгершілікке,  тапқырлыққа тәрбиелеу.

Оқу  нәтижесі : Бастауыш  та баяндауыш та зат есімнен  болған жағдайда сызықша  қойылатынын білуге тиіс.

Жаттығулар  орындауда  бірдей  сұраққа жауап  берсе бастауыштан  кейін сызықша  қойылатынын  ұғынуы  керек.

Бастауыш пен  баяндауыштың арасында  қойылатын  сызықшаны  саналы  түрде  зерттеп , талдап  қолдану керек.

Сабақтың түрі:  Топтық  жұмыс сабағы.
Әдісі - тәсілдері: Түсіндіру, оқыту, сұрақ - жауап, талдау, практикалық, баяндау.
Көрнекі құралдар: Тақырыптық суреттер, сызбалар, кестелер, үлестірмелі дидактикалық материалдар, тест тапсырмалары, бағалау парақшалары.

Сабақтың барысы: 1.  Ұйымдастыру   кезеңі.  Сынып  оқушыларын белгіленген  сандар  бойынша  жеребе  арқылы  топқа  бөлу. ( 5 минут)
Психологиялық дайындық
Қатар – қатар тізіліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,
Түп – түзу болып тұрайық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз
Отыруға нақпа – нақ
Дайындалдық бәріміз
1 – қатар жай отыр
2 – қатар тез отыр
3 – қатар сен де отыр
Сабақ бастар кез болып тұр.
Топтар  өздерін  таныстыру,  топ ережелеріне тоқталу , бағалау тәсілдерімен, парақшалармен  жұмыс. ( 5 минут)

ІІ.  Миға  шабуыл    Топтарға   сұрақтар   беру, жауап  беру  3 минут
Топтар   өзара  бір-бірін   бағалайды      А тобы- В тобын  В тобы- С тобы С тобы- А тобын  ( 2 минут)

ІІІ.  Қызығушылықты   ояту.  Үш топ  тапсырманы   орындай  отырып   сабақтың  тақырыбын   анықтайды.   Жаңа  сабақтың   тақырыбы :  Бастауыштан кейін  қойылатын   сызықша.  Мысалдар   келтіре   түсіндіру
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.     Аққу -  құс.   Аққу  ұшты.
Әр оқушы өзін- өзі  бағалайды  Бағдаршам  арқылы     (5 минут)
ІV.  Дәптермен  жұмыс . Көркем жазу минуты.( 3 минут)
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Дәптерімізді ашайық.
Көркем етіп жазайық.
Ее  Ее

Еңбек

Еңбек – жан рахаты.
Ендеше  бүгінгі  күні  еңбектене  отырып  жұмыс жасаймыз.
V. Оқулықпен жұмыс.  (5 минут)
1 – жаттығу.  1 топ
Сөйлемдерді көшіріп жазу. Бастауыш пен баяндауышты тауып, сұрақ қою.
Ғалия – үлгілі қыз. Құрманғазы – атақты күйші. Алматы – жасыл қала. Дәулет – озат оқушы.
VІ.    2 - жаттығу.  2 топ
Мақалды жатқа жазу. Бастауыш пен баяндауыштың астын сызу. Бастауыштан кейін сызықшаның қойылуын түсіндіру.
Ата – асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ.

4- жаттығу  3 топ   Сөйлемдерді баяндауышы  зат есім  болатындай өзгертіп  жазу. Үлгі: Жандос күй тартты. Жандос – күйші.

  Жамбыл Жабаев өлең жазды.  Жамбыл- ақын
  Райгүл би биледі. Райгүл – биші.
  Анам ас пісірді. Анам – аспаз.
  Раушан шаш қиды. Раушан – шаштаразшы..
УІ.  Шығармашылық  тапсырма  (5 минут)

«Білімді мен  өнерлінің  қағазда аты  қалар,Ұстаның  жасаған  заты қалар» ендеше  өз сыныбымыздың  оқушыларының  өнерлерінен  сыр  шертейік:  Суреттен  кімдерді  көріп  отырмыз.  Үш топ  үш оқушының  өнері  туралы  қысқаша  өз  ойларын  жазады. УеенУУууууі

5 – жаттығу. Танымдық  тапсырма    ауызша  орындауға  да  болады.(5 минут)
Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырып жазу.
Үлгі: Тіл – қарым-қатынас құралы.
1 – топ:  1..... – білім беретін мекеме.
2 – топ:  2..... – жер қойнауын зерттейтін
3 – топ:  3..... – жасы жетуіне байланысты құрметті демалысқа шыққан адам.
4 – топ:  4.....   -темірден түйін түйетін адам.
ХІ. Үйге тапсырма
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
3 – жаттығу. 74 бет.
Бастауыштан кейін сызықша қойып, өлеңді көшіріп жаз.
ХІІ. Бағалау.
Мұғалімнің айтқанын,
Мықтап ойға тоқимыз.
Бар ынтамен оқысақ
Кілең «5-ке» оқимыз, - деп әр топтың жинаған ұпай сандарын санап, бағалау, мадақтау .    Топ  басшылары   бағалайды, қорытып  мұғалім бағалайды. 


Пікірлер (2)

айда

жақсы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз