Өлең, жыр, ақындар

Келісім түбі – жарастық

Мектеп: Б. Сырттанов орта мектебі
Күні: 25.11.15ж.    
Тақырыбы: «Келісім түбі – жарастық»
Құндылық: Дұрыс әрекет 
Қасиеттері:  - «татулық», «ауызбірлік», «достық»  туралы  ұғымының адамгершілік  құндылығын түсіндіру ;
Мұғалім: Талқанбаева Ғ.Б
Сыныбы: 2-сынып, Оқушылар саны-24

 Мақсаты:

«Достық», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Мідеттері

-келісім, жарастық туралы түсінік беру;

-оқушылардың өзара жағымды қарым- қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету;

-өзара татулыққа , шыдамдылыққа, ауызбірлікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дерексөздер,аудиожазба)

Сабақтың барысы:

 

1. Ұйымдастыру кезеңі

Үлкенге  де сіз

Кішіге де сіз

Құрметпенен бас иіп

Сәлем бердік біз

 

2. Тыныштық сәті

 

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызбен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің  ішімде...

Мен нұрмын.

3.Суретті сөзжұмбақ (сабақтың тақырыбын ашу)

Суреттегі бірінші әріпті алып-бүгінгі сабақтың тақырыбын шешіңдер.

4.Оқушылар сабақтың тақырыбын шешкенен кейін, сабақтың мақсатын қоюға қатысады.

5.Әңгімелесу

Сабақ тақырыбына байланысты «келісім» сөздерінің мағынасын ашу

-Сыныптастарыңмен ренжісіп қалған кездерің болды ма?

-«келісім» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Өзгелердің пікірімен келіспеген жағдайда не істер едіңдер?

-Келісімге келу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

 

6.Дәйексөзді шығарып алуға дайындық (суретпен жұмыс)

    «Көп біріксе- береке»

7. Мәтінмен жұмыс

«Өсиет әңгіме» (аңыз)

Мәтінді бекіту

-Адам, Ат, Ит үшеуі қандай келісімге келді?

-Жапалақ неліктен жалғыз қалды?

-Келісімде, жарастықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

8. Сахналау (Адам, Ат, Ит рөлінде)

9.Сергіту сәті

10. Жаңа ақпарат

Адамдар бір- бірімен өзара

Тіл табысуы, түсінісуі, ортақ

шешімге келуі оларды

қуанышқа, шаттыққа бөлейді.

11.Шығармашылық топтық жұмыс (сурет сұлбасымен жұмыс)

Қорытындысы:

«Келісіп пішкен тон келте болмас» сендердің ортақ келісімге қалай келдіңдер, қандай қасиеттерің пайдасын тигізді.

Ортақ еңбек жемісімізді күн шапағатына жапсырайық, күннің нұрын шашайық.

1.ұйымшылдық

2.достық

3.Бірлік

4.кешірім

5. еңбекқорлық

6. көмек

7.шыдамдылық

8.келісім

12. Жағдаяттарды шешу

 

13 Дәптермен жұмыс

Тапсырма:

Берілген ойлардың қайсысымен келісесіңдер?

14. Ойын «Жалғасын тап» (мақал- мәтелдің жалғасын табу)

 

15.Сабақты бекіту

 

 

16.Топпен ән айту

 сөзін жазған:  С Молдасанұлы

Әнін жазған: Ұ. Жолдасов

  

17. Соңғы тыныштық сәті

(«Тыныштық, тыныштық, тыныштық,

Тыныштық бар жерде тыныштық.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық,

Тыныштық бүкіл әлемде.

Баяу ән қойылады. Оқушылар денемізді, басымызды тік ұстап, көздеріміді жұмайықшы.

«Бүгінгі өткен сабағымыздын нені түсіндік, қандай жақсы қасиеттерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.Жайлап көзімізді ашайық. Сол жақсы қасиеттерімізді шарға жазып, бір- бірімізге сыйлайық.

 

 

Оқушылардың іс-әрекеті.

 

Оқушылар ыңғайлана   отырып, көздерін  жұмады.

Оқушылар жауап бере отырып, өз пікірлерін айтады

 

Мәтінді түсіну арқылы өз ойларын жеткізеді

Оқушылар  жалғыз өзі жұмыс жасағаннан гөрі бірігіп жұмыс жасау, жақсы нәтижеге қол жеткізетінін  айтады.  «Ал көп адам бірігіп еңбек етсе, жұмыс әрі қызықты, әрі тез, әрі тиянақты бітеді. Бірігіп жұмыс жасау адамдар арасында достыққа, бауырмалдылыққа, бір- біріне қамқор болуға, ұйымшыл болуға жетелейді» деген пікірге  келеді.

 

Жағдаяттарды  шешіп, өз  ойларын айтады.

 

Дәптермен жұмыс жасайды.

Мақалдың  сыңарын  тауып  жалғастырады.

Оқушылар  хормен   ән айтады.

Оқушылар  шарларға бүгінгі сабақта  өз бойларына жинаған жақсы қасиеттерді жазып, бір- біріне сыйлайды.

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз