Өлең, жыр, ақындар

Өсімдіктердің өсуі және дамуы.

Күні --- ----------------- 2015 ж.           Пәні Биология          6 сынып                   Сабақ №29.

 

Сабақтың тақырыбы: Өсімдікттердің өсуі және дамуы.

Сабақтың мақсаты

 

Білімділігі: Оқушыларға оқушыларға өсімдіктердің өсуі мен дамуі туралы түсінік беру.

Дамытушылық :Оқушылардың ынтасын,қығушылығын артырып,өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдыру.Оқушының жан-жақты ойлауын,ізденуін дамытып,есте сақтау қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларға өсімдіктер дүниесін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:

С а б а қ т ы ң     б а р ы с ы

1 Ұйымдастыру кезеңі                          1.Білімділік міндеттері:

а) Жұмыс істеу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету

ә) Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау

2.Сабақ кезеңінің мазмұны:

а) Сәлемдесу

ә)Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б)Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару

в)Сабақтың мақсатымен таныстыру

 

2.Үй тапсырмасын тексеру:

 

1.Өсімдіктің вегетатиті мүшелерін атаңдар.

2.Вегетативті мүшелерімен көбейтудің қанша тәсілдері бар?

3.Тамырсабақ арқылы қалай көбейтеді?

4.Түйнек пен пиязшық арқылы қандай өсімдіктерді көбейтеді?

5.Жас өркендер арқылы қандай көбейтеді?

3.Үй тапсырмасын бекіту:

Суреттерге қарап вегетативті көбею жолдарын және оның табиғаттағы маңызын анықтаңдар

1

5

2

6

3

7

4

8

 

4.Жаңа сабақ:

Өсу- өсімдіктің өсіп тұрған мерзімінің ішінде жасушаның бөлінуі мен дамуына байланысты, оның өсімдік салмағының, мөлшерінің және көлемінің артуі. Тұқымның өнуін бақылағанда өсімдік көлемінің қалай өзгергенін өздерің де байқаған боларсыңдар.

Төбе бүршік, бүршік және тамыр ұшының жасушалық құрылысын естеріңе түсіріңдер. Онда түзуші ұлпа орналасады.Түзуші ұлпаның жасушасы үздіксіз бөлініп, саны артады, сөйтіп, тамыр мен өркен өседі.

Өсімдіктің өсуі- айқын байқалатын құбылыс. Ол жасушалардың көбеюіне және өсімдік құрамына кіретін заттардың қайта бөлініп таралуына байланысты.

Жарықта жасыл қсімдіктің өсуі әдетте, оның салмағының өзгеруіне әкеліп соғады. Өйткені жиналған органикалық заттардың мөлшері олардың тыныс алуына жұмсалған мөлшерінен асып кетеді. Қараңғыда өсімдіктердің өсуі, тыныс, алуы, органикалық заттардың жұмсалуы есебінен жүреді.

Өсімдік тұтас өседі, ал жеке мүшелері әртүрлі өсетінін сендер байқадыңдар. Тамыр мен сабақ-ұшынан, жапырақ-түбінен, ал ағаш- биіктікке бойлап өседі.

Өсімдік бастапқы кезде баяу өседі. Кейінен оның өсуі тездеп, ең жоғарғы сатысына жетеді де, қайтадан баяулап барып, мүлде тоқтайды.

Адам өсімдіктің өсуіне өзіне қажетті бағытқа қарай өзгерте алады. Мысалы, шырпу әдісін пайдалана отырып, өркен мен тамырдың бойлай өсуін тоқтатады. Соның нәтежесінде өсімдіктің қоректенуі жақсарып, түсімділігі артады. Түптеу арқылы өсімдіктің өсуін, тыныс алуын жақсартуға болады. Алма ағашы, таңқурай, қиярдың жас өркендерін кескеннен кейін олардың бойлай өсуі бәсеңдеп, жанама өркендердің өсуі артады. Осыған байланысты ерте көктемде танымбақтағы және ауладығы ағаш пен бұтақтарды кесіп олардың өсуін реттеуге болады.

Өсімдіктің өсуіне топырақтағы су, минералды заттар, ауа жапыраққа күннің түсуі, жылу және басқа жағдайлар әсер етеді. Өсімдіктерді ылғалды жерде өсіргенде, анағұрлым құрғақ ауада өсірілген өсімдіктерге қарағанда жапырақтарының аумағы үлкен, сабақтары шырынды болады. Қараңғыда және көлеңке жерде өсімдіктер тез өседі. Мысалы картоп өркендері қараңғы жерде сақтағанда кейде бірнеше метрге дейін созылып, ұзарады. Жарық өсімдіктердің биіктеп өсуін тежеп, белгілі бір қалыпқа келтіреді. Тұқымның өсуі температураға байланысты болатынын көргенсіңдер.

Өсімдіктердің көпшілігінің өсуі ең қолайлы температура  25-300С. Температураның бұдан әрі жоғарлауы өсуді баяулатады.

Көктемде өсетін өсімдіктердің көпшілігі (бәйшешек) еріп жатқан қардың астынан көктеп шығады. Сөйтіп әртүрлі өсімдіктердің суыққа, ыстыққа төзімділігі түрдіше болады.

Өсімдіктің өсуі оларға тамыр жүйесінен келетін минералды тұздарға тәуелді. Қажетті заттардың біруі болмаса, өсімдіктердің өсуі тоқталады. Ауада оттегінің болуы өсу үшін өте қажет. Өйткені өсімдіктің өсуі тыныс алумен тығыз байланысты.

Өсімдіктің өсуіне қажетті заттардың барлығы да өсімдіктің айналасында болады, оның денесіне өтеді. Өсімдіктерді өсіргенде оларға қандай жағдай қажеттігін біліп, уақытында суарып, қоректі заттармен қамтамасыз етіп топырақты өңдеп және арамшөптерден, зиянкестерден сақтау қажет. Мұндай әдістерді қолдану мәдени өсімдіктерден жоғарғы түсім алуға жеткізеді.

Тірі ағзалардың тіршілігі мен құрылысындағы сапалы өзгерістерді даму деп атайды.

Ағзаның дамуы өнуден бастап тіршілігінің соңына дейінгі уақытта өсімдік көлемі жағынан және сапалық тұрғыдан өзгеріп отырады. Өсімдіктерде қоршаған орта жағдайларына байланысты өзіне тән қасиеттері  пайда болады.

Ағзаның ұрықтануынантіршілігінің соңына дейінгі түзілуін жеке даму деп атаймыз. Өсімдік ағзасының жеке даму процесін бақылап қарайтын болсақ, оның барлық жасындағы (ұрықтық, жастық, жетілу және қартаю) ерекшелігін бақылауға болады. Ұрық өнген кезде өсінді пайда болады. Оны жас өсімдік деп атайды. Өсімдік гүлдеп тұқым бере бастағанда-ол жетілген өсімдік болады. Ал ол өсімдік қартайғанда көбеюді, яғни өсімдік тіршілігін тоқтатады.

5.Түсінігін тексеру:

1.Өсімдіктердің өсуі қандай жағдайларға тәуелді?

2.Өсімдіктің дамуы қандай сатылардан тұрады?

3.Тамыр,сабақ, жапырақтың өсуін сипатта.

4.Өсімдіктерді шырпу не үшін қажет?

5.Қияр, сәбіздің тіршілік ұзақтығы қандай?

6.Сабақты бекіту:

7.Үй тапсырмасы:§30 мазм. 101-103 бет.

Бағалау


Пікірлер (3)

Толганай

Маган катты унады бул жазба

Диана

Класс

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз