Өлең, жыр, ақындар

Адам- табиғаттың бір бөлігі.

Білім   беру  саласы:  Таным

Ұйымдастырған  оқу  іс  -әрекет: Экология  негіздері

Тақырыбы: Адам- табиғаттың  бір  бөлігі.

Мақсаты: Адамның  табиғаттың  ажырамас  бөлігі  екендігі  туралы  түсініктерін  қалыптастыру.  Адамның  сезім  мүшелерінің  табиғатты  танып – білудегі  рөлі   туралы  түсінік  беру.

Дамытушылық: Балалардың   тілін    дамыту,  сөйлеу  тілдерін  жетілдіру,  қиялдарын   байыту.

Тәрбиелік: Балаларды  ұқыптылыққа,  тазалыққа  тәрбиелеу,  денсаулығын  сақтауға  деген  ниеттерін  арттыру.

Қажетті  құрал – жабдықтар: табиғат  туралы  сюжетті   картина, мақта, «Сезім  мүшелері»  туралы  ойын, айна, жұмыс  дәптері.

 Сөздік  жұмысы: сезім   мүшелері.

Әдіс – тәсілдер:  жұмбақ, әңгімелеу,  түсіндіру, көрсету, көркем  әдебиет.

Оқу  іс –әрекетінің  кезеңдері

Тәрбиешінің   іс – әрекеті

Балалардың  іс – әрекеті

 

Мотивациялық  қозғаушы 

 Біз  бүгін   адам  туралы  айтатын   боламыз. Адам   мен   табиғат  - біртұтас   дүние.  Ал   адам  өмір    сүруі,    тіршілік  етуі  үшін,  жұмыс   істеуі,  қозғалуы  үшін  не  керек?

-Айналадағы  дүниені    танып  -білуге  адамның    қандай    сезім  мүшелері  көмектеседі?

Құлақ,  мұрын, тіс  т.б.  сезім   мүшелері  туралы  жұмбақтар  жасыру. 

 

-Адам  өмір  сүріп,  тіршілік  етуі  үшін,  дене  мүшелері   қажет.

 

Балалар  жұмбақтыңдың  шешуін  табады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ізденуші  ұйымдастыру 

 -Көз- адамның   негізгі    көмекшісі  болып    табылады.  Ол    қандай    қызмет   атқарады?

-Көз  туралы  не   айтуға    болады?

Көздің    түсі  қандай? Көзді   қалай   күту  керек?

Көзге  арналған   гимнастика.

1.Көзіңді    қатты  жұм  да,қайтадан    аш. 3-4 рет   қайтала.

2.Саусақтың    ұшымен   қабағыңды  1  минут    шамасында  сипа.

3.  Көзді  айналдыра  қозға:  солға- жоғары  -оңға- төмен. 10 рет  қайтала.

4. Қолдарыңды  алдыға  соз.  Саусағының    ұшын   жайлап    мұрныңа    қарай   жақындат.  Содан  соң  қайтадан   жайлап  алдыға  соз.  Осы    қимылды    көзіңді   жүргізіп    бақыла.  5рет   қайтала.

5. Терезеден  қара,  ең  алыс    нүктені  тауып,  көзіңді   1 минут    тоқтатып  қара.

Есту   мүшесі.

-Дыбыстарды    естуге   сендерге  не   көмектеседі?

-Құлақты    күту  үшін  не   істеу  керек?

Музыка   қойылады.  Балалар  құлақтарын  мақтамен  тығындайды.

-Не  болғанын   айтыңдар.

-Қандай   қорытынды   айтасыңдар?

-Есту  -адам  үшін    ең  үлкен  байлық.

Біз   күнделікті  тағы    қандай   сезім    мүшесін   күтіп    ұстауымыз   керек  (Күнделікті   таңертең  жуынғанда).

Сезім   мүшелерін   дұрыс   күту,  дұрыс  күтпеуге   берілген   әртүрлі    жағдайлар  бейнеленген  суреттер.

-Сонымен  сезім   мүшелері   арқылы   нені  танып –біледі?

-Табиғатты  қандай   екі  үлкен  әлемге    бөлеміз?

-Адамның  табиғатпен  қандай   байланысы  бар?

(Табиғатта   демалып,  жануарлардың,  өсімдіктердің  тіршілігін  бақылап  жүрген   адамдар  бейнеленген   суреттер).

-Адамды  неге  табиғаттың   патшасы  деп  атайды?

-Дұрыс  айтасыңдар. Адам –табиғаттың  бір  бөлігі. Сондықтан    ол   табиғатқа   қамқор    болуға    міндетті.

Ол  бәрін   табиғаттан  үйренеді.

Дәптермен  жұмыс. Жеке  жұмыс  жүргізіледі.      

-Ол  айналадағы   дүниенің  бәрін  көруге,  көлемін,  орналасқан  орнын   ажыратуға    көмектеседі.  Балалар   сұрақтарға   жауап  береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Айналадағы  дыбыстарды  құлақ  арқылы  естиміз.  Құлақты  үнемі  таза  ұстау  керек.

-Дыбыстар  жоқ болып  кетті.  Еш  нәрсе  естілмейді.

-Құлақ  арқылы  айналадағы   барлық  дыбыстарды  естиміз.

 

 

Балалар  сурет  бойынша   ненің  дұрыс,  ненің  дұрыс  емес  екенін  айтады.

 

 

 

 

 

 

 

-Өйткені   адам  табиғатқа   өз   ықпалын  тигізе  алады.  Егер   дұрыс  қарамаса,   табиғатты   бүлдіреді.  Табиғатқа  қамқор  болу  да  соның    қолында.

 

Таптердегі   тапсырманы  орындайды. 

 

Рефлексті  түзетуші

«Табиғатта  не  маңызды?»  ойыны

Балалар  сұраққа  жауап  береді.  Бір    жауаптан    айтып  (адам,  күн,  су, ауа, топырақ,  өсімдік, жануарлар, жәндіктер  т.б), дәлелдеп,  шеңберге   тұрады.   Соңында  бәрі  қол  ұстасып,  қолдарын  жоғары  көтереді. «Табиғатта   бәрі  бір  -бірімен  байланысты»  деген  қорытындыға  келеді.   

Күтілген  нәтижесі:

Нені  білуі  керек: өз   ойын  дұрыс  жеткізуді;  сезім  мүшелерін  күтуді;

Нені  игереді:адамның    табиғаттың  бір  бөлігі  екенін;  адамның    табиғатпен  тығыз  байланысын;  адамның  табиғатқа  ықпалын;

Нені  біледі: дене  мүшелерінің  және  сезім  мүшелерінің  атқаратын  қызметі  туралы  білімді.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз