Өлең, жыр, ақындар

Әке тәлімі

Утепова Зухра  Айдарбекқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы Сырдария ауданы

Сабақтың  тақырыбы:  Әке тәлімі

Сабатың мақсаты: 

  1. Оқушыларға  әкенің   балаға  деген  махаббатының  шексіздігін,  оның  адам өміріндегі   орны ерекше екендігін  түсіндіру.  Мәтінді  дұрыс  түсініп оқи білуге, өз ойларын ортаға салып  айта білуге үйрету.
  2. Оқушының тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық ойын, танымдық қабілеттерін  дамыту.
  3. Әкелерге деген сүйіспеншілік сезімін ояту, әкені ардақтап, құрметтей білуге,  мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру

Сабақтың әдісі:   түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап,

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, автор суреттері, әңгіме желісімен салынған сюжетті сурет.

Сабақтың барысы:

І.  Психологиялық  дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Үйге берілген Н. Жанаевтың «Мұғалім»  өлеңін мәнерлеп оқыту.
  2. Сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс жасау
  • Өлеңдегі шәкірт ойын қалай түсінесің?
  • Шәкірт үшін мұғалім кім?
  1. Үйге жазуға берілген эссені оқыту.

Ассоциациялық аймақ  құру арқылы үй тапсырмасын бекіту, қорытындылау

  • Сонымен, балалар,  мұғалім деген өз уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын жан екен.

ІІІ Жаңа сабақ

І. Қызығушылықты ояту

   Сөзжұмбақ «Әке»

  1. Немеренің ең сүйікті адамы
  2. Әртіс, қазақ киносының негізін қалаған  адам
  3. Күздің алғашқы айы
  • Осы жұмбақты шешкенде  тігінен оқысаңдар бір керемет, қасиетті сөз шығады. Ол қандай сөз екен?
  • Әке.
  • Әр баланың жүрегінен орын тапқан, ардақты жан - әке екен. «Әке – асқар тау» - деген  халық нақылы бар. (Оқушылардан  әке туралы ойларын  сұрау) 
  •  Ендеше, бүгінгі өтілетін  тақырыбымыз  А. Аманжоловтың 

    «Әке тәлімі» мәтіні.

ІІ. Автормен таныстыру

Өмірі  мен  шығармашылылығын суреттерін көрсету арқылы баяндау.

ІІІ. Тыныштық сәті

Мәтінді оқу. ( Музыка қойылады)

Сұрақтар қою арқылы мәтінді әңгімелеу

  • Әкесі неліктен  балаларының сөзіне мән берген?
  • Әкесі нені ұят санады?
  • Әкесі неше тіл білген?
  • Баласы әкесіне неге шағым айтқысы келді?
  • Не жағдай болды?
  • Әкесі не істеді?
  • Шағыну кімнің әрекеті?
  • Әкесі неге баласына араша түспеді?

ІҮ. Сөздікпен жұмыс

Өзім құралпы – өзіммен жасты

Жамбасы жерге тимеу – күрескенде  ешкімнен жеңілмеген

Міз бақпау – қозғалмау

Ізім –қайым – із-түссіз жоқ болу

Өгей бала – тумаған бала

Ү. Мәтінді оқыту

Мәтінді әр топқа бөліп оқыту

ҮІ Топтық тапсырма Үш топқа бірдей тапсырма беріледі. Әр топ өз ойларын ашық жеткізеді.

 «Әке» сөзіне аймақ құру.

ҮІІ. Шығармашылық тапсырма

І топ. Әке туралы  мақал- мәтел айту

ІІ  топ. Тіл туралы  мақал-мәтел  айту

ІІІ топ. Әдептілік туралы мақал-мәтел  айту

ІҮ. Сабақты бекіту

  • Міне, балалар әкелерімізді қалай жақсы көретінімізді сабақ барысында дәлелдедіңдер. Олай болса, әкелеріңе  деген  жақсы  тілектеріңді

      (бір – екі сөйлеммен) ашық хатқа жаза қойыңдар. 1-2 оқушыға оқыту

Ү. Үй тапсырмасын беру

  1. Мәтінді түсініп оқу
  2. Әңгіме мазмұнына жоспар құру
  3. «Менің әкем» тақырыбында эссе жазу

ҮІ. Қорытынды

Қандай қиындыққа тап болсаң да өзгеден көмек күтпей, дер кезінде өзің жеңіп шық.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз