Өлең, жыр, ақындар

Ө ө дыбысы мен әрпі

Палымбетова Эльмира

44 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы Сырдария ауданы

Әліппе

Сабақтың  тақырыбы: Өө дыбысы мен әрпі.

Сабақтың  мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға Ө дыбысы мен әрпін таныстыру.Оның айтылу ерекшеліктерін атап өту және жазылу жолын үйрету.Оқушыларға сөз және сөйлем құрауды меңгерту.

ә) дамытушылық: Ө дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы ауызша және жазбаша қабілеттерін арттыру, тілін дамыту; сөздік қорын молайту.

б) тәрбиелік: алғырлыққа,шыдамдылыққа, тазалыққа тәрбиелеу және сауатты жазуға үйрету.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

Көрнекілігі: Оқулық,суреттер, Ө әрпінің баспа және жазба түрі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқу-құралдарын түгендеу.

- Сабаққа назарларын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау,бағалау.

-Балалар,біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық ?

- Зз дыбысымен таныстық.

Қазір біз ойын ойнаймыз «Зымыран құрастыру»ойыны.

1-ші тапсырма  Зз  дыбысы қандай дыбыс?

2-ші тапсырма  Зз  дыбысынан келетін сөздер айт. Зәулім,зымыран.

3-ші тапсырма Зығыр,жалбыз сөздерін буынға бөл. Зы-ғыр,жал-быз.

4-ші тапсырма Қозы сөзіне дыбыстық талдау жаса.  Қозы сөзі төрт  дыбыстан тұрады.2-дауысты дыбыс,2-дауыссыз дыбыс.Қ-дауыссыз,

О-дауысты,з-дауыссыз,ы-дауысты дыбыс.

5-ші тапсырма «Қобыз» сөзін тақтаға жаз. 

6-шы тапсырма «Мұз айдыны»мәтінінен алғашқы екі сөйлемін оқып бер.

III. Жаңа сабақ.

Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын сол жұмбақ арқылы біз бүгін жаңа дыбыспен танысамыз.

-Кел,балалар,ойнайық

Ойнайық та ойлайық

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық.

Үйін тордан салады

Жемін аулап алады.

Ол не?   (өрмекші) 

- Өрмекші не? - Ол жәндік.

- Дұрыс.

- Өрмекші сөзін бәріміз қайталайық.

- Қай дыбыстан басталып тұр.

- Ө дыбысынан.

- Онда  бәріміз  ө дыбысын айтып көрейік.

- Ө-ө-ө

- Қалай айтылып тұр.Созылып па,әлде тез айтылып тұр ма? 

- Созылып  айтылып  тұр.

- Дұрыс.

- Олай болса Ө дыбысы дауысты дыбыс екен.

- Дауысты  дыбыс  қандай  түспен  беріледі.

- Қызыл түспен  беріледі.

- Өрмекші сөзі неше дыбыстан  тұрады?

- 7 дыбыстан тұрады 3-дауысты,4-дауыссыз дыбыс.

- Өрмекші сөзін буынға бөлеміз?

- Өр-мек-ші

 -Неше буын бар?

- 3 буын бар.

- Ө дыбысы қай буында естіліп тұр?

- 1-ші  буында.

 

Артикуляция.

Ө- жіңішке,еріндік, ашық, дауысты дыбысты таңбалайтын әріп.

Көбінесе  сөздің  бірінші  буынында  кездеседі.

-Енді  бәріміз суретке назар аударйық.

- Сүретте не  бейнеленген?

- Өзен.

- Дұрыс.

- Сайдың  түбінен  ағып  шыққан  бұлақ  сулары  жиналып  өзен құрайды. Өзеннің  ағып  шығатын  жері  бастауы  деп  аталады.Өзен жер бетін белгілі  бір  ойысты  бойлай  ағады. Оны арна деп атайды. Өзен суы тұщы болғандықтан  елді мекендер (қала,ауыл) өзен жағасына жақын орналастырылады. Адам баласы өзенді ерте заманнан бері өз қажетіне пайдаланып келеді.Өзеннен ауыз су алады,мал суарады,балық аулайды. Өзен суы егістіктерге жіберіледі.Біздің заманымызда өзен суының күшін пайдаланып,электр энергиясын өндіреді.Біз өзендерді қорғап,таза ұстауымыз керек.

IV. Оқулықпен жұмыс:

-Тізбек  бойынша бағандағы  сөздерді буындап  оқыту. Оқылған сөздердің мағынасын түсіндіру.

- Мұғалім оқиды,оқушылар қайталайды.

Ө-зен       Ө-ріс       Бө-рік       Өр-нек      Көр-ме

Ө-лең      Ө-рік       Кө-рік       Өр-мек      Көр-пе

Ө-нер      Ө-мір       Кө-мір      Өр-кеш      Көр-ші

Өріс   -мал  жайылатын жер.

Бөрік- бас киім.

Көрпе-жамылатын төсек.

Көрші-оң жақтағы,сол жақтағы ағайын.

Өрік- жеміс.

 V.Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,            

Қолымызды жаяйық.                

Құсша  қанат  қағайық,

Жоғары-төмен  қарайық

Орнымызды  табайық.

VI. Мәтінмен  жұмыс:

-«Өркеш» мәтінін  оқу,талдау.                                                                                              

-Мұғалім оқиды.

-Сұраққа жауап беру.

-Мәтін мазмұнын ашу.

-Бұзау ботаға не деді?

-Ал бота не деп жауап берді?

-Тағы  да бұзау не деді?

-Бота қалай жауап берді?

VII. Дәптермен  жұмыс:

әрпінің  элементтерімен таныстыру.

-Ауада жазу.

-Тақтада жазу.

-Дәптердегі үлгі бойынша жазу.

-Ө дыбысының О дыбысына ұқсайтынын айту.

- Жазба жолындағы сөздерді  оқу,жазу.

Ө    Өркен өзен жаққа  барды.

ө    өзен    өлең    өмір   өрік   

VIII.Сабақты  бекіту, бағалау.

«Бір  әріпке  бес  жауап» ойыны арқылы сабақты  қорытамыз.

- Ө  әріпі арқылы берілген тапсырманы табамыз.

- Қаланың  аты - Өскемен

- Ұл  баланың  аты-Өскен,Өмірхан, Өмірбай

- Автобустың  жүретін  жолы – Көше

- Жәндік- Өрмекші

- Жемістің  аты -Өрік

-Балалар, бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

- Өө дыбысымен.

- Өө қандай дыбыс?

- Өө дыбысы дауысты жіңішке дыбыс.

Үйге  тапсырма  беру.

Оқулықтағы  сөздерді,  мәтінді  оқып  келу.

Дәптердегі  үлгі  бойынша  жазып   келу.

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз