Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Ағылшын тілі
Тақырыбы: «What is it? It`s a … Letter Ee»
Мақсаты:
Қолданылатын көрнекі құралдар: жапсырмалар, түрлі түсті қарындаштар, аудиодиск, CD плеер.
Билингвальді компонент: butterfly-көбелек – бабочка, house- үй – дом, flower- гүл – цветок,elephant - піл – слон,What is it? -Бұл не? – Что это? – Бұл ..It`s a ….- Это...
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушылық |
Педагог балалармен амандасады: Hello, boys and girls!. Sit down, please
|
Балалар дөңгелек шеңбер құрып тұрады. Ұл балалар boys сөзін қайталап, бастарын изейді, ал қыз балалар girls сөзін қайталап, тізелерін бүгіп отырады. |
Ұйымдастырушылық – ізденістік |
1-тапсырма. Педагог балалардан суреттерге қарап, олардың әрқайсысында не бейнеленгенін тауып жапсыруды сұрайды. Жаңа «What is it?» сұраулы сөз тіркесін енгізіп, «it» сөзі «бұл» деген мағынаны білдіретінін, ал «іs» сөзі «болып табылады» деген мағынаны білдіретінін түсіндіреді. Қазақша «бұл - мысық» деп айтамыз, ал ағылшындар «Бұл мысық болып табылады» деп айтады. Ағылшындардың сөйлегені сондай қызықты! Педагог сұрақ қойып, балалардың бәрі бірігіп, оны бірнеше рет қайталауын сұрайды. Педагог: What is it ? сұрағына: «It`s a mouse. It`s a cat. It`s a bear. It`s a robot» деп, жауап беру керектігін түсіндіреді. 2-тапсырма. Жаңа: a tree, a butterfly, a flower, a house сөздерімен таныстырады. What is it ? сұрағын қояды. Педагог хатқалтаны шығарып, хат келгенін айтады. Хатқалтадағы суреттерді (ағаш, көбелек, гүл және үй) көрсетіп, оларды ағылшын тілінде атайды (a tree, a butterfly, a flower, a house ).
Одан кейін педагог «What is it?» деген сұрақ қояды.
«Бұл не?» атты дидактикалық ойыны. Суретті кішкене ғана бір бөлігі көрініп тұратындай етіп жауып, балалардың бірінен «What is it?» - деп сұрайды. Сергіту сәті. Педагог балаларды сергіту сәтінде пайдаланатын әнмен таныстырады. Тгаск 8: What is it? It`s a house. What is it? It`s a tree. What is it? It`s a flower. What is it? It`s a bee
3-тапсырма. Педагог балаларға суреттерге қарап, түлкішектер немен ойнап жатқанының атауларын сұрайды. Ағылшын тілінде: «What is it?» - деп сұрап, баланы ағылшын тілінде жауап беруге ынталандырады.
Балалардың тапсырманы дұрыс орындағандығына көзін жеткізу үшін жапсырманы жапсырғаннан кейін тағы «What is it?» сұрағын қояды.
4, 5-тапсырмалар. Педагог ағылшын тілі әліпбиінің жаңа Ее әрпімен және осы әріптен басталатын «elephant» сөзімен таныстырады. Педагог жаңа әріпті бояуды ұсынады. 6-тапсырма. Мұғалім балалардан: «Сендердің үйлерің бар ма?» - деп сұрайды. Әр тірі жанның тұратын мекен- жайы болады. Достарымызға өз мекен-жайларын табуға көмектесіңдер. Кейіпкерлерімізді ағылшын тілінде атаңдар. Оларға тұратын мекен-жайларын («һоизе») табуға көмектесіңдер.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырма (9-6.) Педагог араларға үйіне дейін ұшып баруға көмек көрсетулерін сұрайды. Тапсырма саусақтың ұсақ моторикасын, икемділігін дамытады.
|
Жапсырмаларды жапсырады.
2-3 рет бірге қайталайды. Балалар педагогтің сұрағына жауап береді. It`s a mouse. It`s a cat. It`s a bear. It`s a robot Одан кейін әр суреттің жанына жапсырманы жапсырып, суретте не бейнеленгенін айтады.
Балалар педагоггің артынан жаңа сұрақты қайталайды.
Балалар сұраққа толық жауап береді: It`s a mouse. It`s a cat. It`s a bear. It`s a robot.
Жауап береді. Балалар әнді тыңдап, үйді (балалар қолдарын төбелеріне қойып үйдін шатырын бейнелейді), ағашты (қолдарын жоғары көтереді) қауызын ашқан гүлді (отырады, одан кейін жабулы гүл қауызы іспетті қолдарын жинап. одан кейін қолдарын ашылған гүл сияқты жан-жаққа жаяды), аран (араның қанат қаққаны сияқты қолдарын қозғалтады) бейнелейді.
Балалар тиісті жапсырманы тауып, жапсырады. Балалар педагогтің сұрағына толық жауап береді: It`s a car. It`s a doll.
Балалар тақпақты қайталайды, жаңа әріпті және сол әріптен басталатын elephant сөзін дауыстап айтады. Балалар жаңа Ее әрпін бояйды. Балалар әр кейіпкерлердің мекенжайын тауып, оларды сызық арқылы қосады. Балалар араларды сызық арқылы ұясымен жалғайды
|
Рефлексиялық – түзетушілік |
Педагог оқу іс-әрекетін қорытындылайды. Балалардан оқу іс-әрекетінде үйренген сөздерді қайталауды сұрайды. Олармен қоштасады. Stand up please. The lesson is over. Goodbye, children.
|
Балалар оку іс-әрекетінде үйренген сөздерді қайталайды. Педагогпен қоштасады.
|
Күтілетін нәтиже:
Орындайды : Жаңа: butterfly, flower,house лексикалық бірліктерін, Жаңа Ee әрпін және осы әріптен басталатын elephant сөзін;
Түсінеді: What is it?сұрағын және It`s a tree жай болымды сөйлем сияқты осы сұраққа жауап ретінде болатынын;
Қолданады: «What is it?» сұрағын қойып, жай болымды сөйлемді пайдалану арқылы оған жауап бере білуді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі