Ақмола облысы
Жарқайың ауданы
Тасөткел негізгі мектебі
Жумабекова Б.Т І деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі санаты-бірінші, білімі-жоғары
Коучинг тақырыбы «Сындарлы оқуды іске асыруда мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету»
2015-2016 оқу жыл
Коучинг тақырыбы: |
«Сындарлы оқуды іске асыруда мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету » |
|
Жалпы мақсаты: |
Тәжірибелі ұстаздардың іс-тәжірибесіне сүйене отырып, сындарлы оқыту арқылы оқушылардың жан-жақты дамуында әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру. Сындарлы оқыту мектеп жүйесін жетілдірудің негізгі мәселесі екендігін анықтау. Әріптестер арасында тың идеялармен алмасуға жағдай тудыру. Мектепте оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді қолдау. |
|
Оқу нәтижелері: |
-Топтасып, ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, сапалы оқыту мен оқу үдерісі туралы пікір алмасады. -Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, олардың айырмашылықтары мен қолдану әдістерін түсініп, тәжірибеде тиімді қолдана алу туралы түсініктері қалыптасады. -Мұғалімдер коучингтен алған білімдерін өз тәжірибелерімен ұштастырады, білімдерін толықтырады. |
|
Оқыту әдістері: |
Топтық жұмыс. Диалогтық оқыту. ОүБ және оқуды бағалау. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. |
|
Сабақта туындаған негізгі идеялар: |
Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір ситуация үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын,, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.. |
|
Қажетті ресурстар |
Интерактивті тақта, презентация «Сындарлы оқуды іске асыруда мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету », маркер, стикер, постер, «Қошқар мен теке» мультфильмінен үзінді, бағалау парағы, «жұлдызша», «жүрек» пішінді стикерлар. |
|
Тапсырмалар: |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс- әрекеті |
Кіріспе 1.Психологиялық ахуал туғызу (3 мин) Тренингтер. 2. Топқа бөлу (5 мин) |
Коучердің кіріспе сөзі: — Құрметті әріптестер, біз бәріміз де осынау өмір- өзен қайықтарының ішіндегі «ұстаздар» деген қайығында жүзіп келеміз. Дана халқымыз: «Кемедегінің жаны бір» деп текке айтпаса керек-ті. Осы даналықты салыстыру түрінде айтсақ, бізді көп нәрсе ортақтастырады. Яғни, шәкірт тәрбиелеу. Әр адам өзі өмір сүріп отырған қоғамының жаршысы болу керек. Ал қазіргі заман біздерден, мұғалімдерден нені талап етеді? Бүгін осы мәселе жөнінде ой бөліспекпіз. 1. Қатысушыларды шаттық шеңберіне тұрғызып, коучинг тақырыбымен таныстырады. «Менің жетістігім...» тренингі (Коучингке қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Барлығына жүрек пішініндегі стикер таратылып, «Менің жетістігім...» деген тірек сөзге «Оқушыға білім беру мен тәрбиелеудегі әдіс-тәсілдеріңізді пайызбен бағалаңыз» Әркім жазған пайыздары туралы пікірлерін айтады.) Тренингтен кейінгі түйінді сөз: Сұрактар: Сіз неге осы пайызды көрсеттіңіз? Осы жетістігіңізге қаншалықты қанағаттандыңыз? 2. «Танысу» тренингін ұйымдастыру, гүл шоғын сыйлау.Гүл шоқтары бойынша топқа бөлу |
Мұғалімдер өз жетістктері туралы ой бөліседі. Ортақ шешімге келуге , ой түюге бағытталады. |
Практикалық жұмыс (10 мин) |
Әр топқа ақ қағаз беріледі. Бұл сіздің алдыңызға келген парақтай таза оқушы. Осы оқушының бойында қандай қасиеттер болғанын қалайсыз? Әзірленуге – 7 минут; қорғауға – 3 минут |
Әр топ постермен жұмыс жүргізеді. |
ІІ. Негізгі бөлім 3. «Қошқар мен теке» мульфильмінен үзінді. (15 мин)
|
Сұрақ: 1. Мультфильм желісі бойынша екі кейіпкерді бүгінгі оқыту жүйесімен байланыстыра отырып, кімдердің рөлін берер едіңіздер? Топта ақылдаса отырып, талдау. Қай топтағы қатысушының ойы сізге ұнады сол адамды жұлдызша арқылы бағалайсыз |
1.Қатысушылар мульфильм желісі бойынша өз ойларын білдіреді. Топпен талдайды. 2.Ұнаған қатысушыға жұлдызша береді. |
V . Сергіту сәті (2 минут) |
Би жаттығулары |
Қимыл жасау |
Презентация (15 мин) |
«Жеті модуль- табысты оқытуға бағыт» презентацияланады. |
Презентация қарайды. |
4.Топтық жұмыс: “Суреттер сөйлейді” әдісі (15 мин) |
Әр топқа суреттер беріледі. Мұғалімдер топта суреттерді сөйлетеді. (тапсырмалар эссе, мәтін, әңгіме, диалог,бес жолды өлең ) |
Тақырып бойынша дайындалып, оны қорғайды. |
5. Бағалау (3 мин) |
Бағалау парағын ұсыну |
Топтар бірін-бірі бағалайды |
Мақсаты: Коучинг барысында жасаған жұмысты қорыта білу Міндеті: Алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге жұмылдыру;Кері байланыс орната алу. Әдісі: Өлең шығару (7 мин) «Кейін» бағанын толтыру (5 мин) |
«Өлең жолдары» стратегиясы Ұстаздарға адасқан өлең жолдары беріледі, сол бойынша ұстаздар өлең жолдарын дұрыс құру тапсырылады
|
|
«Дейін-кейін» стратегиясы Коучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «Дейін-кейін» бағанасын толтыруды сұраймын. |
Мұғалімдер «кейін» бағанын толтыра отырып, кері байланыс жасайды |
|
Кері байланыс (5 мин) |
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін беру |
Өз пікірлері мен тілектерін смайликтерге жапсырады |
Коучердің қорытынды сөзі: (3 мин) |
Мұғалімде Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» деп аталған қасиеттер болғанда ғана оқыту жақсы болып саналады десе, хәкім Абай нағыз адам болу үшін нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек қажет деген. Шульманның "үш көмекшісі" бір мұғалімнің бойынан табылғанда ғана,құзырлы мұғалім болып саналады десек қателеспеспіз. Табысты мұғалімнен білім алатын табысты оқушыларымыз көбейе берсін!!! «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай», — дейді грек оқымыстысы Сократ. Осы биіктіктің шыңынан көрінейік! Оқушы бізді осындай қалыпта көрсін! |
Лаззат
Болады