Қазақ әдебиеті пәнінен 10 - сыныпқа арналған сабақ жоспары
1 |
Сабақтың тақырыбы: |
Абай Құнанбаев Алтыншы, он тоғызыншы қара сөзі (10 “а”сынып) |
2 |
Жалпы мақсаттар: |
Қарасөз туралы теориялық түсінік беру, Абай қарасөздерінің сипатына тоқталу, тақырыптық жағынан талдау, өзіндік ерекшеліктерін, мағынасын ашу;Оқушылардың ой - өрісін, өмірлік көзқарасын, сыни
|
3 |
Оқытудың нәтижесі: |
Абай қара сөздері туралы білген-түйгендерін пысықтап ,білімдерін тереңдетеді,сөйлеу мәдениеті ,сөздік қоры қалыптасады. |
4 |
Негізгі дерек көздері: |
АКТ, маркер мен стикерлер, оқулық, жұлдызшалар; проблемалық ізденіс, талдау, топпен жұмыс, |
Кіріспе |
Мұғалімнің іс- әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқытуды бағалау |
Уақыт |
|
Кезеңдері
Топқа бөлу |
«Шаттық шеңбері» тренинг .Оқушылар бір біріне сабақтың жақсы өтуі үшін тілектер айтады.
«Қыс» , «жаз», «күз», «жазғытұры» тобы болып төрт топқа бөлінеді. Әр топта алты оқушыдан отырады. Абайдың табиғат лирикасындағы өлең шумақтарын таңдап алып сол өлеңнің абайдың қай өлеңі екендігін пайымдап сол топқа отырады. |
Сабаққа дайындық жасайды, зейіндерін аударып ден қояды. «шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне сабақтың жақсы өтуіне тілек білдіреді. |
Қол шапалақ |
2минут |
|
Үй тапсырмасын сұрау «Алты ойшыл қалпақ» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
Жаңа тақырып. Абайдың қара сөздерінің жазылу тарихын. Қарасөздерінің тақырыбын әңгімелеу.Алтыншы ,он тоғызыншы қара сөзін үнтаспадан тыңдату арқылы меңгерту.
Топтық жұмыс |
«Ескендір» поэмасын алты ойшыл қалпақ талқылаап өтеді .
Оқушыларға оқыту: Қарасөз туралы теориялық түсінік. Абайдың қара сөздерінің саны -46. Бірақ біз 46-ншы қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған «Біраз сөз қазақтардың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген қара сөзін өз алдына жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз. Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда , Абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл-Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді.
Абайдың қара сөздері туралы бауырына салып тәрбиелеген немересі, Мағауияның қызы Уәсила былай дейді: «Әкем балаларын 7-8-ге шыққанда оқуға беретін, балалармен қабат, қыздарын да оқытатын, қазақ тілінде кітап жоқ болатын. Сондықтан, балалардың ойы, дүние тануы кемшін болады деп әкем көп айтып жүрді. Әлі есімде, бір күні біздің оқып отырған үйімізге әкем келді. Молдаға қарап: «Балаларға мына кітапты әкелдім. Осыны көшіріп, көбейтіп бала басына бірден таратып бер, бүгіннен бастап осы кітапты қоса оқыт» деді. Біз қуанып кеттік. Әкем үйден шыққан соң, молда әлгі кітапты алды да, бас салып оқыды, кітап қолжазба екен. Біз ол кітапты көшіріп алып оқи бастадық. Өйткені, бұл жаңа кітаптың тілі ұтымды, сөзі түсінікті, ыңғай ақыл айтып отыратын жақсы кітап болды. Кейін байқасам, сол кітап әкемнің «Ғақлия» атты қара сөзбен жазған кітабы екен».
Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады: Дүниеніңтылсым сырларын тану:7, 19, 31, 38, 43 Надандық, жалқаулық т.б. сынау: 3, 6, 8, 11, 18 Ғылым, білім, өнер: 25, 32, 33, Қазақтардың мінез-құлқы: 4,10, 12, 15, 22, 24, 35,38 Қазақ мақалдары: 5, 6, 37, 39 Еңбек: 2, 4, 25, 42 Ар-ұят, адамгершілік: 5, 9, 11, 18, 24, 40
|
Үй тапсырмасын оқушылар мына тест арқылы пысықтайды. Ақ қалпақ-цифрлар арқылы жаңа мәлімет береді. Сары қалпақ- позитивті жақсы жақтарын айту. Қара қалпақ-осы тақырыптың жағымсыз қара жақтарын айту. Көк қалпақ- Қорытынды жасаңыз Оқушыларға Абайдың қара сөздерінің жазылуы туралы түсінік беріледі.
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша постер қорғайды.
Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларға байланысты топтық жұмыстарды орындап ,топтан бір оқушы шығып әңгімелейді. |
Қол шапалақ
Қол шапалақ
Қол шапалақ |
7 минут |
|
Сабақты бекіту. «Ыстық орындық» әдісі арқылы бекіту. |
|
Ыстық орындыққа ең жақсы топ басшысы отырады. Қалған топ оқушылары сұрақтар қояды. Осылайша сабақты қалай меңгергенін, түсінгенін білеміз. Сабақты осындай сұрақ –жауап әдісімен бекітеді. |
Балалар стикерлерге өздерінің ойларын жазады |
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. |
|
Сабаққа рефлексия жасау
|
Стикерлер арқылы оқушылар сабақтың жақсы немес жаман өткендігін білдіреді. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Сабақта қандай қиыншылықтар кездесті? Қиыншылықты кімнің көмегімен жеңдің? Қай топтың жауабы сәтті шықты? Бүгінгі ең үздік топ басшысы деп кімді атар едің? |
Оқушылар бүгінгі сабақтың ұнаған ұнамағандығын және Сабақта қандай қиыншылықтар кездескенін, қай топтың жауабы сәтті шыққанын ,бүгін ең үздік топты анықтайды
|
-Балалар стикерлерге өздерінің ойларын жазады |
Оқушылардың қорытынды бағасы |
|
Көшбасшы |
Сыныптағы екі топтан ең жақсы сабаққа қатысып отырған көшбасшыны анықтау |
Оқушылар өздері аңғарымпаздығы, сабақ барысынан бері көріп- біліп ең жасқы қатысып отырған оқушыны көшбасшы ретінде табады, таниды. |
|
|
|
Үйге тапсырма
|
Үйге тапсырма : |
Балалар үй тапсырмасын күнделіктерін ашып белгілеп алады |
|
|
|
-Сау болыңыздар!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі