Өлең, жыр, ақындар

7 саны

Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры.   

Тақырып мазмұнын меңгерту:

1. Оқушыларды 7 санымен, цифрымен таныстыру. 7 санының құрамын анықтау, өрнек құра білуге үйрету.

Сабақтың дамытушылығын меңгерту коммуникативтік құзыреттігін дамыту. Оқушылардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Сабақтың тәрбиелік мәні: сөйлеу тілін дамыту, дүние танымын қалыптастыру,өзін-өзі реттеу.

Сабақтың технологиясы: Алгоритмдік мазмұндау.

Сабақтың әдістемелік мақсаты: «Өре бәйге» Сайыс тәсілі арқылы сабақ өту  «Стратегия»       1 модуль.

Көрнекілігі : оқулық, суреттер, кеспе сандар, мультимедия.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық    (хормен)

Кел, балалар, ойнайық,                                                                                                   smiley- түк те қиын емес.
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса болса да,                 ( Ынтымақтастық)  3модуль
Таппай оны қоймайық

Баларды үш топқа бөлу:

Ерасыл, Мақсат,Мерует.   «Көшбасшы»       6модуль

Жаңа сабақ.

Бала қолында не үстап тұр? / шалғы/
Өткір шалғы ғой. Шалғыңды, ал да, ора ғой. Қай санға ұқсайды?                     wink - өте қиын болған жоқ

Қазақта 7 саны киелі сан болып саналады

7 (топтастыру)

7 қазына ,7 қарақшы, 7ата
7күн , 7шелпек
7 керемет , 7 мүшел

 Қазына дегеніміз – мол байлық

 Қазына сөзін математикада 7 санымен байланыстыра аламыз.
Ендеше, біз бүгін 7 санымен, цифрымен танысамыз
«Ер қанаты -ат» деген қанатты сөз бар. Халқымыз төрт түлік малдың ішінде жылқыны ерекше бағалаған. Жылқының етін, қазы-қартасын жеп, қымызын ішкен, терісін пайдаланған. Жау шапса, бір-бір атқа мініп, дұшпанына тойтарыс берген.

  1. 1-ден -7ғе дейін сандарды тура және кері санау.

  2.     1 2 3 4 5 6 7
        7 6 5 4 3 2 1

2) Сандардың ішінен 7 санын көрсету.

3) 7 санының көршілерін атап беру.

Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдім,
Төменге қарап жер көрдім.
Оңға, солға бұрылып,                         «Ынтымақтастық»     3 модуль
Егеменді ел көрдім!

1) Бір аптада неше күн бар?
Апта күндерінің атауларын ата.

7 санына байланысты мақал – мәтелдер айтып беру.

1. Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер.

2. Бала жетіге келгенше, жерден таяқ жейді.

3. Жеті атасын білмеген жетесіз.

Жеті атаБұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңізде   

Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.

Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс.6.Топан су.7.Зілзала жер сілкіну
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.                         

Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1.   Ер жігіт 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.     

Қорытынды.

Балаларды мадақтау. Жұлдызша беру.


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз