Тақырып:Компьютерде графикалық ақпараттарды өңдеу .Paint графиктік редактор.
Мақсат:
Білімділік – Оқушылардың өткен тарау бойынша білімдерін нығайту, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Графикалық редактормен жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру; Редактордың құрал – саймандарын дұрыс пайдалана білу және командаларды орындай алу қызметін меңгерту;
Дамытушылық –Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интелектуалдығын қалыптастырып дамыту. Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік – Еңбекке, өзін – өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, сабаққа қызығушылығын арттыру, дәлдікке тәрбиелеу.
Міндеттер: Бұрынғы білімдерін пайдалана отырып, жаңа білімді дамытады.
Сабақ барысында бір-бірімен достық қарым-қатынасты үйретеді.
Не арқылы: Алған білімдерін өмірде қолдана білу арқылы.
Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнері
Күтілетін нәтиже: Өзіндік көзқарасын қалыптастыру.
Тарауды қорытындылау.
Сабақ түрі: қорытынды сабақ
Сабақ типі:сұрақ – жауап, ой – қозғау, топпен жұмыс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үй кинотеатры, үлестірмелі тапсырма, сызбалар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. " Көңіл-күй" тренинг.
ІІІ. " Білгенге маржан" Үй тапсырмасын тексеру.
ІҮ. " Білімді мыңды жығар "
Ү. Сергіту сәті.
ҮІ. " Ойнайық та, ойлайық" практикум.
ҮІІ. Түртіп алу стратегиясы.
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
ІХ. Бағалау. (фишкалар арқылы балл жинау)
І. Ұйымдастыру.
Амандасу, түгендеу, құралдарын тексеру.
ІІ. " Көңіл-күй" тренинг.
Фигуралардың бірін таңда:
Тренинг:«Дискотека» (музыка жіберіледі оқушылар қолдарын сабаққа дайындау үшін жаттығу жасайды)
ІІІ. " Білгенге маржан" Үй тапсырмасын тексеру.
Тірек сызба, интерактивті тақтадағы тапсырманы орындау
ІҮ. " Білімді мыңды жығар "
Paint графикалық редакторы мен WordPad мәтіндік редакторын Венн диаграммасында салыстырып беріңдер.
Ү. Сергіту сәті.
Жұмыс арасында оқушылармен көзге арналған жаттығулар жасалады.
ҮІ. " Ойнайық та, ойлайық" практикум.
І. Тапсырма. Дөңес төртбұрыш құралын пайдаланып ПИРАМИДА суретін салыңыз.
ІІ. Тапсырма. Эллипс және қисық сызық құралын пайдаланып МОНАДА суретін салыңыз.
ІІІ. Тапсырма. Суретті салып көбейту арқылы толтырыңыз.
ҮІІ. Түртіп алу стратегиясы.
«Ү» Бұрыннан білемін |
«+» Жаңа ақпарат |
«-» Түсінбедім |
«?» Әліде білгім келеді. |
|
|
|
|
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
1. Өткен тақырыпқа қайталау жасау.
2. Шығармашылық тапсырма: «Көктем» тақырыбына сурет салып дайындалу (табиғаттың)
ІХ. Бағалау.
(фишкалар жинау бойынша бағалау)
" Шеңбер" - ӨТЕ ЖАҚСЫ
" Төртбұрыш " - ЖАҚСЫ
" Үшбұрыш " - ҚАНАҒАТТАНАРЛЫ
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі