Өлең, жыр, ақындар

Өлеңмен өрнектелген қолөнер

«Әуезов атындағы орта мектебі» КММ сән салтанаты (дефиле-концерт)

Дайындаған:

музыка пәні мұғалімі Алкеева Г.С.

бейнелеу өнері және сызу

пәндерінің мұғалімі Изгуттинова Э.Ж.

 

Мақсаты:

оқушыларды өнерді сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу;

әсемдік пен әдемілікті сезіне білуге баулу;

қабілетті балалардың өнерін ұштау, сахна мәдениетіне үйрету;

қазақ халқының ұлттық өнерін қастерлеуге үйрете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.

Өтілу барысы:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар!

Біздің алтын ұя мектебімізге қош келдіңіздер! /музыка - фанфары/

Өнер адамдарын алыстан тануға болады. Сіздердің жарқын жүздерінізден керемет пәктіліктің, нәзіктілік пен үйлесімділіктің бейнесі көрініп тұр!

Ұстаз болу жүректің ұлылығы дегендей сіздердің ұлы жүректерінізден шуақ алған шәкірттеріңіз ұлы өмірге қанат қағып, түлеп жатқандығы белгілі. Сіздер, құрметті ұстаздар, шеттерінізден өнерді жандарыңызға қосақтаған адамсыздар. Бар өнерлерінізді оқушыларға үйретіп жан-жақты іздену мен шығармашылықпен еңбек етіп келесіздер! Сіздерге зор денсаулық, үлкен шығармашылық табыс, үлгілі де өнерлі, жан-жақты, мінезді, отансүйгіш шәкірттер тілейміз!

(фанфары)

Сіздердің назарларыңызға «Әнмен өрілген қолөнер» атты сән-салтанатымызды ұсынамыз. /музыка ойнап тұрады/

Бұл күні тұрақты орын алып төрден.

Әр үйдің санасына жарық берген.

Домбыра сырын жайып сан ғасырдың

Зар-мұңын бабалардың алып келген.

Төгілтіп көмейіңнен нұрын далам,

Шертеді  сан алуан  сырын маған.

Домбыра, осы күйден тайма дәйім,

Жарқырат жан сәулесін айнадайын!

Әкелген сені  өмірге көрік қылып.

Данышпан бабамыздан айналайын!

- «Домбыра үйірмесінің» балалары Құрманғазының күйі «Балбырауынды» орындайды. Жетекшісі Алкеева Гулнара Советқызы.

  

Мамықтай ұлпа, қанттай ақ

Қыста жер бетін басады.

Жазда сайға қашады. Бұл не екен?  /жауап тосасын/  

Әрине, қар.

 «Ақ ұлпа» деп аталатын сән үлгісін қарсы алыңыздар.

Модель - Қалырбекова Жангүлім. /Жангүлім шығады/

Ақ қағаздан ойып тұрып, түрлі түр берген, әдемі ақ мамықтай ақ қызға мына көйлекті кигізген модельер - Айдосова Балауса 3 сыныпта оқиды. /Балауса шығады/.

Айналамда ұшып жүр,

Ақ мамық қар себелеп

Қалт-құлт еткен себелеп,

Ақ қанатты көбелек.

 

3. Отан!  Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!- деп ақиық ақын жырлағандай семейлік сазгер Оразғали Сеитқазиннің « Қазақстаным менің» әнін 5 сынып оқушысы Рахимбекова Жібек орындайды. Жетекшісі: Алкеев Тасқайнат Мұхамадиұлы

 

4. Кішкентай күнінде қыз балалар қуыршақпен  ойнағанды жақсы көреді. Оларға қағаздан көйлек жасап кигізеді. Қыздар өскен соң, балалық шақтары есіне түсіп, қағаздан тамаша көйлектер жасап шығарады, күнде кие алмайсың.  Бір-ақ рет!  Бірақ керемет! 

Оригами стилінде жасалған бұл көйлектің авторы - Болатова Айшат.

Модель - Қадырбекова Тоғжан. Тоғжанды қол соғып қарсы алайық!

Айшат пен Тоғжан оригамидің Жапониядан келгенін, қағазды бүктеп қайталанбайтын туындылар жасауға болатынын жақсы біледі.

Қараңыздаршы! Бұл көйлекті қылықты қыздар «Бәйшешек» деп атапты.

 

Жай  демегін гүлдің нәзік жаны бар,

Гүл бойында жер мен судың бәрі бар.

Тылсым көркі қандай әсем ғажайып,

Гүл падишасы- Бәйшешекті таныңыздар.

 

5.   Екі ішектің бірін қатты,

      Бірін сәл-сәл кем бұра.

      Қазақ- нағыз қазақ  емес,

      Нағыз қазақ-домбыра.

Аспапты дуэт: Дина Қазымұратова, Ақтолқын Даутханова

Әубакіровтың күйі «Наркескенді» орындайды.

 

 6. Қырмызы қыздар, қызғалдақ қыздар, Мырзагалиева Аружан мен Турысбекова Дильназ назарларыңызға газет-журналдардың беттерінен жасалған юбка мен жейдені ұсынады.

 Бұл жұмысты өздері «Қос құпия».деп атапты. Қарсы алыңыздар!

 Модель-Аружан, модельер -Дильназ.

 

7.  Шіркін әуен! Сарқыратар  бұлақты,

     Шіркін әуен! Балбыратар құлақты.

     Сахнаны шомылдырар сиқырға,

     Әншілердің көмейінен жыр ақты.

Ағайша Исагулованың « Отаным-Қазақстан» әнін вокалдық топ орындайды. Көркемдік жетекшісі Алкеев Тасқайнат Мухамадиевич.

 

8. Көктем келді, құс келді,

Ойнаймыз біз саз илеп.

Біздің көлге түстенді,

Былтыр келген қаз- үйрек! демекші көктем лебі де жақындап қалды. Мына туынды «Көктем сүңгілері», «Весенние сосульки» деп аталады.

Модель-Мұратова Еркежанды ортаға шақырамыз!

Модельер-Қалымова Қымбат.

Қараңызшы, қағаздан жасалған юбка мен жейдеге 6 сыныпта оқитын екі ару бар өнерлерін салған. Не деген шыдамдылық десеңізші?! Нәтижесінде өз ойларын жүзеге асыра білген. Конустарды бір-біріне желімдеп, әдемі бұйым жасаған қыздарымызға қошемет көрсетейік.

9. Көрікті  көңілде жыр, қолда қалам,

Өмірдің өріне өрлей басқан қадам.

Қазақтың өлеңінің ұлы атасы-

Ол Абай, мәңгі жасар ақын адам.

Абайдың күйі «Май түні».  Орындайтын жас дарын - Даутқанова Ақтолқын. Жетекшісі Алкеева Гулнара Советовна.

10. Келесі назарларыңызға ұсынылатын футуризм стилінде орындалған «Авангард» деп атау алған көйлек. Бұл көйлектің авторы - Мырзагалиев Әділ. Бұл азамат 8 сыныпта оқиды.Бұл көйлегін өзінің құрбысы, сыныптасы Айым үшін жасаған. Сахнада – «Авангард».

Модель - Қайырқанова Айым, Модельер - Мырзагалиев Әділ.

Назар салыңыздар! Әділге бұл көйлекті жасауға қаншама  уақыт кетті екен?! /Әділ жауап береді./ Тамаша! Рахмет, балалар!

11.   Құлақтан кіріп, бойды алар,

        Әсем ән мен тәтті күй.

        Көңілге түрлі ой салар.

        Әнді сүйсең, менше сүй!

Ән құдіретін Абай бабамыздай мөлдіретіп жеткізген кім бар екен?!

Жас әнші Мақсұтханұлы Исламның орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар. Исламды ән өнеріне баулып жүрген Гулнара  Советқызы.

12. Ақ тауға асылғанда ақ таң келіп,

    Ашылған ақ шымылдық мақпал дерлік -  деген өлең жолдарын келесі салтанат иелеріне арнағым келіп тұр. Модель – Тұрыспекова Данараны қарсы алыңыздар! Модельер – Қайырқанова Айым.

Олар өз жұмыстарын «Шырақ –шам» деп атапты. Бұл жұмысқа қыздар өздерінің ішкі және сыртқы дүниетанымдарын кіріктіріп, үйлестіре білген. Жай шам емес, Шырақ шам! Көпшілікке жылу беретін, адамгершілік пен имандылықтың,  көрегендік пен кісіліктің символы десе болғандай! Жұмыс өзінің кұрделі де қарапайымдылығымен, әдемілігімен қатар көңілді күй сыйлайтындығымен ерекшеленіп тұр.

13. Келесі кезекті әнге берейік!

Ұстаздар!

Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шындай биік алыпсыздар!

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған.

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар!

Сіздерге арнап биылғы мектеп түлектері әнін жолдайды.

«Жас түлектер жыры» әні Дәлденбаевтікі.

Жетекшісі: Алкеев Тасқайнат Мұхамадиұлы.

14. Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек,

 Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.

Иықтан шашы төгіліп жерге,

Күмісті шашбау жарасып белге, деген  әнді білесіздер ме?

Қазақтың ұлттық киімін «Арайлы көктем» деп атапты авторлар. Ахатова Зураны қазақ қызының киімімен қамтамасыз еткен модельер – Амангелдин Ерасыл. Көйлектерді модельер ғана жасамайды. Кез-келген адам ынтасы болса жасай алады. Тамаша! Рахмет!

15. Бүгінгі сән - салтанаттың соңғы нүктесін домбырашылар ансамблі  халық күйі « Нарағашпен» қояды.

16. Бүгінгі салтанаттың авторлары: Талантты ұстаз, халық музыкасының жаршысы, бесаспап орындаушы, әнші-сазгер Тасқайнат Мұхамадиұлы Алкеев. /балалармен бірге сахнаға шығады/ Сахнаның сәнін келтірген, шәкірттерінің қабілетін шыңдаған өнер иесін, ауыл жұрты қатты құрмет тұтады. Алкеевтар отбасы- отбасылық ансамбль. Ата-ананың жолын балалары мен немерелері жалғастыруда.

Алкеева Гулнара Советқызы – саз пәнінің мұғалімі. /балалармен бірге сахнаға шығады/Бала жүрегінің бар пернесін дөп басатын дарын иесі. Сабақтары бала жанын нұрға бөлеп, арманға жетелейді. Өз өнерін шәкірттеріне үйреткеннен әсте жалыққан емес.

Изгуттинова Эльмира Жениспековна. /балалармен бірге сахнаға шығады./ Біздің мектептің мақтанышы, еңбекқор, шығармашыл, тек алға дейтін ұранды жанына серік еткен, көңілді де тапқыр, сан қырынан танылған бесаспап ұстаз.  Әр сабағы жарқ еткен жаңалықтан, тамаша шығармашылықтан тұрады. Нағыз дарынды адам деген атқа лайық ұстазымызды мақтан  тұтамыз. Орысша айтқанда: это «и жнец, и кузнец, и на дуде игрец!»

Осымен «Әнмен өрнектелген өнер» атты сән салтанат аяқталды! Назар салып, көріп тыңдағандарыңызға көп размет! Қош сау болыныздар!


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз