Әдебиеттік оқу |
Мерзімі: |
3- сынып |
Сабақтың тақырыбы: |
Астана - бас қала |
|
Сілтеме |
Әдебиеттік оқу 3сынып Алматы «Атамұра» 2014жыл, интернет. |
|
Жалпы мақсаттар |
Еліміздің бас қаласы Астананың тарихын, орналасу ретін, Астана туралы деректер, еліміздің байлықтары туралы және басқа да қызықты мәліметтер бере отырып, әңгіме мазмұнын ашу. Балаларды интелектуалдық ойындар мен тапсырмалар арқылы ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға машықтандырып , дүниетанымын кеңейту. Туған жерін, елін сүюге ,оған құрметпен қарауға , елінің көркеюіне өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.
|
|
Оқыту нәтижесі |
1.Астана туралы ойларын айта алу; 2. Сұрақ қоя білу. 3.Сөйлемді дұрыс құрастыра білуге үйрену. 4. Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу; |
|
Тапсырмалар |
1. Оқулықпен, дәптермен жұмыс. 2.«Ой қозғау» |
|
Әдіс- тәсілдер |
Топтастыру, топтық зерттеу, Джиксо, Венн диограммасы, эссе жазу, жиынтық, формативті бағалау, ой-қозғау әдісі, СТО |
|
Сабақтың түрі |
Жаңа сабақ |
|
Сабақты өткізу түрі |
Саяхат сабақ - "Жамбыл - Астана" бағыты арқылы тапсырмаларды орындау |
|
Пәнаралық байланыс |
Математика, қазақ тілі, дүниетану |
|
Кейінгі тапсырмалар |
Өзгерістерді бағалау Басқа әріптестермен ақылдасу Тәжірибе негізінде өзгерістерді сипаттау |
|
Көрнекіліктер |
Интерабелсенді тақта, слайд, қима қағаздар, Астана суреттері, карта, плакат, стикерлер |
|
|
Жүргізілетін жұмыстар |
|
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
1 минут
1 минут
2 минут
10 минут
2 минут
3 минут
15 минут
1 минут
5 минут
1 минут
1 минут
2 минут |
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныппен сәлемдесу.
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерімен таныстыру. Өз - өздерін бағалау тәртібімен таныстыру
1. Жамбыл ауылынан Астана қаласына саяхаттаймыз. Ол үшін алдымыздағы көліктердің біреуімен облысымыздың орталығы Өскемен қаласына барайық. Барар көліктерді таңдайық. Қайсымен тез жетеміз? Ендеше екі машинаға бөлініп отырайық. 2."Шашылған буындар" арқылы топқа бөлу ІІ. Үй тапсырмасын тексеру "Маужырап барқыт қоңыр күз" тарауын қайталау -Балалар, біз қандай тарауды аяқтадық? Осы тапсырмаларды дұрыс орындасақ, Өскемен қаласына тез жетеміз. Топтарға тапсырмалар берілді.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық Өскеменнен Астанаға қай көлікпен барған дұрыс? Пойызбен 18сағат 50 минут Автобуспен 17 сағат Жеңіл машинамен 10 сағат 55 минут Ұшақпен 1 сағат 15 минут Ой-қозғау: -Біздің мемлекетіміз қалай аталады?Қазақстан мемлекеті туралы ассоциация жасау -Ал біздің бас қаламыз қалай аталады? Астана кеше ғана басқа қала, Айналды Бәйтеректі Астанаға (Н. Айтов) "Бос микрофон" стратегиясы - Астана дегенде көз алдарыңа не келеді? - Астанаға барып көргендерің бар ма? Бейнефильм « Астана- әсем қаласы» көрсетіледі. -Олай болса саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз. -Астанаға барған адам ең бірінші қайда барады деп ойлайсыңдар? Бәйтерек- Астана символы . Бәйтеректің негізгі идеясы – Бейбітшілік ағашы. Сергіту сәті "Думан" ойын - сауық орталығы Американдық екі бала біздің Астанамызға келіп, "Думан" ойын - сауық орталығының ішінде би билеп жүр екен. Солармен бірге біз де билейік.
Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс: І топ- Астанадағы әсем ғимараттар. Астана - әлем қаласы ІІ- топ- Астананың болашағы Мазмұнын қорытындылау Сергіту сәті:
Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысы- ЮНЕСКО - Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы Жаңа сабақты бекіту. "Астанаға тілек" постер жасау
Үйге тапсырма беру
Қорытынды. Бағалау. 1. Алдарындағы ұшақтың бір қанатына не білгендерін , екінші қанатына түсінбеген жерлері болса қысқаша жазу. 2.Бүгінгі сабақта кім көп жұлдызша жинағандарын анықтап, бағалау өте жақсы жауап бергендерді мадақтау. Кері байланыс
|
Ойсергек Бір, парталаспен қол алыс Екі, қарсыласыңа қол бұлға Үш, қонақтарға жымиып, бас и де, Төрт маған қарап көзіңді қыс. Бір, екі, үш Сынып іші тып-тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз. Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысады. Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады. Белсенді қатысады.
Машина тез жетеді.
Буындарды таңдап алып, әркім өз тобымен отырады.
-"Маужырап барқыт қоңыр күз» тарауын. Бәйтерек тобына: 1 сұрақ: Күз мезгіліне қандай түстер тән, неліктен? 2- сұрақ: «Кемедей кешіп комбайн Алтын дария егінді Сүзіп жүр маржан бидайын Күзіміз неткен көңілді» деген жолдар қай өлеңнен алынған және авторы кім?. 3- сұрақ: «Жеміс бағында» әңгімесінде қандай жеміс туралы айтылған және оны қалай сипаттаған? 4 сұрақ: « Ас атасы- нан» деген мақалға сәйкес келетін мәтіндерді тап. Астана тобына: 1- сұрақ : Абайдың орыс тілінен аударған мысалы қалай аталады, және оның авторы кім? 2- сұрақ:Құмырсқа мен шегірткені салыстыр. 3- сұрақ:Құрт, ірімшік кептірілетін орын қалай аталады, ол неден жасалды? 4- сұрақ:Күз дегеніміз- байлық дегенді қалай түсінесің?
Слайд арқылы танысады.
Тез жету үшін қажетті көлікті таңдап алады.
-Қазақстан
- Астана
Бейнефильм « Астана- әсем қаласы» көрсетілді.
-Бәйтерекке
Музыкаға ере отырып билеу
Әр топ өз - өздері мәтінді ішінен оқиды. Алдарындағы суреттер арқылы постер жасайды. Кане, қанат қағайық, Қарлығаш болып ұшайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық. Әдемі етіп жазайық.
Дәптерге жазу.
Берілген плакатқа Астанаға айтар тілектерін жазу.
"Астана - бас қала" мәтінін түсініп оқу; 5,6,7 тапсырмалар Ұшақ алып, қанаттарына жазу жазады.
Бірін-бірі тексеріп, фишкаларын алады.
Стикерлерге жазып, тақтадағы сурет бетіне жапсырады. |
Гулмира
Осы сайттан қажетті жоспарды басқа да керегімізді аламыз.Сіздердің ұжымдарыңызға шығармашылық табыс тілеймін.