Өлең, жыр, ақындар

"Информатикалық бестік" сайысы

«Информатикалық бестік» сайысы

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық іскерлігін, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, білімдерін шыңдау.

Түрі: сайыс
Кұрал жабдықтар:  компьтер, шар, карточка

 


Барысы:

Жүргізуші:

Техника дамып ғарыштаған,
Қонып жатыр бүгінде ғарышқа адам.
Компьютерлік ғажайып виртуальдық,
Өзіндік өрнегіммен өріс табам,

- дей отырып, барлықтарыңызды «Информатикалық бестік» сайысын көріп тамашалауға шақырамыз!

Әділдікпен баға берер сіздерге,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.


Қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мулдашева Маназиля Темірбулақызы

Әдісемелік жөніндегі орынбасары Есмаганбетова Гүлназар Сағындыққызы

Педагог-психолог Закарина Улзана Махамбетқызы

Тәлімгер Харесова Гуляйым Әдебиетқызы.


Компьютерде келешек,
Ұғып, білгіш елгезек.
Әр кластың білгірлері,
«Принтерге» бер кезек,- деп ортаға «Принтер тобын» шақырамыз. Ендігі сөз кезегі топтардың таныстыруларында.
 

  1. Топтың аты: «Принтер» (Қ. Нұртас «Телефон» әнімен)
    Топтың ұраны:
    Сәттілік тілейміз біз жарыста.
    Қане, достым сенде сайыстан қалыспа!
    «Принтерміз» Чарлз Беббидж құраған,
    Тайсалмаймыз компьютерлік тартыста.
    Топтың әні:
    1. Армысыңдар ақ көңілді көрермен,
    Келіп қалдық сайыстарға өлеңмен.
    Әділ - қазы алқасына мың сәлем,
    Хабары бар есеппенен өнерден!
    2. Топтың аты «Принтер» ғой достарым,
    Өлеңменен осы әнімді арнадым.
    Информатика – ғылымдардың патшасы
    Ой - сананың түсінетін астарын.

    Қайырмасы:
    Ех, «Принтер» атқарасың жұмысты.
    Сенсіз бастамаймыз бір істі.
    Драйверлік бағдарлама боламыз,
    Орнатылған компьютерге келісті.

    3. Топтың аты «Принтер» ғой достарым,
    Өлеңменен осы әнімді арнадым.
    Информатика - ғылымдардың патшасы
    Ой – сананың түсінетін астарын.
    4. Болашаққа бірге қадам басамыз,
    Білімменен асулардан асамыз,
    Жарыстарға үмітпенен қарап - ап,
    Сәттілікті жолдас қылып аламыз!
     

    Жүргізуші: Тобының жоғын мұңдайтын,
    Ертеңі жайлы ойлайтын.
    Болашақтың арманын,
    Бүгіннен бастап сайлайтын,- «Модем» тобын ортаға шақырайық.
     


    Жүргізуші:

Информатика бұл кейде басты талап,
Ол дегенің ізденгенге қару - жарақ.
Енгізу - шығару құрылғысын,
Көрейік қайсы топ жазар тез - ақ,

- деп «Сергіту сәтін» бастайық.
Ойынның шарты: Әр командаға 8 сұрақтан қойылады. Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
І - топқа қойылатын сұрақтар:
1. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады (жоқ)
2. Адам ақпаратты сақтай алмайды (жоқ)
3. Екілік жүйе 2 символдан ғана тұрады (иә)
4. Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі килобайт. (жоқ)
5. Процессор – компьютердің миы (иә)
6. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы (жоқ)
7. Ең алғашқы ЭЕМ 1846 жылы пайда болды (иә)
8. 1 бит=8 байтқа тең  (жоқ)

ІІ - топқа қойылатын сұрақтар:
1. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (иә)
2. Дисплей компьютердің экранына ақпаратты шығару құрылғысы (иә)
3. Сканер – ақпаратты шығару құрылғысы (жоқ)
4. Сегіздік санау жүйесінде 8 саны жоқ (иә)
5. Пернетақта - компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы (иә)
6.  Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы – интернет (иә)
7. Информатика - ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым (иә)
8. Паскаль программмалау тілі (ия)

 

ІІІ тур. «Жылдам, тағы жылдамырақ» 

Жүргізуші: Ақпараттану күнбе-күн,
Тез - ақ дамып келеді.
Таппай іздеп жүргенің,
Компьютерге енеді.
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де,
Ақпараттық заманың,-

деп ІІІ - турымызды бастаймыз. «Жылдам, тағы жылдамырақ» деп аталатын бұл турда 1минуттың ішінде таңдап алынған   информатикалық терминдерден сөздер  жазу керек.

  1. Топ  Пернетақта
  2. Топ  Бағдарлама

    Жанкүйерлер сайысы


    ІҮ тур. «Ойлан тап»

Ақпараттандыру ғылымы,
Информатика жайында.
Сұрақтар қойсақ нақтылы,
Жауабыңды дайында,– деп келесі кезеңге көшеміз.

Өздеріңізге информатика басқа да ғылымдармен де байланысты екендігі мәлім. Сондай – ақ басқа ғылымдарда информатикалық терминдер қолданылады.  Әр команда тақырыпты таңдайды.  Дұрыс жауап 5 ұпай.

  1. Информатика және биология

Файлдар мен папкаларды зақымдап, жоятын программа. Ауру таяқшаларын тарататын бактерия  (вирус)

Алгоритмді компьютерге  түсінікті етіп көрсету үшін қолданылатын программалау. Адамның ауыз қуысының бір мүшесі.   (тіл)

Электрондық почта адресінде қолданылатын символ түрі.  Үй жануары   (Үйкүшік)

 

 Информатика  және орыс тілі.

Түпкі каталог дискісінің аты. —Основная, значимая  часть слова. (корень)

 16 байтты оперативті жадының фрагменті. — §. (параграф)

Windows операциялық жүйесінде жұмыс жасау үшін құрылған программа. — В грамматике — определение, выраженное существительным. (приложение)

Информатика және  спорт

Ақпаратты сақтауға болатын  ақпарат тасығыш.    —  Лақтыруға арналған спорттық снаряд (диск)

 Ақпаратты сақтау орны болып пластинка бетінде центрлес шеңберлер арасындағы сызық — Жүгіру, жүзу қашықтығына арнайы орнатылған қашықтық (жол)

Оператор сөзінің синонимі — Спортық ұжым . (команда)

  Информатика және транспорт.

Қосымша құрылғыларды қосатын программа. . — Шофер ағылшын тілінде.  (драйвер)

Қосымша құрылғыларды компьютердің шинасына жалғайтын жері. —Кемелер жүктерін тиейтін және түсіретін жер.(порт)

Муз үзіліс  

Ү тур.  «Бала тілімен»

Информатика пәнінен,
Алғырлық біздер көрсетіп.

Балдырғанның тілімен

Құрылғыны сөйлетіп,- деп «Бала тілімен» кезеңіне көшеміз. Ойын шарты: Топ басшысы  қоржын ішінен құрылғылар атауы жазылған қағаз суырады. Сол құрылғының атын айтпай, түсіндіреді. Топ мүшелері табулары қажет. Дұрыс жауап 2 ұпай

 

Заманның бүгін талабы
Озық ұлттар ойынның
Үлгісін соған салады
Жұмбақ сырын ғылымның –дей отырып, келесі «Үй тапсырмасы» кезеңіне көшеміз.

Командаларға құрылғылар атауы беріледі. Сол құрылғыларды жарнамалау.

 1. Компьютер

2. Сотка

3.Видеокамера

 


О, информатика, сен қандай ғажап едің,
Сенсіз өткен күндерім азап менің,
Жоғымды интернеттен іздеп тапсам,
Мен сені қалайша жырламаймын,-

деп толғана отырып, кезекті Ертегілер елінде» кезеңіне береміз.  Әрбір команда ертегі кейіпкерлері беріледі.  Сол кейіпкерлерді кірістіріп ертегі құрастыру қажет.

1. Компьютер, Мыстан кемпір, Василиса ханшайым, EMAIL,   Иван ханзада

2. Папа Карло, Буратино, телефон, уай-фай, алтын кілт

Муз үзіліс

Білімдіден шығады білгір маман,
Оқы - тоқы білгенің болмас жаман.
Ақпараттық ғасырың – болашағың,
Ақыл - ойды жинақта міне, соған,-

дегендей сайысымыз осымен мәресіне жетті.
Сайыс қорытындысын жасауға сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз