Бастауыш сынып мұғалімі
жоғары санатты
Юнусова Слухан Матжановна
Сабақтың тақырыбы: Ақкөл жағасында. Әмірхан Абдуллин
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Әмірхан Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» атты шығармасы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы өмірімен таныстыру; мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру. Туған елі, туған тілі туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Отанын сүюге, адамгершілікке тәрбиеленіп, сөздік жұмыс жүргізу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау, дамыту, сұрақ-жауап, әңгімелесу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың оқу-құралдарының түгелдігін бақылап, зейіндерін сабаққа аудару
“5” Болсын алған бағамыз
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер білім көп оқып
Өсе берсін санамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ахмет Байтұрсынұлы «Екі шыбын»
ІІІ Топпен жұмыс
І. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы айту
ІІ. «Екі шыбын» өлеңін жатқа айту
ІІІ. «Екі шыбын» өлеңін сахналау
“...Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық, Жүріңдер, іздеп тауып алалық та! ” Бұл кімнің өлеңі? (Ахмет Байтұрсынұлы)
ІV Жаңа сабақ: Бүгінгі сабағымызда Ә.Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» мәтінімен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді тізбектеп оқыту.
Мәтінде кім туралы айтылған?
А. Байтұрсынов кім?
А.Байтұрсынов туралы мағлұмат.
Ахмет Байтұрсынұлы 5 қазан 1872 жылы Қостанай облысы Жангелді ауданында Сарытүбек ауылында дүниеге келді. Қазақтың ақыны, әдебиет зертеуші ғалымы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20-шы ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш орда өкіметінің мүшесі.
Ахмет Байтұрсынұлының видео фильмі.
Дәптермен жұмыс
Күннің жадын, тақырыпты жазу.
Сөздік жұмыс
Көшір - арба айдаушы;
Ныспы - адам аты-жөні;
Боқжама – қолдан тігілген дорба;
Әуез – құлаққа жағымды дыбыс.
Сергіту сәті
Сұрақ-жауап:
А. Байтұрсынов қайда келді? Мәшен ауылына.
Онда кімдермен кездесті? Балалармен.
Қайда кездесті? Балалар не айтты?
Жұмбақтар мен жаңылтпаштар.
Шығармашылық тапсырмалар;
1-топ Мәшен ауылын суреттейді.
11-топ Жұмбақ жасырады.
111-топ Жаңылтпаштар айтады.
Әңгімеде А.Байтұрсыновтың қандай еңбектері айтылған?
«Әліпби», «Тіл құралы»
Нақыл сөздер:
«Тіліміздің бүлінбей сақталуын тілесек, әуелі, өз ана тілімізде оқып, сонан соң басқа тілді уйренуге тиіспіз» А. Байтұрсынұлы
«Әлем әдебиетіндегі алғашқы жүз кітапты емін-еркін бар бояумен төгілтіп түсіретін тіл-қуатты тіл, қазақ тілі сондай тіл» Н.Ә.Назарбаев
Қорытынды бөлім
Үйге тапсырма
Бағалау
Аяулым
Өте тамаша болған