Өлең, жыр, ақындар

Тоқылдақ. Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

№1 жалпы білім беретін орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі :

Бегенова Әдемі Дюсембекқызы

Сабақ: Ана тілі

Тақырыбы:  Тоқылдақ. Дауысты,дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері

Мақсаты:    Оқушыларға құстардың түрлері мен пайдасы жайлы мағлұмат бере отырып,

                      мәтіннің мазмұнын түсіндіру.Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы

                      жан-жақты ойлауға үйрету.Дауысты,дауыссыз дыбыстардың дыбысталуы

                      мен қолданылуы жайлы мағлұматтарын кеңейте түсу.

                      Оқушылардың ой-өрісін дамыту,сөздік қорын молайту.Сауатты жазуға

                      үйрету.Жазу каллиграфиясын сақтауға төселдіру.Өз ойларын толық жеткізе   

                      алуға үйрету.Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

                      Оқушыларды шапшаңдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Құстарды қорғауға

                      шақыру.

 Көрнекілігі: құстардың,тоқылдақтың суреттері,дауысты,дауыссыз дыбыстар  әріптері

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік,әңгімелеу,талдау-жинақтау әдістері.

 

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

«Айнала күміс қар» өлеңін жаттау. «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу. 10,12-жаттығу.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі

 - Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Сөз неден құралады? Сөйлем неден құралады?т.б. сұрақтар арқылы білімдерін тексеру.

ІҮ.Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын.Жұмбақтың жауабын табу үшін мұқият тыңдап отырыңдар.

     Оқушыларға жұмбақ жасыру: Орманда жоғары,

                                                         Ағашқа қонады.

                                                         Тұмсығын балта етіп,

                                                          Тоқ- тоқ- тоқ соғады.

Құстар туралы,тоқылдақ туралы мәлімет беру.Тоқылдақтың суретін көрсету.

Ү. Жаңа білімді меңгерту кезеңі

1)  Мәтінді мұғалімнің оқуы

2)  Сұрақтар қою арқылы мәтіннің мазмұнын ашу.

3) Оқушыларға оқыту

 Сергіту сәті

-Балалар,дыбыстар нешеге бөлінеді?Дауысты дыбыстардың өзі нешеге бөлінеді?Олар қалай дыбысталады?Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?(тақтадан дыбыстарға байланысты схеманы көрсету)

Ендеше,осы дыбыстарға байланысты жаттығу жұмыстарын жүргіземіз.

11-жаттығу  Өлеңді көшіріп жазып,дауысты дыбыстардың астын сызу.

Дыбыстық талдау жасату.  І қатар құс,ІІ қатар тал,ІІІ қатар ұя сөздеріне.

ҮІ. Сабақты бекіту кезеңі

«Құстарға қамқорлық» ойыны.Оқушыларға тапсырма беру арқылы ұя құрастырту.Құстар туралы тыйым сөздерді айтып,түсіндіре кету.

ҮІ. Қорытынды

Біз бүгін қандай құс туралы өттік?Тоқылдақтың қандай пайдасы бар?Жыл құстарына қай құстар жатады?Дыбыстар нешеге бөлінеді?Дауысты дыбыс дегеніміз не?Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?Олар нешеге  бөлінеді?т.б. сұрақтар арқылы сабақты қорытындылау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі

Тоқылдақ мәтінін мазмұндау. 13-жаттығуды орындау.

ҮІІІ. Бағалау.

 Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтап,ұя таратып беру.

 

 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз