Өлең, жыр, ақындар

40-50 жылдардағы Халықаралық қатынастар

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталып, капиталистік әлем мен социалистік әлем арасындағы басталған бақталастықтың негізінде пайда болған «қырғи қабақ» соғысы туралы түрлі дәйектермен түсіндіру.

Дамытушылық: БҰҰ құрылуы туралы, Потсдам конференциясы туралы видеофильмдер көрсету арқылы өз ойын айтуға; сабақты өздеріне игерту арқылы жылдамдық пен ойлау, қорытынды шғаруға үйрету.

Тәрбиелік: Соғыстың аяқталуы мен нәтижесін баяндау арқылы бейбітшілік өмірді бағалай білуге; бейбітшілікті ту еткен БҰҰ құрылуы туралы түсіндіру арқылы достыққа, бірлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, слайд

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру кезеңі:
 Оқу құралын тексеріп түгелдеу
 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Африка елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі даму белгілері»

Ішке (өзіңе не ұнады, елің, өзіңе нені тілер едің)

Сыртқа (не ұнамады, өзіңе, халқыңа нені тілемер едің)

 

 

 

 

 

 

 

Мамандығымен байланыстыру. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз 40-50 жылдардағы халықаралық қатынастар. Осыған байланысты сенің Африкаға құрлығындағы елдерге қатысты қандай көмек, ұсыныс тастайсың.

ІІІ. Жаңа сабақ: «40-50 жж. халықаралық қатынастар».

Басында мұғалім 1-2 сөйлеммен жалпы мағлұмат береді.

Басты оқиғалар.

1. Ұлы Отан соғысының аяқталуы, Германияның капитуляциясы – 8-9 мамыр 1945 жыл.

2. БҰҰ құрылуы - 1945 жылы 26 маусымда

3. Потсдам конференциясы - 1945 жылдың 4 – шілдесі.

4. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Жапонияның капитуляциясы. 1945 жыл 2 қыркүйек.

5. «Қырғи қабақ »соғыс – 1946 жыл.

6. Маршал жоспары.

7. Кеңес-Финляндия шарты бейбіт қатар өмір сүру принципінің нақты көрінісі – 1948 ж.

8. НАТО -ны құру туралы пактіге қол қойылды - 1949 жылы сәуір.

9. Көптеген елдерде бейбітшілікті қорғау конференциялары мен съездері өтті – 1948-1949 жж.

10. Бағдат пактісі құрылды – 1955 жыл.

Әрі қарай оқушыларға тақырып толық ашылып жазылған парақ үлестіріледі. Оушылар топқа бөлініп парақтан түсінгендерін ватманға түсіріп, әсемдеп қабырға газеті ретінде шығарады. (Осы кезде тақтада Қазақстанның БҰҰ-ғы қызметі туралы видеофильм жүреді.)

40-50 жылдардағы Халықаралық қатынастар

     Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың дамуы жаңаша сипат алды.

    1945 жылы 26 маусымда БҰҰ-ның Жарғысын қабылдаумен әлемдегі ең беделді ұйым БҰҰ құрылды.

   1945 жылдың 4 - шілдесінде Берлин маңындағы Цецилиенхоф сарайында үш державалардың (КСРО, АҚШ және ¥лыбритания) үкімет басшыларының жаңа конференциясы Потсдам конференциясы ашылды. Потсдам конференциясы Еуропада соғыс қорытындысын, негізінен Германияны толық қарусыздандыру, соғыс қаруларын шығаратын өндіріс орындарын толық жою шараларын белгіледі.

   1945 жылы 6 тамызда американ ұшағы атом бомбасын жапондық Хиросима қаласына тастады. Бұл жарылыс үлкен қасіреттерге әклді: Хиросиманың күрылысының 90 пайызы өртелді, лезде 90 мың адам көз жұмды; 10 мыңдай адам кейін жарақаттардан және радиоактивті сәулелерден өлді. Бұл атом бомбасының бірінші жарылысынан кейін, адамзат «атом дәуіріне» аяқ басты. 9 тамызда американ авиациясы Жапонияға екінші атом бомбасын түсірді - ол Жапониядағы ірі ірі сауда портты қаласы, Кюсю аралында батысында орналасқан Нагасаки қаласы еді. Бұл жарылыстын салдарынан қаланың 1/3 -і қирап, 75 мыңға жуық адам қаза болып және жараланды. Сонымен 400 мың адам радиоактивтік сәулелер кесірінен өлімге ұшырады.

   Осы басталған атом бомбасынан алғаш болып бас тартқан біздің Қазақстан Республикасы. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен 1991 жылы Семей палигонын жабу туралы шешім шықты.

1945 жылы 2 қыркүйекте Токшилик бұғазындағы американ «Миссури» пинкорда одақтық әскерлердің жоғарғы басқарушысының     өкілдігімен американдық генерал Макартурдың басшылығымен Жапонияның капитулляциясы туралы актіге қол қойылды. Бұл оқиғаның болуымен екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыстың барысында фашизм толық түрде күйреді. Фашистік агрессорлар капитуляцияланды, ал АҚШ бұл соғыстан кейін мықты, күшейген мемлекет ретінде орнықты. истік партияларға тиым салынды, фашистік идеология сынауға алынды. Бұрынғы ірі елдер арасынан екі алып мемлекет – АҚШ пен КСРО ерекше орынға көтеріліп, шешуші күшке айналды. Халықаралық сахнада шиеленістер барған сайын өрши түсіп, ядролық соғыс қаупін туғызды. Шиеленістердің шығу табиғаты әртүрлі болғанымен, негізгісі КСРО мен АҚШ арасындағы дүниежүзіне жеке-дара билік жүргізу жолындағы бақталастыққа байланысты еді. КСРО басшылары социалистік құрылысты басқа елдерге күшпен таңып, өз ықпалын әлемге таратпақ болды. Ең алдымен бұл саясат кеңес  құрамындағы Еуропа және Азия елдерінде жүргізілді. Олар социалистік лагерь деп аталды. Батыс елдері АҚШ-тың басшылығымен қарама-қарсы  капиталистік лагерь құрды. Екі топ арасындағы талас «қырғиқабақ соғыс» өртін тұтандырып, ол неше дүркін ашық қантөгіс соғысқа әкеліп тіреді. . Соғыс аяқталысымен - ақ, КСРО жаппай қарусыздану туралы мәселені қайтадан қойды. Ең басты атом қаруына тыйым салу және жою талабы болды. Екі ел арасындағы тату көршілік қарым - қатынастардың берік негіздерін қалаған Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы 1948 жылы жасалған Кеңес-Финляндия шарты бейбіт қатар өмір сүру принципінің нақты көрінісі болды.

    Америка империализмі Еуропаның қауіпсіздігін камтамасыз ету деген желеумен, КСРО -ға және басқа социалистік елдерге таяу орналасқан Греция және Туркияны өзінің қамалына айнандыруды ұйғарды. Осы мақсатпен 1947 жылы АҚШ Греция мен Туркияға 400 млн доллар көлемінде көмек берді. АҚШ президенті Трумэннің қатысуымен Фултонда (АҚШ) сөйлеген Черчилльдің антикеңестік сөзі және «Трумэн доктринасы» деп аталған көмек бағдарламасы КСРО -ға және басқа да социалистік мемлекеттерге қарсы «қырғиқабақ соғыстың» басталғанын хабарлады. «Маршалл жоспарын» жүзеге асыру Еуропа елдерінің - Америка көмегін алушылардың ішкі істеріне АҚШ- тың қол сұғуына қолайлы жағдай жасады. Социалистік достық одаққа қарсы бағытталған агрессиялық блоктың экономикалық негізі жасалды. «Маршалл жоспарына» қатысушы елдердің көпшілігі 1949 жылы сәуірде томаға- тұйық агрессиялық әскери топ - НАТО -ны құру туралы пактіге қол қойды. АҚШ, Канада; Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды; Люксембург, Норвегия, Дания, Исландия, Португалия НАТО-ға мүше болды. 1952 жылы НАТО -ға Греция және Туркия, ал 1955 жылы Германия Федерациялық Республикасы кірді. 1982 жылы Испания НАТО -ға мүше болды.

Соғыс қаупінің дамуы бейбітшілікті қорғаудың қажеттілігін жете түсінетін миллиондаған адамдарды қозғалысқа итермеледі. 1948-1949 жылдары көптеген елдерде бейбітшілікті қорғау конференциялары мен съездері өтті, бейбітшілік жолындағы күрескерлердің ұлттық комитеттері құрылды. 1949 жылы көктемде Бейбітшілікті жақтаушылардың бүкіл дүниежүзілік 1- конгресі болды. Америка империализмі «коммунизм қатерінен»қорғану деген жалған желеуді бетке ұстап, Ұлыбритания мен Францияның билеуші топтарының қатысуымен бірқатар елдерді агрессиялық блокқа тартты. 1951 жылы АНЗЮС -Австралия, Жаңа Зеландиямен АҚШ қосылған әскери блок пайда болды (блок оған қатысушы елдер атының бас әріптері бойынша атанды). 1954 жылы Оңтүстік -Шығыс Азияда агрессиялық блок - СЕАТО - Оңтүстік - Шығыс Азия шарты ұйымы) құрылды. Оған АҚШ, Ұлыбртания, Франция, Австралия, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Тайланд және Филиппин қатысты. 1955 жылы құрамына Ұлыбритания, Түркия, Ирак, Пәкістан және Иран енген тағы бір әскери топ құрылды. Алғашқыда бұл блок Бағдат пактісі деп атады.

ІҮ. Сабақты бекіту:

I.  Сөйлемді жалғастырып, оқиғаны аяқта

1.  8-9 мамыр 1945 жылы............

2. БҰҰ құрылуы.................

3.1945 жылдың 4 – шілдесінде........

4. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталу, Жапонияның капитуляциясы.......                

5. «Қырғи қабақ »соғыс басталды.............

6. Маршал жоспары дегеніміз............

7. НАТО -ны құру туралы пактіге қол қойылды .........

8.1948-1949 жылдары.............

II.  Рефлексия.

  - Сіздерге бүгінгі сабақта не ұнады?

  - Не ұнамады?

Ү. Бағалау:

VI. Үйге тапсырма: БАҚ арқылы «40-50 жылдардағы халықаралық қатынастар» тақырыбына бойынша жаңа деректер жинау.


Пікірлер (3)

Айбар

Жақсы екен маған ұнады

Белла

Кандай əдебиеттен алган

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз