Қаражұманова Ақық Нәбиқызы
Мамлют қазақ мектеп-интернаты
Мамлют ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: «М.Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңін талдау»
Мақсаты: Ақын өлеңі арқылы қазіргі жастарға ескінің көзі - шолпының маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері:
Білімділік: Мағжан атамның рухымен сырласа отырып, оның ұлттық құндылық екенін,қазіргі заман жастарына маңыздылығы Дамытушылық : .Өлеңді талдау, мағынасын анықтап зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Тәрбиелік: Шолпының тәрбиелік мәнін ұғыну
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау және пиза стратегиялары
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайдтар, өлеңдер жинақтары.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих
Сабақтың эпиграфы:
“Шолпының қасиеті, қазіргі заман жастарына берер тәрбиесі қандай?”
Сабақтың барысы:
I . Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты үш топқа бөлу, сабақтың ерекшелігіне қарай « Әдебиеттанушылар», «Дизайнерлер», «Қоғамтанушылар»
«Миға шабуыл» стратегиясы баяндау әдісі арқылы қызығушылық ояту.
Бірінші топ:
Жанр мен тегін, стилін анықтайды.
Екінші топ:
Осындай бұйымды насихаттау, жаңа үлгісі.
Үшініші топ:
Шығарманың тақырыбы мен идеясын ашады.
Кезеңдері:
кең мағынасындағы әдеби дәстүр жалғастығын ескеруде.
Дыбыстық бейнелеу жасайды. Көлемді прозалық шығармада қыздың мінезін, іс-әрекетін, бейнелеген.
А.Құнанбаевтың «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңінде Абай қыздың бұрымына сән беретін сыңғырлаған шолпы екенін тап басып, дәл көрсеткен. Ақын Тоғжанның портретін бейнелегенде, оның шолпысының сылдыры жүрегін толқытқанын жазады.
1 .Авторы: М.Жұмабаев.
2.Тақырып: Махаббат лирикасында жазылған ақынның іңкәрлік сезімі.
3.Жанр түрі: өлең.
4. Идеясы: Ақынның сезімі, сол арқылы қазақ қызының шолпысының сыңғыры әлі күнге дейінге сақталып қалса ғой деген үміті.
5. Бұл өлең – 5 шумақты.
6. Өлеңде 20 тармақ
7. Бунақ саны 3-4.
8. Өлең аралас буынды.
9. Ұйқас түрі: өлеңде 4 шумағы қара өлең ұйқасына құрылған (а-а-б-а) , 5 шумақ шұбыртпалы ұйқас. (а-а-а-а)
10. Әдеби теориялық ұғымдар. Қайталау: Сылдыр, сылдыр сөздері , Символ: қанымды қайнатты, өзекті өртеді, жүректі жандырды, Аллитерация бар.
11. Өлеңнің негізгі түйіні,тәрбиелік мәні: бұл өлең арқылы әр адам өзінің іңкәр сезімін білдіріп, шолпы арқылы қазақ қыздарының әдебі жақсаруы, қазақшылыққа шақыруы байқалады.
| Күшті жақтары Мағжан Жұмабаев «Шолпы» атты өлеңінде адамға тән ұлы сезімді түсінуге шақырады; Өлеңде қазақ қызының бойына жарасқан әшекей бұйымдарының бірі – шолпының дыбысына көңіл бөліп, таза шынайы суреттеуі байқалады; Ескінің көзін жаңарту мақсатымен, қыз баланың тәрбиесін жоғары ұстау көзделеді | Әлсіз жақтары Қазіргі қыздар шолпы бұйымы туралы білмейді Қазіргі қыздардың тәрбие мәселесі төмен деңгейде болып тұр | 
| Төнетін қауіп Қазіргі жастар ұлттық рухани құндылығымызды ұмытып қалуы мүмкін Қыз балалардың тәрбиесінің деңгейі түсіп қалып, өзгеруі мүмкін | Шешу жолдары Әрқашан ұлттық рухани құндылығымызды айтып, еске түсіріп, жастардың білуін қадағалау керек Тәрбиеге ерекше көңіл бөліп, көп мән беру керек . | 
Рефлексия.
Қорытынды жасау. Инсерт кестесі
| Білемін | Білдім | Білгім келеді | 
| 
 | 
 | 
 | 
Әр топ бір-біріне смайликтар сыйлайды, стикерлермен құрбыларын бағалайды.
Үй тапсырмасы. Тақырып бойынша эссе жазу.
-
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі